Он бір буынды өлең. Бас бунағы үш буыннан да, төрттен де келе беретін әйгілі қара өлең өлшемі. Қазақ өлеңі көбінесе он бір буынды болып келеді.
Он буынды өлең. Мақал-мәтел, ақыл-нақылдарда жиі ұшы- райды. Қ.Аманжоловтың «Дариға, сол қызы» он буынды өлең үлгісінде жазылған: Сапырды дауыл,/ тебіренді теңіз.
Тоғыз буынды өлеңде әр бунақ үш буыннан тұрады: Жолдағы /төбелер /жоғалды,
Көк орман /күзетті/ арнаны. Сарқырап / өмірге / жол алды /,
Халықтың / қашанғы / арманы. (Х.Ерғалиев)
Сегіз буынды өлеңнің тамаша үлгілері ауыз әдебиетінде бар. Сонымен қатар ол қазіргі қазақ поэзиясында да жиі қол-
данылады. Мысалы, М.Мақатаевтың біраз өлеңдері осы үлгіде жазылған.
Айтатын саған/ /сырым бұл/ Ертеңім менің/ /бұлыңғыр/. Әлсіреп, дымым/ /құрып жүр/
Жеті буынды өлең - байырғы қазақ жырының негізгі өлшемі.
Алты буынды өлең.
/ Жүргенге/ жол жақсы /
/Қалғанға / үй жақсы /
/Мен сәлем / жазамын /
/Қарағым / қалқама/
/Қайғыңнан / азамын /
/Барушы / айтамын /.
Аралас буынды өлең. «Сегіз аяқ», «Қатыны мен Масақбай»,
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б.
Өлең сөздің, поэзияның басты шарттарының бірі – ұйқас. Ұйқас - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас поэзияның негізгі элементі, ажы- рамас бірлігі болып табылады. Ұйқас өлеңдегі дыбыспен, ырғақ- пен, лексикамен, интонациямен, синтаксиспен, тармақпен байла- нысты. Өлеңде ой мен бейнеліліктің егіз үйлесімі ырғақ пен ұйқас арқылы жүзеге асады. Ұйқас сөздің мәні мен мағынасын арттырып, өлеңнің есте жақсы сақталу үшін, адам жанына не- ғұрлым терең, әсерлі жету үшін керек. Академик Қ.Жұмалиев қа- зақ поэзиясында ұйқас түрлерінің мол екендігін айта келіп, ең өнімді ұйқастарды төмендегіше жіктейді: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқас- тар1.
Ұйқас – жекелеген дауысты немесе дауыссыз дыбыстар- дың жай қайталануы ғана емес, кейде бір, көбінесе бірнеше буындардың үйлесімді қайталануы, үндесуі. З.Ахметовтің сөзімен айтсақ, «өлең ұйқасы бір-бірімен қиыстырылған сөздер- дегі бір не бірнеше өзара сәйкес буынның дыбыс үндестігінен
1 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1960. 183-б.
туады»1. Силлабикалық өлең жүйесіне негізделген қазақ өлеңін- де бір-бірімен ұйқасатын, үндесетін сөздердің буындары да бір- біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Ұйқас тек ұйқас үшін ғана алынбай, өлеңнің пішініне емес, мазмұнына қызмет етуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |