Аңдату – грек тілінен енген сөз – алғы сөз деген мағынаны береді. Әдеби шығарманың беташаары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлім.
Аңыз - әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен айырмасы аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған оқшау оқиға жатады. Тарихи адамдарға қатысты да шығарылады. Мысалы, Асан қайғы, Қорқыт туралы аңыздар.
Аралас буынды өлшем – қазақ поэзиясында ұзынды-қысқалы әр түрлі тармақтар шумақ ішінде белгілі тәртіппен реттеліп келетін өлең өрнегі.
Архитектоника – грек тілінен енген сөз - әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесемділігі.
Аполог – грек тілінен енген сөз – баяндау, мысалдау деген мағынаны береді.Ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді астарлы әңгіме. Өлең түріндеде жиі ұшырасады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, аполог – шығыста пайда болып, мысал жанрының қалыптасуына ықпалын тигізген үлгі.
Ассонанс – латын тілінен енген сөз – үйлесім деген мағынаны береді. Өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек – кестесіне ажар айшық қосады.
Әдеби (көркемдік) әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Әдеби әдіс
– уақыттың көркемдік концепциясы.
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сапалы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына жинап, үздіксіз сіңіріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |