Мәдени-тарихи әдісті 1860 жылдары И.Тэн жасады. Осы әдісті ұстанған ғалымдар: И.Тэн, Г.Брандес, Г.Гетнер, Ресейде - А.Н.Пыпин, Н.С.Тихонравов т.б. мәдени-тарихи мектеп қалып- тастырды. Мәдени-тарихи мектептің басты ұстанымы – тари-
хилық. Оны әдіс ретінде таныды. Көркем шығарманы халық өмірінің түрлі тарихи кезеңдердегі «рухының» көрінісі деп қа- былдады. Екінші белгісі - әдеби шығармаларды генетикалық тұр- ғыда зерттеу.
Ол жеке шығармаларды әдеби талдау арқылы емес, мә- дениетті қалыптастырған үш заңның: «нәсілдің» (ұлттық табиғи
«темперамент»), «ортаның» (табиғат, ауа-райы, әлеуметтік жағдай), «кезеңнің» (мәдени деңгей мен салт-дәстүр) қатаң әсері негізінде тұтастай әдеби туындыларды талдаудан, қорытудан тұрды. И.Тэн «Ағылшын әдебиетінің тарихы» еңбегінде ғылым салаларының бірлігі туралы тезисті басшылыққа ала отырып, қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде жаратылыстану ғылымы- ның әдістерін қолданды, көркем шығарма мен биологиялық ор- ганизм арасында аналогия орнатты. ХХ ғасырда мәдени-тарихи мектеп ыдырай бастады, алайда оның методологиялық ұстаным- дары көптеген ғалымдарға әсер етті.
ХІХ ғ. соңында тарихи-салыстырмалы әдіс бекіді. Ол көр- кемдiк дүниенiң қозғалысы мен дамуын зерттейтiн методология- лық әдiс болды. Қазіргі кезде осы әдіске негізделген компарати- вистика жаңаша түлеу, даму сатысында. Бұл әдісті тарихи-са- лыстырмалы мектептің, компоративизмнің өкілдері ұсынды. Компаративизм (латынша сomparativus - салыстырмалы) әде- биеттегі жалпы және ерекше құбылыстарды айқындап, ондағы даму заңдылықтарын айқындайды. Ол түрлі елдердің әдебие- тіндегі жақындық пен ұқсастықтарға, әдеби байланыстарға назар аударып, идеялар мен образдарды, характер мен сюжеттерді салыстырады және әдебиеттің өзара байланысын әлемдік әде- биет арнасындағы құбылыс деп санайды. Компаративизм бірне- ше әдістерді ұсынды: салыстырмалы әдіс (әр текті әдеби құбы- лыстарды салыстыра отырып, табиғатын ашу), тарихи-типоло- гиялық салыстыру (даму жағдайлары ұқсас, алайда шығу тегі жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи- генетикалық салыстыру (құбылыстың ұқсастығы олардың шығу тегі жағынан жақындығының нәтижесі деп санайды).
Теодор Бенфей ұсынған миграциялық теория бойынша ежелгі үнділік прозалық мысалдарының жинағында «Панча- тантры» сюжет мотивтерінің басқа Еуропа халықтарының әде-
биеттерімен ұқсастығын көрді. «Ұқсастықтар теориясын» («Тео- рия заимствований») жасап, бір әдебиеттің екінші әдебиетке ық- палы, әсері болады деп түйді. Ресейде А.Веселовский, Миллер, Батюшков болды. А.Н.Веселовский тарихи-салыстырмалы әдіс- тің нәтижелеріне сүйене отырып, тарихи поэтика идеясын жаса- ды. Т.Бенфейдің «көшпелі сюжет теориясы» бойынша Индиядан, Ираннан, араб елдерінен, яғни шығыс әдебиетінен батыс әдебиетіне сюжеттер енді. Тарихи-салыстырмалы әдіс өкiлдерi дәстүр теориясын қалыптасқан сюжеттік мотивтерден ғана шығарып, әдеби ықпалды дәріптеп, әдебиеттің ұлттық ық- палын ескермей, космополитизмге бой ұрды. Олардың басты кемшілігі – ұқсас сюжет пен оқиғаларды, образдарды схема тү- рінде қарап, нақтылы тарихи жағдайды, әдебиеттің ұлттық, ха- лықтық сипатын ескере бермеді. Әртүрлі дәуірлер мен халықтар әдебиетінің құбылыстарын өзара ұқсас қайталаулар деп санау шығарманың танымдық мәнін жеткілікті дәрежеде бағаламауға алып келді.
ХХ ғасырдың басында 1910-20 жылдары әдебиеттануға социологиялық әдіс үлкен ықпалын тигізді. Ол әдебиетті марксизм ілімінің аясында қарастырып, әдеби құбылыстарды әлеуметтік процестердің жемісі деп таныды. В.Ф.Переверзевтің айтуынша әдеби шығарма жазушы қиялының, ойының жемісі емес, ол болмыстан туады (қоғамдық топтың психоидеологиясы деп түсіндірілді), сондықтан ғалымға әдеби фактіні тудырған
«әлеуметтік ортаны» зерделеу қажет. ХХ ғ. басындағы социо- лог-әдебиеттанушылар әдебиеттің таптығы ұғымына көп сүйен- ді. Бұл әдісті тұрпайыландыру («тұрпайы социологизм») әде- биеттану дамуындағы дағдарысқа, тұйыққа әкелді.
Орыс әдебиеттанушылары (Ю.Н.Тынянов, В.Б.Шкловский және т.б.) ұсынған формализм әдеби шығарманың пішінін маз- мұннан бөліп алып зерттеуді басты мәселе деп таныды. Көркем форма әдебиеттің спецификасын анықтайтын негізгі категория ретінде қарастырылды. ХХ ғ. басындағы формализм мектебі (В.Б.Шкловский, Р.О.Якобсон, Б.М.Эйхенбаум, Г.О.Винокур, В.М.Жирмунский) көркем тілдің теориясын, арнайы терминоло- гиясын жасады. Олардың жаңалықтары әдебиеттанудың кейінгі дамуына ықпал етті. Бұл салада көркем тілді әдеби нормадағы
тілмен ғана емес, жалпыхалықтық тілмен сабақтастықта зертте- ген В.В.Виноградовтың еңбегі ерекше еді. Олар лингвистиканы бағдар тұтты. Осының негізінде 1930-1940 жылдары «жаңа сын», кейінірек «структуралистік» мектеп қалыптасты. Мұнда зерттеу- дің сандық көрсеткіштері кеңінен қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |