Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет67/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының даму тарихының жинағы.
Классицизм - (лат. үлгілі) Еуропа әдебиеті мен өнерінде 16-17 ғасырлар белесінде дамыған көркемдік стиль мен эстетикалық бағыт. Классицистер антика өнерінің озық үлгілерін, антика теоретиктері (ең алдымен Аристотель мен Гораций) белгілеген нормаларды бағдар тұтты. Классицизмнің тууы негізінен Еуропада абсолюттік монархияның дәуірлеуімен тығыз байланысты болды. Қоғамдағы осы хал әдебиетке де әсер етті.
Катарсис – (грекше catarsis тазару), антика философиясында, медицинасында, эстетикасында қолданыс тапқан ұғым. Адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым.
Кекесін (ирония) – жорта ойлау, алдау – сөзді тура мағынада айтылғандай қолдана отырып, бірақ оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтіп ойды жеңіл әзіл-қалжыңмен жеткізу тәсілі.
Композиция – сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыстырушы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық
бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға
– бағындыру.
Конфликт (лат. Conflictus қақтығыс) – қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің, мақсаттардың қақтығысы. Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, бір-біріне кереғар құбылыстардың, адам өміріндегі түрліше қарама-қарсылықтардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Көркем шығармада оқиғаға қатысушы бейнелердің қарама-қарсы іс-әрекет, қимылын тартыс деп атайды.
Комедия – (гр.- күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, мнездегі мінді сықақтап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса. Мұнда да Дионис құдайына арналған мерекедегідей өлген «текенің» қайта тірілуін көне гректер енді комедиямен (комос – көңілді топ, одэ - ән), көңілді ән, қызық би, күлдіргі ойындармен құттықтаған. Комедияның атасы – Аристафан. Б.э.д бесінші- төртінші ғасырларда өмір сүрген оның «Салтаттылар», «Бұлттар»,
«Бақалар» комедияларының бәрінде қоғамның саяси-әлеуметтік өміріндегі келеңсіз құбылыстар сыналған. Мольердің «Тартюфі», «Сараңы», Грибоедовтың «Ақылдың қайғысы», т.б. Комедия классицизм кезінде өте жоғары өрістеді. Комедия күші күлкіде, күлкінің күші шынайылықта жатады.
Көркемдік қиял – көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету қабілеті. Романтизм эстетикасында ерекше орын алады. Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестігіне негізделеді.
Лейтмотив (нем. Leitmotiv, тікелей ауд. басты сарын) – әдебиеттануға музыкадан келген термин. Кең мағынасында – шығармашылықтың, бағыттың, шығарманың негізгі идеялық және эмоциялық әуені, басты тақырыбы, басым көңіл-күй.
Лирика – (ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) – шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Ақынның жалт еткен нұрлы ойы, жарқ етіп көрінген ішкі дүниесі лирикадан көрініс береді. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Лирикада мінез болады. әр халықтың лирикалық өлеңі ауыз әдебиетінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет