Әдепкі қайталау – анафора – (грекше – биікке шығару)- Мұнда өлеңнің әрбір жолы не ой ағымы бір сөзденбасталып отырады.
Әңгіме – қысқа жазылатын, жинақы, икемді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі.
Баллада – француз тілінен енген сөз – би, ән деген мағынаны білдіреді.
Поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең.
Баяндаушы бейнесі - әдеби шығармада оқиғаны әңгімелеп айтушы, сол оқиғаға қалайда қатысы бар, болған жағдайларда өз көзімен көрген адамның тұлғасы.
Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метофора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Баян – Шығыс славян мифологиясында ұшырасады. Жыршы-ақын деген мағынаны береді.
Бахшы – түркімен фольклорын жасаушылардың байырғы өкілі, ел аралап, күй шалып, жыр айтатын өнер иесі.
Бәдік – ауру адамды, малды емдеу мақсатында он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылған ғұрып сөздерінің бір түрі. Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ фольклорында кездеседі.
Бәйіт – араб тілінен енген сөз – шатыр деген мағынаны береді. Қос тармақты өлең шумағы, өлеңнің ырғақтық негізі бір тармақ емес, қостармақ деп саналады.
Библиография –көркем әдебиеттің өзіне тән және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, сілтеме, шолулар жиынтығы.
Бүкпелеу – айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, емеурінмен танытып, қысқаша қайыру, іркіліп сөйлеу немесе сыпайылап ишаратпен аңдату үшін қолданылатын стильдік тәсіл.
Глосса – грек тілінен енген сөз – тіл деген мағынаны білдіреді. Антик дәуір терминологиясы бойынша – архаизмдер, диалектизмдер және оларға түсініктеме беру.
Градация (латын. біртіндеп көтеру) яғни, дамыту - алдыңғы ойдан кейінгі ойды, алдыңғы сөзден кейінгі сөзді асырып, күшейтіп айту, біртіндеп асқақтата суреттеу. Сөздердің мағыналарын біртіндеп күшейте дамыту. Осындай стилистикалық градациямен қатар кейде дамытудың сюжеттік (эпизодтардың рет-ретімен күшейе дамуы) және композициялық түрлерін де ажыратады.
Гротеск (французша «таңғажайып, өзгеше» деген мағына білдіреді) - шынайы, нақтылы өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні, т. б .шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі
Дамыту – градация – (латынша – бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Декламация – (тақпақтау) – көркем шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқу, тақпақтап айту. Антикалық дәуірде шешендік өнер дәстүріне сәйкес салтанатты сөздерді солай атаса, бүгінде өлеңді тақпақтап оқуды, не жаттап мәнерлеп айтуды декламация дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |