Әдеби жанр (фр. – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма. 2) Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, комедия, ода т.б.
Әдеби үдеріс - әдебиеттанудың, поэтика мен эстетиканың бәріне ортақ көркемдік категориясы. Әдеби үдеріс көркемдік әлемінің қозғалысы мен дамуын зерттейді.
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра- халықтың әртүрлі тарихи
кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік жағдайының, тілдік, эстетикалық қоғамының айғағы.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық- көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Сын әдебиеттің тарихы мен және теориясы мен тығыз байланысты.
Әдебиет – арабша сөз өнері асыл сөз деген сөзден шыққан, ал орысша литература деген атау латынның әріп,жазу–сызу деген мағыналы сөзінен тарайды.
Әдебиет тарихы - әр халық әдебиетінің тарихи қалыптасу тұрғысын, тарихи даму дәуірлерін, ондағы әдеби бағыт, ағымдарды, әдебиеттің дамуына үлес қосқан шығармашылық иелерінің әдеби мұраларын зерттейді.
Әдеби шығарма тілі – көркем әдебиет шығармаларының тілі, өмір шындығын, бейнелеуші, әйгілеуші, мәнездеуші. Әдеби шығарма тілі – поэзиялық яки прозалық шығарманың тілі, сондықтан оның поэтикалық құрылымы осы өзгешелікке де байланысты болады. Мәселен, прозаның тілі поэзия тіліне қарағанда оралымды, көп қабатты, әсіресе кейіпкер тілінің ерекшеліктерін көрсету мүмкіндігі зор деп есептелінеді.
Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттің болмыс – бітімін, әдеби туындысының сыр –сипатын, әдеби даму заңдылықтарын айқындайды.
Әдемілік, әсемдік – эстетикада қолданылатын негізгі бір ғылыми ұғым, ғылыми категория, өмір-болмыстағы, көркем өнердегі адамның эстетикалық биік талғамына толық сәйкестік танытып, эстетикалық ләззат беретін нәрселер, құбылыстар деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |