Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Ойдан шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша 
өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде 
әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Яғни шығармада 
суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау 
тәсілі.
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасында образ – 
суретті сөз. 
Күлімсіреп аспан тұр 
Жерге ойлантып әр нені.
(Абай) 



Жалғыз басты жаратқан 
Жатыр ма екен ұн елеп, 
Қылаң аспан тараптан 
Қар түседі себелеп. 
Аппақ болып шұбарлар, 
Адыр жатыр дөңкиіп. 
Шыға келген шынарлар 
Шолақ етек тон киіп... 
Мың көрсең де ажарын, 
Өте алмайсың қарамай. 
Қара тасты қақ жарып 
Қаптап өскен қарағай. 
Желіндері сыздаған, 
Бие бұлттар бір табын. 
Душқа түсіп мұздаған, 
Дір-дір етіп тұр талы.
(Қ.Мырза Әли) 
Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп 
кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз. 
Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, 
образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі 
суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды 
жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Жинақтау 
Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау 
әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.
Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы 
тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай 
талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған 
көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын 
емес, тірі мүсін - прототип. 
Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір 
шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, 
әр типке прототипп табудан басталғанын байқауға болады. М. Әуезовтың әр 
типінің өмірде прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының төркіні 
Амангелді және т.б.
Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек 
өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үшін талғампаздық керек.
М. Әуезов талғампаздық туралы былай дейді: «Төрт том «Абай жолы» 
үшін жинақтап, жинап және сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл 
осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды».
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ 
образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның 
ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ 
психикалық ерекшеліктері болуы шарт.


10 
Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған 
қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мысалы,
Ғ. Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін 
кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады.
Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні 
бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем 
суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский.
Типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. 
Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың , бір кедейдің 
образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. 
Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, әбден 
дараланған, мінез құлқы, іс-әректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұл ретте 
Құнанбай - жалқы тұлға. Сонымен бірге, ол әбден жинақталған, сол дәуірдегі 
өмір кешкен бай-шонжарлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет, бар. Бұл ретте 
Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы 
өзгешеліктерінің жиынтығы. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап 
отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға 
болады. Мысалы, М.Әуезовтің Абай бейнесі арқылы қазақ қоғамындығы 
жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады.
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. 
Образ осылай туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет