Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


мінезін біліп, сөзін естумен қатар оның сырт пішінің, кескін-кейпін де



Pdf көрінісі
бет10/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

мінезін біліп, сөзін естумен қатар оның сырт пішінің, кескін-кейпін де 
көргісі келеді. Портрет тәсілі осыдан туады. Сөз өнеріндегі портрет, ол – 
бір қалыпты қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі 
кескін: «Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі
қысқалау мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық 
қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында 
өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның 
күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады» (М. Әуезов 
«Қорғансыздың күні»).
Мұнда бейне, келбет әр күйге бір түсіп, біздің көз алдымызда құбылып 
тұр. Кейіпкердің сырт пішінінің өзінен-ақ ішкі мінезін аңғарамыз. Портрет те 
образ жасаудың өзгеше бір тәсілі, жолы, амалы. Бұған да айрықша суреткерлік, 
шеберлік керек. Портретте адамның анатомиясы түгел қамтылуы шарт емес, 
тек бір ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық сурттелгені жөн. Сонда 
ғана портрет ұтымды шығады: «Оның беті теріге тапшы болатын, сондықтан 
көзін ашу үшін аузын жабуы, аузын ашу үшін көзін жұмуы керек еді» (А. 
Чехов). 
Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністері де (пейзаж) 
адам образын толықтыра түсетін тәсіл деуге болады. Өйткені адамның сыры 
мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж 
болмайды: «Кешкі ымырт тез тұтасып,төңірек тұнжырай бастады. Еламан 
ертең болмаса, ауды бүгін басқа жерге аударып салуға үлгере алмасын білді. 
Шынында, бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың біріне иек 
сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбыла бет тұтас қызарып, жел жыртып дода-
додасы шыққан бұлт батар күннің шапағатына бауырын бояп алаулап атты». 
(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы)
?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет