Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Әдебиеттегі адамның ішкі бітімін оның өзін сөйлету арқылы да



Pdf көрінісі
бет9/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Әдебиеттегі адамның ішкі бітімін оның өзін сөйлету арқылы да 
ашуға болады. Әркімнің сөзі арқылы өзін танимыз. Мысалы, Б. Майлиннің 
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» деген әңгімесіндегі Дайрабайдың 
сөзінен-ақ оның қандай адам екенін танып-білеміз: 
«-Менің сұрауым бар, -деп түксиген қара кісі орнынан ұшып тұрды. 
Елтірі қара тымақты партаға алып ұрды. Бұл Дайрабай еді. 
-Ya, жолдас,“Көк сиырдың дауы» деп жұрт күлер. Жұртқа күлкі 
болғанмен маған күлкі емес, мен жолсыз істі айтпай тұра алмаймын. 
Жүздерін жырта-жырта айтамын!-деп бастады Дайрабай. 
-Апырым-ay, енді сөйлейін де...“Ерік» дегені қайда осы? Өкіл жолдас, 
мыналарға айтсаңызшы: сөзімді бөлмесін, -деп Дайрабай бұрынғыдан да ашуға 
мінді».
Демек, бұл да әдеби шығармадағы адам мінезін жасаудың, типтік тұлға 
қалыптастырудың тағы бір әсем тәсілі. 
Жоғарыда аталған тәсілдердің барлығы да бірін-бірі толықтырып, бірінен 
бірі туып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер. 
Бұлармен қатар көркем шығармада адамның қымыл-әрекеті 
суреттеледі. Олар да ұштасулар, жалғасулар, тұтасулар арқылы көрсетіледі. 
Жазушы өз кейіпкерінің қимылын жеке-дара алмай, оның сөйлеген сөзімен 
ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) 
білдіргенде, оқырман бұл кейіпкердің кім екенін, қандай мінез-құлықтың адамы 
екенін бірден біліп алады: «Олар далаға шыққанда түйенің жарты етіндей 
біреудің шайдан қалған суды төбесінен төмен қарай сарылдатып құйып 
тұрғанын көріп, әрі сасқаннан,әрі қорыққаннан жүректері көмейлеріне 
кептеліп, үн шығара алмай қалды. Бейтаныстың қаперіне дәнеме де кіріп 
шығатын емес.Киім атаулыдан үстінде әбүрійін жасырып тұрған бір 
жапырақ қана көк шүберегі бар.Суды асықпай құйып болып, басын рақаттана 
шайқайды да, күнге қара қайыстай денесін алақанымен шапаттап қойды. Осы 
шайлада біреу-міреу бар-ay, иесі көрсе ыңғайсыз болмас па екен деп ойлау жоқ, 
теріс қарап тұрған бойы шелекті иілместен жерге тастай салды да, 
құлқайырға іліп қойған дағарадай ши қалпағын алып басына киді.Екі иығына 
екі кісі малдас құрып отырардай арбиған неме екен, осы бетімен ішке кірмек 
болса, шайланы мойнына іліп кететін түрі бар». (Д.Исабеков «Дермене» 
повесі) 
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр 
алуан. Жазушы тек шын мәніндегі шебер болса, сонда ол қолданған әрбір амал 
адам образын ашуға қызмет етеді.


12 
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін де (портретін)
осы тұрғыдан түсіну керек. Оқырман көркем шығармадағы кейіпкерлердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет