36
Жалғыз өзі тұрды бойлап:
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге. (Қ. Аманжолов)
Қазақ тіліндегі эпитеттер мен басқа тілдердегі эпитеттердің жасалыну
жолдарының
негізі бір десек, теңеудің бірлік жағы да,
кейбір тілдегі
теңеулердің
жасалуынан,
мысалы,
орыс
тілімен
салыстырғанда,
айырмашылығы бар.
Орыс
тіліндегі теңеулер как, так, точно, будто, подобно, что арқылы
жасалынатыны тәрізді,
қазақта да кейбір теңеулер тәрізді, секілді, сияқты
деген сөздер арқылы жасалынады. Бірақ,
орыс тілінде теңеудің бәрі
творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл бізде жоқ. Бізде мүның орнына
теңеудің өзіне тән белгілі жүрнақтары бар.
Белгісіз нәрсені, жұртқа мәлім белгілі
нәрселерге салыстыру арқылы
көзге елестету осы жұрнақтар арқылы орындалады ( -тай, -тей, -дайын, -дейін, -
ша, -ше, -дай жұрнағына сәйкес келетін «-мын»). Мысалы, дәстүрлі теңеу:
Қауіпті co бір қарсаңда
Бір өтер,
Мүмкін, екі өтер.
Болаттай берік болсаң да,
Үшіншісінде әкетер.
Өзіндік немесе авторлық теңеулер. Мысалы:
Жастық қалды көз ұшында булдырап.
Жетті елуім...
Жеңіл емес бұл бірақ.
Қыр басынан құлап кеткен күбідей
Қалған күндер қалады енді құлдырап!...
Сын есім теңеулер. Мысалы:
Қармысың?
Достарыңызбен бөлісу: