38
Тума-туыс берді жиі садақа,
Түнде көрген түстерінен шошынып.
Бұл үзінділерде баланы өлеңге, тіршіліктің таңын бақытқа, ал
кешін
кұтқа, яғни екі нәрсені бір-біріне тікелей балайды.
Метафораның негізінде теңеу сықылды екі нәрсені бір-біріне
салыстырушылық болады. Бір қарағанда метафора теңеудің қысқарған түрі
тәрізді. Өйткені басқа сөз қоспай-ақ теңеу жұрнақтарын жалғап, метафораны
оп-оңай теңеуге айналдыруға болады. Мысалы:
Жел сөзді кұлаққа ілмейсің.
Жігіт – от,
Аруды – гүл дейсің.
Домалақ арыздан домалап
Жатасың...
Кім
жазды білмейсің
,- деген үзіндідегі от, гүл деген сөздерге -тай, -дей
жұрнақтарын жалғап теңеуге айналдыруға болады. Бірақ олар метафораның
мағынасын бермейді, теңеу мағынасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: