37
Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы
авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай.
Айқындау сияқты
теңеудің де құны көркемдігінде, ойламаған жерден
өзгеше өрнектер жасап,
құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында
жатады.
9 Әдеби тілді құбылту тәсілдері
Шығарма тілін көріктеу үшін троп - сөздің мағынасын ауыстырып,
өзгертіп қолдану әдісі қолданылады.
Троптың түрлері:
метафора, кейіптеу, заттандыру, эпитет, перифраз,
метонимия, гиппербола, литота, тавтология,оксюморон, символ, т.б.
Л.И. Тимофеевтің айтуынша, троптың тілдік үш міндеті бар:
1. Танымдық (познавательный),
2. Даралаушылық (индивидуализирующий),
3. Жеке көзқарастық бағалау (субъективно-оценочный).
Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинациялардың
бойынан табылып жатады.
А.А. Потебняның осыған ұқсас бір ойы бар. Ол «Өз жадында көптеген
поэтикалық образдар жиынтығын жинаған адам өз иелігінде
ұланғайыр ойлау
массасына ие болады. Мұны жай сандарға тигізетін
алгебраның әсерімен
салыстыруға болады. Алгебралық есеп жолын меңгерген жан бұл өрнекке кез-
келген санды қойып өзіне қажетті нәтижені ала алады. Бұл процесті
ойды
Достарыңызбен бөлісу: