Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
«Әдебиеттануға 
кіріспе 
және 
әдебиет 
теориясы» 
курсында
әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, 
әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби 
шығарманың сыры мен сипаты (әдебиеттегі мазмұн мен пішін, көркем 
әдебиеттің тілі, сөз сарасы); әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек 
пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады. 
6В02301 Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша оқып 
жатқан студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал кредиттік технология 
жүйесімен білім алуда қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр. Оқу-
әдістемелік құралда оқу процесінің мазмұнын тереңірек ашу үшін бағдарлама 
бойынша оқу материалдары іріктеліп ұсынылған және әрбір тақырыптың 
соңында студенттің білімін толықтыру мақсатында түрлі тапсырмалар
анықтамалық мәліметтер берілген. 
Бұл мәліметтер тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағлұмат беріп 
қана қоймай, студенттің өзінің ой-өрісін одан әрі дамытып, ойлану, іздену 
қабілетін жетілдіруге ықпал ететін механизм болып табылады. Сондай-ақ, 
студенттердің материалды қаншалықты игергенін өздігінен тексеру үшін тест 
тапсырмалары ұсынылған. 
Пән бойынша ұсынылған қосымша материалдар студенттің берілген 
тақырыпты неғұрлым терең игеріп, айқын түсінуіне көмек көрсету мақсатын 
көздейді. Тақырыпты терең меңгеру үшін дайындалу барысында тек дәріс 
тезистерімен шектеліп қою жеткіліксіз. Бұл ретте студенттің тақырып бойынша 
өз бетімен ізденіп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша жұмыс істеуі 
қажет болады. 
Оқу - әдістемелік құрал «Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы» 
пәнінің оқу бағдарламасы негізінде, тиісті әдістемелік талаптарға сай жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет