Көркем әдебиеттің тілі
Ажарлау, құбылту мен айшықтаудың түрлері, көркемдік қызметі
З. Қабдолов «Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма бола алмайды» десе, Л.Толстой «Құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады, ойы нәрсіздің тілі де әрсіз” дейді. Демек, көркем тіл - әдебиеттану ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі.
Жазушының тілі құнарлы сөздік қоры мол болуы керек. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі.
Тіл байлығының қайнар көздерінің бірі – сөздердің көп мағыналығы (полисемия). Әр сөз жеке, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Бұл сөздегі тура және туынды мағына ретінде түсіндіріледі.
Тура мағынадағы сөздер заттар мен құбылыстарға, сапа мен белгіге, іс- әрекетке тікелей бағытталып, туынды мағыналарға қарағанда, айқын, дара көрінетінін дәлелдейді. Көркем сөз теориясы, бәрінен бұрын әр сөздің әр
сипаттағы тура және туынды мағыналарының әдеби шығармаларда көрінуін қарастырады.
Полесимизмде бір сөздің бірнеше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы және бар.
Әр сөздің тура мағынасымен қатар бұрма мағынасы да бар. Сөздерді кері мағынаға көшіріп, орнымен ойната білу де әсем тәсіл. Мысалы Абай туралы Құнанбай: „Одан да, не күтсеңдер, осы жаман қарадан күтсеңдерші”, - деген сөзінде жаманның астарымен, жақсы атаулының бәрінен биік мағынада әдейі айтылып тұр.
Көркем әдебиетте әр сөздің тура мағынасымен қатар бұрма мағынасын да еппен, ұқыппен ұтымды пайдалану шығарманың ажарландыра түсетіні сөзсөз.
Сөз байлығының түрлері
Синонимия (гр. заттас) айтылуы, естілуі, әр түрлі болғанымен, мағынасы бір-бірене жуық, мәні ұқсас сөздер.
Мысалы: шапшаң, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, уақыт, шақ, сәт.
Синоним сөздердің ішінен суреткер өзіне қажеттісін ғана алады.
Синонимдердердің кез-келгенін бірінің орнына бірін қолдануға да болмайды.
Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар-намысын қашырман… Байеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса, қылып қал. Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!
Осы өлеңдегі синоним сөздедің әрқайсысы өз орнында, бәрі де керемет талғаммен табылып, қолданылған. Сондықтан олардың ешқайсысын ешбір мәндес сөзбен ауыстыруға болмайды:
Махамбет өлеңіндегі сөздер
|
Мәндес сөздер
|
кескілеспей
|
төбелеспей, шайқаспай, шабыспай
|
басылман
|
қойман, тоқтаман
|
кескекті
|
айбарлы, айдынды
|
қыларың
|
жасарың, істерің
|
сой
|
түр
|
бас кесермін
|
өлтірермін, құртармын
|
Синонимдерде жай ғана сөз алмасулары ғана емес, суреткерлік шеберлік сырлары да жасырынып жатады. Жазушы синонимдерді терең біліп, шебер пайдалануы шарт: «Қазіргі Тоғжан жүзінде Абай қиялынан бір шақ кетпейтін, үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ» (М. Әуезов «Абай жолы»).
Көркем шығармада орнымен үстемелей, қатар, қабаттаса қолданылған синонимдердің орны да айырықша. Бұл плеоназм құбылысы. Мысалы:
Орынды іске жүріп, ой таппаған
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
(Абай)
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып. Босағада тұрмады, төрге ұмтыллды.
Бұзып, жарып, еңсеріп, еркін басып.
(Қ. Аманжолов)
Достарыңызбен бөлісу: |