Әдебиеттануға кіріспе



бет22/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Метафора (грекше: metaphora-ауыстыру) шығармадағы заттың яки құбылыстың суретін күшейту үшін оны ұқсас, басқа зат яки басқа бір құбылыспен балап, мағынасының өңін айналдырып айту. Метафораға мысал:
Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы
толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер. (Абай) Алтын күн батып барады,
Алтын күн ақырын өледі.
Сорлы бұлттар- сорлы жар
Қан жылап күнді көмеді. (Мағжан)
Кейіптеу (олицетворение: «с гор побежали ручьи» - Н.Некрасов) – жансыз нәрсені жанды заттай ғып көрсету. Абайдағы кейіптеу:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Заттандыру (овеществление: «Гвозди б делать из этих людей: Крепче б не было в мире гвоздей» - Н.Тихонов) –керісінше жанды затты жансыз затқа балау. Мысалы: Әйел- үйдің шегесі.
Кейіптеу де, заттандыру да метафораның түрлері.
Эпитет (грекше: epitheton-қосымша, қоса тіркеу) бір заттың, құбылыстың көзге ұрып тұрған бедерлі суретті сипатын, заттың, құбылыстың атына қосақтап айту. Мысалы:
Тәкәппәр таудың етегі туған өлкеміз... (Таңсық қой таудың ұлына тулаған теңіз). Түсімде мені қол бұлғап шақырады ылғи,
Толқынға қарап, толықсып тұрған ерке қыз. (Қ. Сарин)
Перифраз (грекше: periphrasis: peri-айнала, төңірек, phrazo-айтамын) айтылатын нәрсені айнытып, ұқсасымен бүркемелеп айту. Және бұнда метафора яки теңеудегідей нәрсемен оның ұқсатылған баламасы қатар тұрмай, тек ұқсатылған балама ғана тұрады. Перифраз бұл орайда жұмбаққа, фразеологизмдерге келеді. Жұмбақтың бәрі, фразеологизмдердің көбісі- перифраз. Перифразға мысал:
Өз қолымен ұнамды тон піштірмес.
(«Тұтқын», М.Д. – ға хат)
Перифраз болатын фразеологизмдер: қоңыз теріп кету, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман т.б.
Жұмбақтың перифраз болуы: Тақиям толған – сөк, таңертең тұрсам жоқ. (Тақиям толған – сөк – түнгі жұлдызды аспан, таңертең тұрсам жоқ – таң атқандағы жұлдызсыз, таза аспан// түнгі жұлдызды аспан– нәрсе, Тақиям толған сөк– нәрсеге ұқсатылған балама).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет