Әдебиеттануға кіріспе



бет29/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. Метрикалық жүйенің бірнеше түрі бар: ямб, хорей, дактиль, амфибрахий, анапест, антипаст және т.б.
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді.
Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі

  • орыс поэзиясындағы Тредиаковский рефомасынан (ХҮІІІ) кейін ресми ат алып, айдар таққан тоникалық (грекше - екпін), яғни акцентті (латынша - екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.

Сапалы (квалиативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – силлабо-тоникалық өлең. Бұл өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады.
Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға негізделген өлең екенін аңғардық. Олай болса буын мәселесі – қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңдегі өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес.
Қазақ поэзиясының бүкіл дамуының кезең-кезеңдерінде қалыптасып, уақыт сынынан сіңген буын түрлері: он бір буынды өлең, он буынды өлең, тоғыз буынды, сегіз буынды, жеті б, алты буынды, бес буынды, аралас буынды өлең.
Ұйқас, рифма (грекше өлшемдес, мөлшерлес) - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас - өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.
Поэтикалық синтаксистегі айшықтың (фигураның) мәні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мәні де сондай. Ұйқастың маңызы әсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор.
Поэтикалық үндестік фонетикалық жағынан әр түрлі жолмен жасалады.
Ұйқас та соған байланысты.
Академик Қ.Жұмалиев: «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі өте көп, бірақ ең негізгі және көп қолданылатыны мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2)
шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар»,- деп атап көрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет