Әдебиеттануға кіріспе


Өлең құрылымы мен өлшемдері



бет28/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Өлең құрылымы мен өлшемдері

Әдеби шығарма атаулының бәрі екі жүйеде – не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең (поэзия) түрінде жазылады. Яғни, проза (латынша – тікелей, тура айтылған сөз); поэзия (грекше – творчество, шығармашылық).
Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Сөз сарасы, яғни өлең туралы арнаулы ғылым бар: орыс өлеңі туралы ойлар М.Смотрицкий мен В.Тредиаковский, В.Жирмунский, Б.Томашевский еңбектерінде кездессе, қазақ өлеңі туралы пікірлер Ш.Уалихановтан басталады. Өлеңнің түрін белгілейтін, негізінен, ырғақ. Ырғақ, ритм (грекше – шамалас, мөлшерлес, сайма-сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі,
мерзімді, мөлшерлі қайталануы.
Өлеңнің ырғақ жасайтын бөліктері: дыбыс, буын, бунақ, тармақ, шумақ, түйдек (тирада).
Буын: Жел-сіз түн-де жа-рық ай (7). Бунақ: Желсіз түнде / жарық ай (2). Тармақ: Желсіз түнде жарық ай (1).
Шумақ: Желсіз түнде жарық ай, (а) Сәулесі суда дірілдеп. (б) Ауылдың шеті терең сай, (а) Тасыған өзен гүрілдеп. (б)

Мысалға алып отырған Абайдың бұл өлеңі – абаб (шалыс) ұйқасты, 7-8 буынды, 2 бунақты, шумағы 4 тармақтан тұратын өлең.


Сырт көзге поэзиялық шығарманың сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: әр тақта – шумақ, әр шумақтың әр жолы – тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы – бунақ. Мұның бәрі шартты нәрсе, өйткені тақтасыз да тұтаса беретін өлеңдерде шумақтардың жік-жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлері өте көп. Екі тармақ, үш тармақ, төрт тармақ, бес тармақ, алты тармақ, жеті тармақ, сегіз тармақ; бір бунақ, екі бунақ, үш бунақ, төрт бунақ және т.б.
З. Қабдоловтың пайымдауы бойынша, шумақ пен тармақ түрлерінің көбі
– шартты зат. Сондықтан осы саладағы тәжірибе мен теория арасын тым алшақтатапау үшін өлең өлшемін ғылыми байыптау мөлшерінен аспаған дұрыс. Байыптау ырғақ маңында болуға тиіс.
Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше - өлшем) өлең
жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда – біздің эрадан бұрынғы ҮІІІ ғасырда пайда болған да, кейін (б.э.б. ІІІ ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.
Грек, латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі (созымды, созымсыз) мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиетіндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшеліктерден туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет