Әдебиеттануға кіріспе


Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс



бет34/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
дебиеттану а кіріспе

Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеалогиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген


қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эписториялық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.
Әдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 жж. пайда болып, алпысыншы жылдары кеңінен қолданыла бастады.
Әдеби процесс әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру барысында маңызды проблеманың бірінен саналады. Егер –өмірбаяндық методтың жақтаушылары классикалық және романтикалық эстетиканың ізінше бірөңкей кемеңгерлердің туындылары мен үздік үлгілеріне ғана ден қоятын болса, онда ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зерттеу ісіндегі әсіре талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы туындыларының көркемдік деңгейіне, идеологиялық бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні ретінде қарастырады.
Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толғауының тарихы. Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша көркемдік ашылымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестің құрамында кезеңдік, жалғастырушы өзгертуші қызмет атқарады. Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсыбір элементтер келесі дәуір мен кезеңдердегі көркемдік ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады. (Мыс, М.Әуезовтың «Абай жолы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов шығармашылғындағы «мифтік» бастаулар).
Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің, теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методолгиялық әдіс.
Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың алма-кезек ауысып келіп отыруының сыры түрлі қоғамдық дәуірдегі әрқилы жағдайларға байланысты. Мысалы, хандық дәуір – жыраулар поэзиясы, Абылай – Бұхар қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз ізін, сәулесін түсіреді.
Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттар бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне-типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын көзқарастары жағынан біріне-бірі жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты. Себебі – көркемдік құрал-тәсілдер (мысалы, тіл) түрлі идеялық мақсаттарға бірдей қызмет ете береді.
Идея сабақтастығы әлеуметтік күштердің дамуындағы жалғастық көрінісі болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа дәуірде бұрынғы ой-идеялардың қаз-
қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа түр иеленіп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екені түсінікті.
Идея сабақтастығы үздіксіз жалғасатын болса, әдеби типтер сабақтастығы кей тұстарда үзіліп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да мүмкін. Белгілі бір тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмір өзгерген тұстарда көркемдік сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуі ықтимал.
Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстаған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай – Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлщектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуірінде, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді.
Әдеби дамуда дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселесі көтеріледі.
Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар, көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық - өткен өмірдің, кшегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы- соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс- әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық – диалектикалық бірлікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс – материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, дамның өмір танудағы жаңа ұғым- түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғартатын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық
тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың – идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендіктен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мыс, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұрқа қайтқан ой» дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін «адасқан күшікке» балайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді («Экспресс». С.Мұқанов поэзиясы («Бостандық») өлең түрі жағынан ескіше болғанмен идеялық мазмұны, тілек- мақсаты жағынан жаңа. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.
Әдебиет қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені.
Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана- сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді. Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау, рухты ояту, жігерді жану үшін адуынды шығармалар көмекке келген.
Тәуелділіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да қалам шеберлерінің алаулы өлеңдері болатын. Ерте дәуірлердегі, тіпті, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрыңғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады. Отаршылдық езгіге түсіп, шарасыз халде үнсіз бұлқынған Қазақ елінің пешенесіне тап болған сор мен азапқа қабырғасы қайысқан Шоқан Уәлихановтың: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» дейтін әйгілі сөзінде азаттықты идеал тұтудың, шерлі толғаныстың үні бар.
Ұлттық рухты, ұлттық тәуелсіздік идеясын қазақ әдебиеті қанына ерте дарытқан. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетін толғандырған ең келелі мәселелердің бірі ұлт тарихы мен болашағы екені дау тудырмайды. Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық тәуелсіздік – бізді дүниеден оқшаулап тастайтын Қытай қорғаны болмайтыны сияқты, ешкімнің құқығына қарсы қойылмайды да. Ұлттық тәуелсіздік – отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару қозғалысы болып табылады» деп шырылдаған жан айқайы XX ғасырдың басынан жаңғыра естілгендей.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық алдымызға тосқан қиын өткелдерді, қаншама кешкен ауыртпалықты ұмыту мүмкін емес. Осы он жылдағы кешкен бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.
Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау әртүрлі ыңғайда болды. Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелгені анық. Әйтсе де, ол халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ. Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады. Ұлттық құндылықтарға қауіп төнгені аңғарылды. Бір ұтымдысы – жаңа кезеңде сын айтуға біршама еркіндік берілді. Сонымен қатар, ескі тоталитарлық жүйе тұсындағы келеңсіздіктер ашына айыптау сарынын тудырып, бүгінгі өмірдегі ұнамды құбылыстар көтеріңкі көңіл-күймен жырға қосылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қазақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне көтерілді. Бұл тұста қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, еркін тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді. Сөз бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы әдебиетіміздің көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Еліміз тәуелсіздік алған тарихи күнде дүниеге келген ең алғашқы өлеңдердің бірі: Өзіңдікі - Елің де, Өзіңдікі – Жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ Тәуелсіздік – төріңде! Қара мына ғажапқа: Теңдік тиді қазаққа – Езгідегі ұрпағың Енді айналмас мазаққа! ...Қанатыңнан қайырылып, Қыр-арқаңнан майырылып, Қонақ – Тәуелсіздіктен, Қала көрме, айырылып!... Ақын Иран- Ғайып «тауың да, бақша, бауың да, досың да, қатал жауың да – сенікі», «Туың да, От пен Ауа, суың да – өзіңдікі» деп шалқып тасып оқырманымен сыр бөлісіп отырады да, «Қонақ – Тәуелсіздіктен, Қала көрме айырылып!...» деп күтпеген түйін жасайды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған романдар да көп ұзамай жарық көрді. Сондай туындылардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қалмұқан Исаевтың «Серт», «Шоң би», Кәдірбек Сегізбаевтың «Беласқан», Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Хасен Әдібаевтің «Отырар ойраны», Софы Сматаевтің «Жарылғап батыр», Жанат Ахмадидің «Шырғалаң» тағы басқа романдарын атауға болады.
Бұл шығармалардың өзіндік дүниесін таныту жолында тәуелсіздіктің нұрлы ықпалы айқын көрініс береді. Өйткені, әдебиетіміз бұрын-соңды болмаған тақырыптық, идеялық мазмұн байлығымен, жаңа көркемдік түрлермен, жанрлық ерекшеліктерімен байып отырды. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті бұғауланған кісеннен құтылып, бостандықтың шырайын аңсаған, өзі көшбасшы болуға дәрменді ұлттың рухани мұрасы.
Бұл кезеңнің ерекшелігі – партия қадағалап отыр демейтін, таптық көзқарастан біржола арылған, еркін тебіреніп, ойын еркін айта алатын, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын жаңа дәуір әдебиеті.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің поэзияcы өз кезінің шындығын шырылдата жырлады. Азаттық алған қазағымыздың қуанышын жырға қосып, өз шығармалырына арқау еткен біршама ақындарымыз бар. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік»,
«азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді. Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ. Мырза-Әлидің
«Заман-ай», «Алаштың арманы», Н. Айтұлының «Рухымның падишасы»,
«Бәйтерек», Н. Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е. Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т. Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б. Үсеновтің «Табиғат терезесі», С. Нұржановтың «Аруана», А. Бөкеновтің «Салбуырын», Г. Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т. Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г. Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С. Сейітовтің «Серпер», Ә. Қайранның «Мазасыз әлем», Х. Ерғалидің
«Сонеттер», Ә. Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ. Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М. Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ. Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К. Салықовтың
«Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е. Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М. Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар»,
«Компьютер басты жарты адам», Ұ. Есдәулетұлының «Киіз кітап», О. Асқардың «Орбұлақ», Д. Әбіловтің «Жолаушы өмір», А. Бақтыгерееваның
«Ақ шағала», Н. Мәукенұлының «Бойтұмар», А. Шәріповтің «Құбыла», Қ. Исаның «Керімсал», Г. Салықбаеваның «Жан», А. Әлімғазыұлының
«Жаралы Желтоқсан», Ө. Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А. Егеубайдың
«Аламан», К. Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж. Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М. Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А. Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М. Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі» жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді. Ал одан бері С. Адай, Ж. Сәрсек, Т. Толқынқызы, М. Шоқан, Б. Сарыбай, А. Елгезек, Н. Бердалы, Е. Жеңісұлы, Е. Жүніс, Т. Таңжарық, Ы. Дәбей, Б. Әлқожа, Н. Сарша, А. Сейтақ, С. Есжан, Т. Мықи
т.б. сияқты жас ақындар легі көбейіп, заман шындығын өз туындыларына арқау етті.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары








  1. Қара өлең - әдеттегі үйреншікті өлең, бұл өлең төрт тармақты, әр тармақта жеке- жеке ой жатады. Сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе төрт тармақты өлеңдер мағынасыз болып келеді."- деген тұжырым кімдікі:

  1. С. Сейфуллин.

  2. Қ. Жұмалиев.

  3. Ш. Уәлиханов.

  4. З. Ахметов.

  5. З.Қабдолов.




  1. «Ой, Ардақ, сен –ақ қоян шыңнан қашқан, Артыңда мен–ақ сұңқар түлек ұшқан» - деген өлең тармақтарында бейнелі сөздердің қандай түрлері қолданған:

  1. Теңеу.

  2. Эпитет.

  3. Метафора.

  4. Литота.

  5. Синонимия.




  1. Драманың жанрлық табиғатын, бітім сипатын танығанда әманда назар аударып, көңіл бөлетін үш маңызды проблема:

  1. Драмалық тартыс, драма композициясы, драма мен театр байланысы.

  2. Драмалық тартыс, кейіпкер портреті, декорация.

  3. Драма тақырыбы, драма идеясы, драма сюжеті.

  4. Драманың жанрлық сипаты, мінез мәселесі, фабула.

  5. Авторлық ремарка, монолог, диалог.




  1. А. Байтұрсынов тіл образдылығы, тіл бейнелілігі деген ұғымды қалай қазақшалаған:




  1. Тіл көрнекілігі.

  2. Тіл тазалығы.

  3. Тіл суреттілігі.

  4. Тіл әсемдігі.

  5. Тіл нақышы.




  1. А. Байтұрсынов әдебиеттің үш тегін қалай атады:

  1. Әуезе, толғау, айтыс-тартыс.

  2. Эпос, лирика, драма.

  3. Ұлы әңгіме, эпос, толғау.

  4. Айтыс-тартыс, эпос, ұзақ әңгіме.

  5. Ұзақ сөз, көңілді сөз, көсем сөз.




  1. Отқа ұшар көбелек, Қарамай сорлы алды-артын, Ойына кіріп шықпайды

Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдарда тіл ұстартудың қай түріне жатады:

  1. Кейіптеу.

  2. Бернелеу.

  3. Ауыстыру.

  4. Теңеу.

  5. Бейнелеу.




  1. А.Байтұрсынов "ұлы әңгіме" деп қай жанрды атады:

  1. Роман.

  2. Повесть.

  3. Әңгіме.

  4. Поэма.

  5. Драма.




  1. «Дарынды сөз» деп А. Байтұрсынов нені атаған:

  1. Шешендік сөз.

  2. Қара сөзді.

  3. Өлең сөзді.

  4. Көсем сөзді.

  5. Ауызекі сөзді.




  1. Әдеби тек тарапынан бөлгенде әдеби жанрлар қалай бөлінеді:

  1. Романтизм, реализм.

  2. Роман, повесть, әңгіме.

  3. Трагедия, драма, комедия.

  4. Новелла, очерк, лирика.

  5. Эпос, лирика, драма.




  1. Көркемдік әдіс тұрғысынан әдеби жанр екіге бөлінеді:

  1. Эпос, лирика.

  2. Роман, повесть.

  3. Романтизм, реализм.

  4. Комедия, трагедия.

  5. Реализм, классицизм.


  1. Қаламгердің көркем ойды суреттеудегі өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі:

  1. Реализм.

  2. Стиль.

  3. Романтизм.

  4. Тақырып.

  5. Идея.




  1. Сатиралық образдың өзіндік сипаты:

  1. Ұнамсыз тип, сықақпен сыналған керексіз, кесір құбылыс.

  2. Күлкімен, әжуамен түзеу мақсаты жатады.

  3. Қиялдан туған трагедиялық бейне.

  4. Өлеңдегі ақынның өз бейнесі.

  5. Ұнамды кейіпкер.




  1. Шалыс ұйқас қайсы:

  1. Аабб.

  2. Ааба.

  3. Абвгб.

  4. Абаб.

  5. Аааа.




  1. Кезекті ұйқасты тап:

  1. Ааба.

  2. Аааа.

  3. Абвб.

  4. Аабвбвббб.

  5. Аабб.




  1. Аралас ұйқас қайсы:

  1. Абабввггджждзз.

  2. Абаб.

  3. Аабб.

  4. Аааа.

  5. Аабвбвббб.




  1. Төмендегі ұйқастың қайсысы қара өлең ұйқасы:

  1. Аааа.

  2. Аабб.

  3. Ааба.

  4. Абаб.

  5. Аабв.




  1. Аабб қандай ұйқас:

  1. Ерікті ұйқас.

  2. Егіз ұйқас.

  3. Кезекті ұйқас.

  4. Аралас ұйқас.

  5. Қара өлең ұйқас.

  1. Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың

Шенді-шекпен жапқанға, - деген өлеңнің ұйқасы қандай:

  1. Егіз ұйқас.

  2. Кезекті ұйқас.

  3. Ерікті ұйқас.

  4. Шұбыртпалы ұйқас.

  5. Аралас ұйқас.




  1. Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру:

  1. Кейіптеу.

  2. Метафора.

  3. Эпитет.

  4. Метонимия.

  5. Символ.




  1. Табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян:

  1. Әңгіме.

  2. Очерк.

  3. Новелла.

  4. Миф.

  5. Фельетон.




  1. Есімі елге тараған жеке адамдарды

мадақтайтын не болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптейтін аса көтеріңкі, көңілді жанр:

  1. Романс.

  2. Ода.

  3. Идиллия.

  4. Эпитафия.

  5. Идиллия.




  1. Дүниеден өткен кісі туралы жоқтау өлең:

  1. Эпиграмма.

  2. Эклога.

  3. Сюжет.

  4. Ода.

  5. Эпитафия.


  1. Қарапайым адамдар тіршілігін суреттейтін, солардың бастарындағы күйініш-сүйінішті, қуаныш-ренішті, отбасылық тұрмыстың шырғалаңдарын сөз ететін, сезімге табыну көріністері айқын аңғарылатын әдеби ағым:

  1. Классицизм.

  2. Сентиментализм.

  3. Натурализм.

  4. Футуризм.

  5. Фрейдизм.




  1. Өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қаз-қалпында суреттеуді талап еткен шығармашылық принциптерді ұстанатын әдеби ағым:

  1. Сентиментализм.

  2. Натурализм.

  3. Футуризм.

  4. Фрейдизм.

  5. Модернизм.




  1. Адам өмірінде, немесе хайуанаттар дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая:

  1. Әңгіме.

  2. Повесть.

  3. Новелла.

  4. Ертегі.

  5. Очерк.




  1. Негізінде шындыққа жанасымды, кейде

өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жиынтығы, әсіре қиял аралас фантастикалық хикая:

  1. Миф.

  2. Аңыз.

  3. Ертегі.

  4. Фельетон.

  5. Әңгіме.




  1. Ұйқас деген не:

  1. Өлең тармақтарындағы буын сандарының бірдей болуы.

  2. Сөз басындағы дыбыстардың қайталануы.

  3. Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының, соңғы буындардың үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі.

  4. Сөйлемдердің синтаксистік құрылымының үйлесімділігі.

  5. Тармақтардың бірдей бунақтарға бөлінуі.




  1. Паралелизм (егіздеу) деген не:

  1. Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

  2. Сөйлем ішінде атап айтпаса да, түсінікті сөздерді жазбай тастап кету.

  3. Өзара кереғар құбылыстарды бетпе-бет қою.

  4. Негізгі ойды, объектіні астарлап, суреттеу.

  5. Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, қатар қойып, жұптап суреттеу.




  1. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын,- деген өлең жолдары фигураның қай түріне мысал бола алады:

  1. Инверсия (сөз орнын ауыстыру).

  2. Элипсис (сөз тастап кету).

  3. Градация (дамыту).

  4. Антитеза (шендестіру).

  5. Қайталау.




  1. Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!- деген өлең жолында троптың қай түрі қолданылған:

  1. Метонимия.

  2. Ирония.

  1. Эпитет.

  2. Метафора.

  3. Литота.




  1. Көркем шығармадағы сыртқы, ашық кеңістікке қай мысал сәйкес келеді:

  1. Дала, шөл, теңіз.

  2. Үй, қойма, дәрісхана.

  3. Құты, қалбыр, түтін.

  4. Сәкі, кузов, стол.

  5. Егістік, қора, аула.




  1. «Баяғыда, ерте-ерте ертеде, ежелгі өткен замандарда…" деген сөздер қай уақыттың түріне мысал бола алады:

  1. Тұрмыстық уақытқа.

  2. Мифологиялық фольклорлық уақытқа.

  3. Фантастикалық уақытқа.

  4. Онейрикалық (түстегі) уақытқа.

  5. Тарихи шығармадағы уақытқа.




  1. Көркем шығармадағы пейзаж:

  1. Кейіпкер мінезін сипаттау.

  2. Кейіпкер келбетін сипаттау.

  3. Көркем шығармадағы материалдық заттар бейнесі.

  4. Көркем шығармадағы табиғат суреті.

  5. Көркем шығармадағы адам еңбегін суреттеу.




  1. Автобиографиялық шығарманың ерекшелігі:

  1. Тарихи дәуірлерді нақты суреттейтін шығарма.

  2. Бүгінгі күн туралы очерктер жинағы.

  3. Автордың өз өмір кезеңдері туралы жазған шығармасы.

  4. Авторға қатысы жоқ шығарма.

  5. Лирикалық толғау.




  1. Драмалық шығарманың бір бөлімі:

  1. Тарау.

  2. Сала.

  3. Параграф.

  4. Акт.

  5. Эпилог.




  1. Публицистикалық жанрды А.Байтұрсынов қалай атады:

  1. Дәйек сөз.

  2. Еркін сөз.

  3. Көсем сөз.

  4. Ақыл сөз.

  5. Пайым сөз.




  1. Белгілі бір қоғамда, ортада танымал сипатқа ие жинақталған жеке адам образы қалай аталады:

  1. Мінез.

  2. Тип.

  3. Портрет.

  4. Қосалқы бейне.

  5. Жанама образ.




  1. Негізгі өлшемі екпін болып келетін өлең жүйесі:

  1. Метрикалық.

  2. Силлабикалық.

  3. Тоникалық.

  4. Силлабо-тоникалық.

  5. Дольникалық.




  1. Тип қандай образ:

  1. Дараланған образ.

  2. Маргиналдық образ.

  3. Анық айқындалмаған образ.

  4. Көмескі образ.

  5. Жинақталған образ.




  1. Үш кітаптан тұратын, әр бір кітап жинақталған оқиғаға құрылған, сюжеті мен идеясы бір-бірімен жалғасып жатқан шығарма:

  1. Повестер жинағы.

  2. Дилогия.

  3. Эпопея.

  4. Трилогия.

  5. Трибрахия.




  1. "Абай жолы" эпопеясындағы типтік образ:

  1. Кәмшат.

  2. Қамқа.

  3. Шөже.

  4. Баймағамбет.

  5. Дәркембай.




  1. Сәбит Мұқановтың романы:

  1. Махаббат қызық мол жылдар.

  2. Мөлдір махаббат.

  3. Дауылдан кейін.

  4. Қарағанды.

  5. Оянған өлке.

  1. М.Әуезовтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған шығармасы:

  1. Өскен өркен.

  2. Абай жолы.

  3. Қилы заман.

  4. Көксерек.

  5. Оқыған азамат




  1. М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" шығармасы қай жанрда жазылған:

  1. Роман.

  2. Повесть.

  3. Әңгіме.

  4. Драма.

  5. Пьеса.


  1. Әдебиеттанумен байланысы жоқ пән:

  1. Лингвистика.

  2. Эстетика.

  3. Әдебиет теориясы.

  4. Стереометрия.

  5. Тарих.




  1. Көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын көркемдік амал-тәсілдер:

  1. Дәлелдеу.

  2. Портрет.

  3. Сюжеттік байланыс.

  4. Диалог.

  5. Монолог.




  1. Композицияның сюжеттен тыс элементтері:

  1. Экспозиция.

  2. Кульминация.

  3. Бұрма экспозиция.

  4. Эпилог.

  5. Шешім.




  1. Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекет пен мақсат мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі:

  1. Тақырып.

  2. Сюжет.

  3. Композиция.

  4. Тартыс.

  5. Деталь.




  1. Адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы сияқты, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі:

  1. Сюжеттің дамуы.

  2. Сюжеттік байланыс.

  3. Сюжеттің басталуы.

  4. Сюжеттің шарықтау шегі.

  5. Сюжеттің шешімі.




  1. Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтін ғылым саласы:

  1. Әдебиет сыны.

  2. Әдебиет тарихы.

  3. Әдебиет теориясы.

  4. Әдебиет халықтығы.

  5. Әдебиет таптығы.




  1. Сюжеттің даму сатылары:

  1. Кейіптеу, астарлау, айшықтау.

  2. Мезгеу, градация, экспозиция.

  3. Мамыту, экспозиция, кейіптеу.

  4. Экспозиция, байланыс, шарықтау шегі.

  5. Шешімі, айшықтау, дамыту.




  1. Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың…:

  1. Экспозициясы.

  2. Байланысы.

  3. Композициясы.

  4. Шарықтау шегі.

  5. Шешімі.




  1. Троптың түрлері:

  1. Эпитет, теңеу, айшықтау.

  2. Метафора, метонимия, кейіптеу.

  3. Метафора, айшықтау, эпитет.

  4. Эпитет, сарказм, теңеу.

  5. Ирония, айшықтау, метафора.




  1. Қайыңдар күмістің сом бақанындай, Жиі терек әскердің қатарындай Бұтақтар жапырағы сылдырлаған

Өзбектің батсайы шапанындай,- деген өлең шумағында көркемдеу құралдың қайсысы қолданылған:

  1. Теңеу.

  2. Эпитет.

  3. Айқындау.

  4. Метафора.

  5. Синекдоха.




  1. М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" шығармасының жанры:

  1. Очерк.

  2. Драма.

  3. Трагедия.

  4. Әңгіме.

  5. Роман.




  1. "Қазақтың бас ақыны" деген мақала жазып, Абай Құнанбаев шығармашылығы туралы пікір айтқан ғалым:

  1. А.Байтұрсынов.

  2. С.Сейфуллин.

  3. М.Дулатов.

  4. М.Жұмабаев.

  5. Ж.Аймауытов




  1. Көркем шығармада табиғат бейнесінің әр алуан қырынан сипатталуы:

  1. Портрет.

  2. Мінез.

  3. Пейзаж.

  4. Силлабус.

  5. Деталь.




  1. "Абай жолы" романындағы Құнанбай пішіндемесі портреттің қай түріне жатады:

  1. Топтама портрет.

  2. Сатиралық портрет.

  3. Психологиялық портрет.

  4. Юморлық портрет.

  5. Романтикалық портрет.




  1. Тура өмірдің өз аясында, көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне:

  1. Лирикалық образ.

  2. Драмалық образ.

  3. Эпикалық образ.

  4. Фантастикалық образ.

  5. Геройлық образ.




  1. Ойдан шығарылмай шындық оқиға да, адам бейнесі де тікелей өмірдің өзінен алынатын жанр:

  1. Әңгіме.

  2. Аңыз.

  3. Повесть.

  4. Очерк.

  5. Поэма.




  1. Драмалық шығарманың бір түрі:

  1. Әңгіме.

  2. Поэма.

  3. Комедия.

  4. Проза.

  5. Новелла.




  1. Әдеби тек тарапынан бөлінгендегі образ түрі:

  1. Ююморлық.

  2. Фантастикалық.

  3. Драмалық.

  4. Романтикалық.

  5. Сатиралық образ.

  1. Орта көлемді эпикалық түр:

  1. Роман.

  2. Әңгіме.

  3. Поэма.

  4. Новелла.

  5. Ертегі.




  1. Қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негізін салушы ғалым:

  1. Ж.Аймауытов.

  2. А.Байтұрсынов.

  3. М.Дулатов.

  4. Ш.Құдайбердиев.

  5. Ә.Бөкейханов.




  1. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе:

  1. Ырғақ.

  2. Тармақ.

  3. Буын.

  4. Бунақ.

  5. Шумақ.




  1. Жоғарғы ерні көк тіреп Төменгі ерні жер тіреп /Б.Ж./:

  1. Синекдоха.

  2. Литота.

  3. Эпитет

  4. Гипербола.

  5. Метонимия.




  1. Новелла қандай жанрлық түрге жатады:

  1. Лирикалық драма.

  2. Жоқтау өлең.

  1. Шағын көлемді эпика.

  2. Сюжетті өлең.

  3. Лирикалық жанр.




  1. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласының бірі:

  1. Әдебиет теориясы.

  2. Историография.

  3. Әдебиет тарихы.

  4. Әдебиет сыны.

  5. Реализм.




  1. Бірыңғай дауыссыздардың қайталанып келуі қалай аталынады:

  1. Ассонанс.

  2. Дактиль.

  3. Эвфония.

  4. Дыбысқа еліктеу.

  5. Аллитерация.




  1. Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі:

  1. Анаграмма.

  2. Анекдот.

  3. Анафора.

  4. Антитеза.

  5. Омоним.




  1. Драмадағы ең шешуші нәрсе:

  1. Шарықтау шегі.

  2. Экспозиция.

  3. Тәсіл.

  4. Персонаж.

  5. Тартыс.




  1. Көркем шығармаларды талдап, баға беретін, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы:

  1. Әдебиет тарихы.

  2. Библиография.

  3. Әдебиет сыны.

  4. Текстология.

  5. Әдебиет теориясы.




  1. Өлеңдегі ең үлкен бірлік:

  1. Эпитет.

  2. Шумақ.

  3. Ассонанс.

  4. Буын.

  5. Тармақ.




  1. Алғашқы қазақ романисі:

  1. Ж.Аймауытов.

  2. С.Көбеев.

  3. С.Торайғыров.

  4. М.Дулатов.

  5. С.Мұқанов.




  1. Фабула дегеніміз:

  1. Троптың бір түрі.

  2. Драмалық жанр.

  3. Сюжеттің бөлшегі.

  4. Шығарманың идеялық бағыты.

  5. Сюжет пен композиция іске асатын фон.




  1. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата көрсететін айшықтаудың бір түрі:

  1. Глосса.

  2. Декаданс.

  3. Градация.

  4. Дәйектеме.

  5. Инверция.




  1. Классицизмнің әдеби манифесіне айналған /шығарма/ эстетикалық трактат:

  1. Н.Буало. "Поэтикалық өнер".

  2. И.Г.Лессинг. "Лаокон немесе әдебиет пен живопистің шекарасы туралы" .

  3. И.Кант. "Таза санаға сын".

  4. Аристотель. "Поэтика".

  5. Гегель. "Эстетика".




  1. Тіл тазалығы дегеніміз А.Байтұрсыновша айтқанда:

  1. Жергілікті сөздерді қолданбау.

  2. Жаңа сөздерге үйір болмау.

  3. Ана тілді басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

  4. Ескі сөздерге жоламау.

  5. Көп мағыналы сөздерді қолданбау.




  1. А.Байтұрсынов лириканы қалай атады:

  1. Әуезе жыр.

  2. Ойламалдау.

  3. Толғау.

  4. Күй.

  5. Көңілді саз.




  1. Эстетика дегеніміз қандай ғылым:

  1. Ақын-жазушының ойлау жүйесі.

  1. Әдемілік туралы ілім.

  2. Өнер тарихын зерттейді.

  3. Шығармашылықтың қыр-сыры.

  4. Суреткердің тұлғасы.




  1. "Өнерді - табиғатқа еліктеу" деп тапқан ойшыл:

  1. Аристотель.

  2. Шеллинг.

  3. В.Г.Белинский.

  4. Платон.

  5. Гегель.




  1. Әдебиеттанудың жанама саласы:

  1. Әдебиет сыны.

  2. Әдебиет тарихы.

  3. Текстология.

  4. Поэтика.

  5. Философия




  1. "Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес" /М.Әуезов/. Троптың қай түрі:

  1. Литота.

  2. Аллегория.

  3. Ирония.

  4. Гипербола.

  5. Теңеу.




  1. Драмадағы автор сөзі:

  1. Баяндау.

  2. Монолог.

  3. Түсініктеме.

  4. Декорация.

  5. Ремарка.




  1. Орта көлемді эпикалық түр:

  1. Мемуар.

  2. Памфлет.

  3. Эссе.

  4. Повесть.

  5. Мысал.




  1. Лиро-эпикалық сипаттағы шағын сюжетті өлең:

  1. Пролог.

  2. Новелла.

  3. Эссе.

  4. Баллада.

  5. Арнау.




  1. Библиография:

  1. Әдебиет тарихының объектісі.

  2. Әдебиеттану ғылымының жанама саласы.

  3. Әдеби бағыт.

  4. Жанрдың бір түрі.

  5. Сын жанры.




  1. Кульминация дегеніміз:

  1. Жанрлық түр.

  2. Өлеңдегі қайталау.

  3. Дәстүрлі метафора.

  4. Сюжеттегі шиеленістің шарықтау шегі.

  5. Кейіпкер сөзі.




  1. Лирикалық герой дегеніміз:

  1. Драма кейіпкері.

  2. Әңгімедегі автор бейнесі.

  3. Романдағы өлең жазатын кейіпкер.

  4. Өлеңдегі ақын образы.

  5. Прототип.




  1. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарма:

  1. М. Әуезов «Еңлік-Кебек».

  2. С. Сейфуллин «Бақыт жолында».

  3. Ж. Аймауытов «Шернияз».

  4. Б. Майлин «Майдан».

  5. Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

  1. Ғ. Мүсіреповтың «Ана» циклі қай әдіспен жазылған:

  1. Романтизм.

  2. Сюрреализм.

  3. Авангардизм.

  4. Социалистік реализм.

  5. Реализм.




  1. Абай лирикасының түрі:

  1. Сатира.

  2. Юмор.

  3. Саяси.

  4. Ода.

  5. Махаббат.




  1. Әдіс жайлы еңбек жазған қазақ ғалымы:

  1. Қирабаев.

  2. Қаратаев.

  3. Жұмалиев.

  4. Ысмаилов.

  5. Ахметов.




  1. Әдебиет тегіне қарай нешеге бөлінеді:

  1. 5.

  2. 6.

  3. 3.

  4. 4.

  5. 7.




  1. Эпос жанрының түрі:

  1. Ода.

  2. Роман.

  3. Комедия.

  4. Баллада.

  5. Трагедия.




  1. Қазақ өлеңі туралы алғашқы теориялық пікір айтқан кім:

  1. Ы. Алтынсарин.

  2. Ш. Уәлиханов.

  3. А. Құнанбаев.

  4. А. Байтұрсынов.

  5. С. Торайғыров.




  1. Реализм деген не:

  1. Әдіс.

  2. Тәсіл.

  3. Бағыт.

  4. Ағым.

  5. Мектеп.




  1. Өлеңде дауысты дыбыстардың қайталауын қалай атайды:

  1. Анафора.

  2. Аллитерация.

  3. Ассонанс.

  4. Эпифора.

  5. Эпитет.




  1. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды:

  1. Классицизм.

  2. Сентиментализм.

  3. Натурадизм.

  4. Футуризм.

  5. Формализм.




  1. Мақтауға арналған өлең түрі:

  1. Элегия.

  2. Эпиграмма.

  3. Ода.

  4. Сонет.

  5. Пародия.

  1. М. Әуезовтің «Абай жолы» шығармасын романның қай түріне жатқызасың :

  1. Хроника.

  2. Диалогия.

  3. Эпопея.

  4. Трилогия.

  5. Роман.




  1. Әдебиет теориясының қазақ әдебиетіндегі тұңғыш авторы:

  1. А. Байтұрсынов.

  2. Қ. Жұмалиев.

  3. Е. Ысмайлов.

  4. З. Қабдолов.

  5. З. Ахметов.




  1. Зат пен құбылысты үлкейтіп көрсететін троптың түрін ата:

  1. Литота.

  2. Символ.

  3. Ирония.

  4. Гипербола.

  5. Метонимия.




  1. Әдебиет өнердің қай түріне жатады:

  1. Кескін.

  2. Сурет.

  3. Сөз.

  4. Мүсін.

  5. Саз.




  1. Романтизм деген не:

  1. Тәсіл.

  2. Бағыт.

  3. Ағым.

  4. Мектеп.

  5. Әдіс.

  1. Поэтиканың авторы кім:

  1. Аристотель.

  2. Буало.

  3. Гегель.

  4. Байтұрсынов.

  5. Тимофеев.




  1. Өлеңде дауыссыз дыбыстардың қайталануын қалай атайды:

  1. Анафора.

  2. Аллитерация.

  3. Ассонанс.

  4. Эпифора.

  5. Эпитет.




  1. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеген кім:

  1. М.Қаратаев.

  2. Т.Кәкішев.

  3. З.Ахметов.

  4. З.Қабдолов.

  5. С.Қирабаев.




  1. Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасындағы Қоңқай образы қандай образ:

  1. Сатиралық.

  2. Лирикалық.

  3. Юморлық.

  4. Силлаби-тоникалық

  5. Қаһармандық.

  1. Қазақ өлеңінің өлшемі:

  1. Тоникалық.

  2. Силабикалық.

  3. Метрикалық.

  4. Гаруз.

  5. Силлаби-тоникалық.




  1. Мына шумақта айшықтаудың қандай түрі бар:

Біреуі-көк, біреуі-жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға:

  1. Қайталау.

  2. Дамыту.

  3. Шендестіру.

  4. Егіздеу.

  5. Арнау.




  1. Ш.Уәлиханов қазақ өлеңін нешеге бөлді:

  1. 4.

  2. 3.

  3. 5.

  4. 6.

  5. 7.

  1. “Әдебиет танытқыштың” авторы:

  1. Қ.Жұмалиев.

  2. А.Байтұрсынов.

  3. Е.Ысмайылов.

  4. З.Қабдолов.

  5. З.Ахметов.




  1. Қазақ әдебиетіндегі символизм өкілі:

  1. А.Құнанбаев.

  2. С.Торайғыров.

  3. М.Жұмабаев.

  4. М.Дулатов.

  5. С.Сейфуллин.




  1. “Үш бірлікке” бағынған ағым:

  1. Синтементализм.

  2. Классицизм.

  3. Натурализм.

  4. Формализм.

  5. Символизм.




  1. Мына мысал троптың қай түріне жатады:

Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады:

  1. Ирония.

  2. Синекдоха.

  3. Гипербола.

  4. Метонимия.

  5. Метафора.




  1. Ф. Энгельс “Трагедияның атасы” деп кімді атаған:

  1. Софокл.

  2. Эсхил.

  3. Эврепид.

  4. Гомер.

  5. Аристотель.




  1. Натурализм деген не:

  1. Тәсіл.

  2. Әдіс.

  3. Ағым.

  4. Стиль.

  5. Мектеп.




  1. Көркем шығарманың құрылысы қалай аталады:

  1. Экспозиция.

  2. Сюжет.

  3. Композиция.

  4. Фабула.

  5. Ситуация.




  1. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салған кім:

  1. С. Сейфуллин.

  2. М. Жұмабаев.

  3. А. Құнанбаев.

  4. М. Сералин.

  1. Ж. Аймауытов.




  1. “Өлең сөздің теориясы” атты еңбектің авторы кім:

  1. М. Қаратаев.

  2. З. Қабдолов.

  3. З. Ахметов.

  4. Қ. Жұмалиев.

  5. Е. Ысмайылов.




  1. Зат пен құбылысты кішірейтіп көрсететін троптың түрін ата:

  1. Гипербола.

  2. Символ.

  3. Сарказм.

  4. Литота.

  5. Метонимия.




  1. Көркем шығарма сюжетінің ең жоғарғы сатысының аты:

  1. Экспозиция.

  2. Ситуатция.

  3. Кульминация.

  4. Шешім.

  5. Эпилог.




  1. Мына қандай ұйқас: Азамат, жүнжіме, жүрме бос Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық:

  1. Қара өлең ұйқасы.

  2. Шұбыртпалы ұйқас.

  3. Егіз ұйқас.

  4. Шалыс ұйқас.

  5. Ерікті ұйқас.




  1. “Абай жолы” романның қай түріне жатады:

  1. Әскери роман.

  2. Сатиралық роман.

  3. Тарихи роман.

  4. Мемуарлық роман.

  5. Әлеуметтік роман.




  1. Эпос жанрының түрі:

  1. Роман.

  2. Ода.

  3. Комедия.

  4. Трагедия.

  5. Баллада.

  1. Өлеңді туындыдағы автор қандай кейіпкер болып табылады:

  1. Эпикалық.

  2. Сатиралық.

  3. Драмалық.

  4. Лирикалық.

  5. Трагедиялық.




  1. Тек кейіпкерлер ғана сөйлесетін шығарма:

  1. Эпос.

  2. Лирика.

  3. Драма.

  4. Поэма.

  5. Роман.




  1. “Өнер туындысының ірге тасы” деп нені атаймыз:

  1. Идея.

  2. Сюжет.

  3. Тақырып.

  4. Композиция.

  5. Образ.




  1. Фигураның бір түрі арнаудың неше түрі бар:

  1. 4.

  2. 5.

  3. 3.

  4. 2.

  5. 6.




  1. Мына мысал троптың қай түріне жатады.

Үйі мәз боп қой сойды. Сүйіншіге шапқанға:

  1. Метафора.

  2. Синекдоха.

  3. Метонимия.

  4. Символ.

  5. Кейіптеу.




  1. Көркем шығармада табиғатты суреттеуді қалай атайды:

  1. Лиризм.

  2. Ямб.

  3. Пейзаж.

  4. Әдеби шегініс.

  5. Сюжет.




  1. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны көрсетуді қалай атайды:

  1. Синекдоха.

  2. Метонимия.

  3. Кейіптеу.

  4. Литота.

  5. Ирония.




  1. Фигураның бір түрі – сөз тастап кетуі қалай атайды:

  1. Эпифора.

  2. Анафора.

  3. Эллипсис.

  4. Традиция.

  5. Антитеза.




  1. Мына ұйқас қандай ұйқас: Елдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім.

  1. Ерікті ұйқас.

  2. Қара өлең ұйқасы.

  3. Кезекті ұйқас.

  4. Шұбыртпалы ұйқас.

  5. Егіз ұйқас.




  1. М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесіндегі Ғазиза образы қандай образ:

  1. Комедиялық.

  2. Сатиралық.

  3. Юморлық.

  4. Драмалық.

  5. Трагедиялық.




  1. Жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең:

  1. Эпитафия.

  2. Эклота.

  3. Эпиграмма.

  4. Мадригаль.

  5. Элегия.




  1. Әдебиеттанудың қай саласы көркем шығарманың құрылысын қарастырады:

  1. Әдебиеттің тарихы.

  2. Әдебиет сыны.

  3. Текстология.

  4. Әдебиеттің теориясы.

  5. Библиография.




  1. –дай, –дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік құрал:

  1. Эпитет.

  2. Метафора.

  3. Теңеу.

  4. Синекдоха.

  5. Литота.




  1. Әдебиеттің тектері:

  1. Эпос, лирика, драма.

  2. Ертегі, аңыз, мысал.

  3. Батырлық жыр, ғашықтық жыр, тарихи жыр.

  4. Толғау, терме, арнау.

  5. Айтыс, шешендік сөз, әпсана.




  1. Көзі жұмыққа арзан, Көзі ашыққа маржан:

  1. Антитеза.

  2. Литота.

  3. Гипербола.

  4. Эпитет.

  5. Метонимия.




  1. Литота ойды қалай бейнелейді:

  1. Әсірелеу, ұлғайту.

  2. Салыстыра суреттеу.

  3. Мүлде кішірейте суреттеу.

  4. Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.

  5. Сөздердің мағынасын бұрып айту.




  1. Мақтауға арналған өлең түрі:

  1. Элегия.

  2. Эпиграмма.

  3. Ода.

  4. Сонет.

  5. Пародия.




  1. Көркем шығарма тексін зерттеп баспаға даярлайтын қандай пән:

  1. Деректану.

  2. Стилистика.

  3. Текстология.

  4. Библиография.

  5. Историография.




  1. “Абай жолы” романындағы Құнанбай қандай образ:

  1. Лирикалық.

  2. Драмалық.

  3. Эпикалық.

  4. Юморлық.

  5. Сатиралық.

  1. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды:

  1. Классицизм.

  2. Сентиментализм.

  3. Натурализм.

  4. Футуризм.

  5. Формализм.




  1. Көркем шығармадағы адамның өз сөзін қалай атайды:

  1. Диалог.

  2. Мінез.

  3. Портрет.

  4. Монолог.

  5. Ремарка.




  1. Әдебиет теориясының қазақта алғаш оқулығын жазған кім:

  1. А. Байтұрсынов.

  2. Қ. Жұмалиев.

  3. Е. Ысмайылов.

  4. З. Қабдолов.

  5. З. Ахметов.




  1. Образ жасауға қажетті негізгі амал- тәсілдер қайсы:

  1. Баяндау.

  2. Композиция, эпилог, пролог.

  3. Портрет, диалог, монолог.

  4. Сюжет.

  5. Әңгімелеу түрлері.




  1. Қазақ өлеңі қандай теориялық жүйеге жатады:

  1. Метрика.

  2. Тоникалық.

  3. Силабикалық.

  4. Силлаба-тоникалық.

  5. Гаруз.




  1. Көркем шығарманың ең соңғы бөлшегінде кейіпкердің тағдыры туралы баяндау қалай аталады:

  1. Пролог.

  2. Эпистолог.

  3. Ремарка.

  4. Эпилог.

  5. Комедия.




  1. Өлең мен ән-күй қатарласа жүретін сахналық шығарманың аты:

  1. Балет.

  2. Драма.

  3. Опера.

  4. Трагедия.

  5. Комедия.




  1. Үйлену тойына арналған өлеңнің атауы қандай:

  1. Ода.

  2. Сонет.

  3. Элегия.

  4. Эклога.

  5. Эпиталана.




  1. “Комедияның атасы” деп кімді атаған:

  1. Плавт.

  2. Аристофан.

  3. Мольер.

  4. Теренций.

  5. Расин.




  1. Қ. Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз” қандай поэма:

  1. Реалистік поэма.

  2. Романтикалық поэма.

  3. Сатиралық поэма.

  4. Толғау.

  5. Драмалық поэма.




  1. Әдебиет өнердің қай түріне жатады:

  1. Кескін.

  2. Сөз.

  3. Саз.

  4. Ән.

  5. Мүсін.




  1. А.Байтұрсынов өнерді нешеге бөлген:

  1. 4.

  2. 5.

  3. 6.

  4. 3.

  5. 7.




  1. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігі қалай айтады:

  1. Тәсіл.

  2. Стиль.

  3. Мектеп.

  4. Ағым.

  5. Әдіс.




  1. Э. Золя негізін қалаған әдеби ағым:

  1. Символизм.

  1. Натурализм.

  2. Формализм.

  3. Кубизм.

  4. Футуризм.




  1. Әдебиеттің таптығы, партиялығы, халықтығы принциптері қай әдіске жатады:

  1. Романтизм.

  2. Сыншыл реализм.

  3. Ағартушылық реализм.

  4. Социалистік реализм.

  5. Реализм.




  1. Әңгіме қандай жанрлық түрге жатады:

  1. Орта көлемді эпикалық түр.

  2. Кең көлемді эпикалық түр.

  3. Шағын көлемді эпикалық түр.

  4. Лирика.

  5. Драма.




  1. Фигураның түрін тап : Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр Қар үстінде қан тамар, Қанды көр де, бетім көр.

  1. Градация.

  2. Антитеза.

  3. Анафора.

  4. Арнау.

  5. Инверсия.




  1. Сөз орнын ауыстыруды не дейміз:

  1. Эллипсис.

  2. Инверсия.

  3. Эпифора.

  4. Сарказм.

  5. Градация.




  1. Өзара шектес заттармен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдануды не деп атаймыз:

  1. Метафора.

  2. Аллигория.

  3. Ирония.

  4. Метонимия.

  5. Гипербола.




  1. Драма жанрының түрі:

  1. Әңгіме.

  2. Ода.

  3. Поэма.

  4. Трагедия.

  5. Очерк.




  1. Алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асыра суреттеуді не дейміз:

  1. Градация.

  2. Инверсия.

  3. Эпифора.

  4. Антитеза.

  5. Анафора.




  1. Образдың сыртқы кескін-келбетін көркем шығармада қалай атайды:

  1. Прототип.

  2. Портрет. C)Мінез.

  1. Характер.

  2. Тип.




  1. Көркем әдебиеттің өзіне тән және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы не деп аталады:

  1. Текстология.

  2. Библиография.

  3. Историография.

  4. Архивтану.

  5. Полеография.




  1. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардан бейнеленуі қалай аталады:

  1. Деталь.

  2. Оқшау эпизодтар.

  3. Интерьер.

  4. Пейзаж.

  5. Лирикалық шегініс.




  1. “Сюжет” сөзі қай халықтың тілінен шыққан:

  1. Ағылшын.

  2. Француз.

  3. Неміс.

  4. Латын.

  5. Грек.




  1. “Мазмұн мен форманың бірлігі” атты еңбектің авторы:

  1. Т.Кәкішев.

  1. С.Қирабаев.

  2. М.Дүйсенов.

  3. З.Қабдолов.

  4. З.Ахметов.




  1. “Поэзия өнері туралы” трактаттың авторы кім:

  1. Әл-Фараби.

  2. Ибн Сина.

  3. Бируни.

  4. Омар Хаям.

  5. Әл-Хорезми.




  1. Батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыс образдары қандай образдар:

  1. Реалистік.

  2. Романтикалық.

  3. Драмалық.

  4. Лирикалық.

  5. Юморлық.




  1. Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасын не дейміз:

  1. Тақырып.

  2. Образ.

  3. Идея.

  4. Характер.

  5. Сюжет.




  1. Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөзді не дейміз:

  1. Теңеу.

  2. Эпитет.

  3. Табу.

  4. Ассонанс.

  5. Диалектизм.




  1. Әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексертіп, зерттеумен және әдеби айналымға кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын әдебиеттанудың көмекші саласын көрсетіңіз:

  1. Палеография.

  2. Стилистика теориясы.

  3. Әдеби сын теориясы.

  4. Историография.

  5. Текстология.

  1. Поэтика негіздері тұңғыш рет жүйелей баяндалатын «Поэтика өнері жайында» атты трактаттың авторы кім:

  1. Анандавардхана.

  2. Буало.

  3. Платон.

  4. Аристотель.

  5. Әл-Фараби.




  1. Әдебиеттанудың өзіндік нысаны, нысанасы, мақсаты, міндеті нақтыланған дербес ғылым ретінде қалыптасқан кезеңін көрсетіңіз:

  1. Антикалық дәуір.

  2. Классицизм дәуірі.

  3. Александриялық филология дәуірі.

  4. Қайта өрлеу дәуірі.

  5. Романтизм дәуірі.

  1. Б.д.д ХҮІ – Ү ғасырларда қытай тілінде жазылған, өнер жайындағы ең алғашқы пікірлер ұшырасатын ежелгі ескерткішті белгілеңіз:

  1. «Дхваньялока».

  2. «Шуцзин».

  3. «Натьяшастра».

  4. «Аштадхйайи».

  5. «Махабхашия».




  1. Әдебиеттану тілді қай тұрғыдан қарастырады:

  1. көркем идея.

  2. Қарым-қатынас.

  3. Белгілер жүйесі.

  4. Ойлау пішіні.

  5. Әдеби шығармашылық материалы.




  1. Қаламгердің ақиқат болмысты образды бейнелеу ерекшеліктерін әдебиеттанудың қай саласы қарастырады:

  1. Әдебиет сыны.

  2. Жалпы поэтика.

  3. Әдебиет тарихы.

  4. Әдебиет теориясы.

  5. Текстология.




  1. Әдебиеттанудың қай саласын әдебиетті зерттеудің тәсілдері мен негізгі ұстанымдарын айқындайды:

  1. Поэтика.

  2. Әдеби сын тарихы.

  3. Әдебиет теориясы.

  4. Поэтика тарихы.

  1. Мәтін түсініктемесі.




  1. Зерттеу нысанасы әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі болып табылатын әдебиеттанудың көнеден келе жатқан саласын көрсетіңіз:

  1. Әдебиет тарихы.

  2. Поэтика.

  3. Текстология.

  4. Библиография.

  5. Историография.




  1. Көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым қалай аталады:

  1. Лингвистика.

  2. Стилистика.

  3. Поэтика.

  4. Әдебиеттану.

  5. Әдебиет тарихы.




  1. Әдеби және әдеби-сын шығармалардың, жекелеген қаламгерлер мен сыншылар шығармашылықтарының, сондай-ақ көркемдік әдіс-тәсілдердің, әдеби түрлер мен жанрлардың тарихи орнын және ерекшеліктерін бағалауға негізделген әдебиеттанудың саласын атаңыз:

  1. Тарихи поэтика.

  2. Әдебиет сыны.

  3. Әдебиет тарихы.

  4. Жалпы поэтика.

  5. Әдеби сын теориясы.




  1. Әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру және әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау мақсатында жинақталған көркем әдебиет және әдебиеттануға қатысты еңбектердің көрсеткішін атаңыз:

  1. Библиография.

  2. Мәтін түсініктемесі.

  3. Текстология.

  4. Архивтану.

  5. Поэтика тарихы.




  1. Әдеби сын теориясы, әдеби сын тарихы, поэтика тарихы, стилистика теориясы әдебиеттанудың қандай салалары болып табылады:

  1. Негізгі.

  2. Қосалқы.

  3. Көмекші.

  4. Жетекші.

  5. Басты.




  1. А. Байтұрсыновтың әдебиет теориясына арналған еңбегін көрсетіңіз:

  1. «Сөз өнері».

  2. «Әдебиет теориясы».

  3. «Қазақ өлеңінің құрылысы».

  4. «Поэтикалық өнер».

  5. «Әдебиет танытқыш».




  1. Көркем мәтіннің негізін көрсетіңіз:

  1. Сюжет.

  2. Тақырып.

  3. Идея.

  4. Сөз.

  5. Образ.




  1. Ғылымнан өнердің басты ерекшілігі неде:

  1. Нақты деректер арқылы дәлелденуінде.

  2. Абстрактілі ойға негізделуінде.

  3. Дәйекті пікір айта бірлуінде.

  4. Тиянақты тұжырым жасай алуында.

  5. Өмірлік шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелеуінде.




  1. Әдебиетті өнердің қай түріне жатқызамыз:

  1. Кеңістіктік өнер.

  2. Уақыттық өнер.

  3. Халықтық өнер.

  4. Уақыттық-кеңістіктік өнер.

  5. Ұлттық өнер.




  1. Әдебиеттің тәрбиелеушілік міндеттері қалай шешім табады:

  1. Көркем идея арқылы.

  2. Жалпыадамзаттық сипаты арқылы.

  3. Ұлттық сипаты арқылы.

  4. Танымдық сипаты арқылы.

  5. Халықтығы арқылы.




  1. Әдебиеттің халықтығына өлшем болатын жағдайды көрсетіңіз:

  1. Ұлттық көкейкесті мәселені жазу.

  2. Көркем образ жасау.

  3. Әлеуметтік идеяны көрсету.

  4. Мазмұн мен пішін бірілігінің сақталуы.

  1. Дәуірдің ең озық иделдарына негізделген өмірлік ақиқатты суреттеу.




  1. Көркем туындының әңгімелеп айтуға болатын мазмұны қалай аталады:

  1. Әдеби тіл.

  2. Фабула.

  3. Композиция.

  4. Сюжет.

  5. Пішін.


  1. Халықтың ой-санасы мен жан дүниесін бейнелеу және халыққа қызмет ету әдебиеттің қандай сипатын белгілейді:

  1. Әдебиеттің тарихылығы.

  2. Әдебиеттің образдылығы.

  3. Әдебиеттің халықтығы.

  4. Әдебиеттің заманылығы.

  5. Әдебиеттің идеялығы

ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша А


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет