Әдебиеттерге аналитикалық шолу 7 Зерттеу ауданының табиғи ауа-райына шолу 9



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі325.5 Kb.
#205829
1   2   3   4

9. ЖАНУАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конститциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады –бүкіл халықтың игілігі .

Нарынқол орман және жануарлардың дүниесін қорғау жөніндегімемлекеттік мекемесінде 53 адам қызмет атқарады, оларды атқаратын қызметіне байланысты. Орман және орман шаруащылығының-36 адам, егерь және арнайы аң шаруашылығының - 6 адам. Біріншілері тұрақты «стацонарды» екіншілері–оперативті күзет ұйымдастырады. Бақты, жануарларды Қорғау, өсіру және қорын пидалану ТҚААҚ Министерлігі коллегиясының «Браконьерлікке Күресті күшейтудегі шаралар» шешімі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонімен қатар, браконьелікпен және басқа табиғаттқа зиян келтірушікпен күресті басқаратын штаб «немесе орталық» 2003 жылы құрылды. Бұл құрылым табиғатты қорғау прокуратурасымен және ауданды ішкі істер басқармасымен тығыз жұмыс жасауда. Қорықтағы браконьерлермен және табиғат заңдылықтарын бұзғандармен күресуге егерлермен аңшылық мамандардан құрылған бес оперативті топ жұмыс істейді. Өкінішке орай, бұл топтардың материалды–техникалық жабдықталуы ойдағыдай емес .

Бөлінген автокөлігі бітпейтін жөндеуде, сол себепті оперативтік топ өздерінің көліктерімен жұмысқа шығады. Қару мәселесіде тапшы.

Аталған сонғы 2-3 жыл ішіндегі жетістіктерге қарамастан, табиғатты қорғауда айтарлықтай шешілмеген қиындықтар бар. Қазақстан Республикасының 03.08.2000 жылы –1176 (ҚР Заңдарын жүзеге асыру) Кейбір қору түрлеріне мемлекет тұрғысынан бақылау ,, атты қаулы жарық көрген соң, Нарынқол орман және жануарлардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі мамандарыеың қызыметте қолданатын атқыш қаруларның алынып,қару сақталатын қоймаға тапсырылды. ҚР 04.09.2001.жылы –140 Жануарлар дүниесіне тигізген зияны үшін өтелетін өтемкөлемі туралы қаулысында, заң бұзушының әлеуметтік жағдайы есепке алынбаған, осының әсерінен айыппұл тағылғанмен, оны өтеу үлкен мәселеге айналуда.



10. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Еңбекті қорғау әрбір салада, оның ішінде аң шаруашылығында негізі роль атқарады.

Еңбек қорғаудаң аң шаруашылығында мәні еңбек процесі кезендегі қауіптілікке байланысты еңбек жағдайын жасау.

Кездейсок жағдайлардын себептерін жарақат алуды және ауруға ұшырауды жою үшін еңбек қорғау бойнша жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек.

Сондықтан аң шаруашылығындағы бригада өндірістік жарақаттануды жібермеу және еңбек жағдайын неғұрлым жақсарту мақсатында техниқалық персонал, әкімшілік тараптан жұмыстар атқарылуда.

Жаңадан қелген жұмысшылармен сөзсіз кіріспе нұңсқау және техника қаупсіздігі бойынша нұсқау жүргізілуі керек. Квартал сайын декада басында нұсқауды қайталап жүргізіп және журналға тіркеп отыруы тиіс.

Техника қаупсіздігін бұзған жағдайда кезектен тыс нұсқау жүргізіледі. Жумысшыларға разрыд беру үшін аттестация жүргізіледі. Квалификация комиссиясы әрбір жұмысшының кәсіби шеберлік деңгейін анықтап, оған сәйкес разряд беріледі. Әкімшілік бөлімшелерде қоғамдық бақылау журналы бар, онда ескертулерді техника қаупсіздігі бойнша қалпына келтіру ұсыныстары жазылады. Қалпына келтіру мерзімі және оның орындалуына жауапты адам белгіленеді.

Мекеме әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы арасында жыл сайын еңбек қорғау бойынша шарт жасалынады. Онда өндірістегі ауру мен жарақат алушылар сынын азайту шаралары жасалынады. Қару-жарақ техника мен жұмысшы киімдерін дайндау және тексеруден өткізу. Жұмысшыларға жұмыстың инструкциясын түсендіру және техника қаупсіздігін ережелерін ескеру керек.

Еңбек қорғау техника қаупсіздігі бойнша жұмыс еңбек қорғау ережелеріне жүктеледі.

Қорытынды
Кең байтақ қазақ жерінде мекендейтін сүт қоректілердің ішінде ең маңыздыларының бірі аса бағалы әрі құнды терісі үшін ауланатын аңдар. Олардың ішінде ең негізгісі ондатра, ақтиін, суыр, қызыл түлкі, қасқыр, қарсақ, борсық және т.б. Ал құстардың ішінде ең маңыздыларының бірі қырғауыл, аққу, қаздар, жабайы үйректер аққұтандар, бүркіт, ителгі, құрлар, улар т.б. Соңғы 20-25 жылда республикамызда аң терілерін құс еттерін, жүндерін дайындау 30-40 жылмен салыстырғанда бірнеше есе төмендеп кетті. Оның басты себебі, кейбір жабайы аңдар мен жабайы құстардың санын азайып кетуінен емес, негізінен, шаруашылықтың дұрыс жүргізілмей отырғандығынан. Егер аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойсақ, бағалы терілер дайындау, дәмді ет, жүн аулау толық мүмкіндік бар. Сондай-ақбағалы аңдарды, құстарды аулау тек құнды елтірі ғана беріп қоймай, сапалы ет, жүн, әртүрлі ауруларға ем болатын витаминдерге бай майлар, күнделікті тұрмысқа қажетті материалдар береді. Хайуанаттардың тіршілігімен толық танысу үшін олардың жан-жақты терең зеттеу керек, бұл бізге олардың даму тарихын білуге, оларды қорғау мен тиімді пайдалану негіздерін жасауға мүмкіндік береді.Экспортқа қырғауыл құйрықтарын, аққу, қаз, үйрек, доңыз еттерін шығаруға болады. Жәрмеңкелерге қоқиқаз қанаттарын, аққу өті, сондай-ақ аққұтанның қауырсындарын жоғары бағаланған, бөкеннің мүйіздерінде көрмеге қоюға болады.

Соңгы жылдары әлемдік қауіп тудырып отырған «құс тұмауы» ауруы шығуына байланысты, кейінгі кезде оларды ұстауға көп мүмкіндік болмай отыр.



Қорыта келе болсақ, Нарыңқол мемлекеттік орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі көбіне жабайы жануарлар дүниесіне аса назар аударып отырған жоқ, мұның себебі мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаржының жоқтығынан деп түсінуге болады. Қазіргі кезде мекеме көбінен шыршаны дайындау жағына көңіл бөлуде. Егерде мемлекет тарапынан көмек ретінде қаржы бөлінсе шетелдік туристік аңшылыққа дамытуға әбден мүмкіндік болар еді. Мекемеде кәсіптік ауланатын түр болып сұр суыр саналады. Тіпті осы суырдың терісі, еті мен майын іске асырса үлкен пайда келтіруге болады. Басқа жануарларды лицензия арқылы аулап жатыр. Осы ауланған жануарлардың лицензиясынан түскен ақша өз қорына берілсе, сонда ғана көшіміз алға жүрер еді. Сонымен қатар брокенерлерден қорғап, аң қорын молайтып туған табиғатымызға дұрыс көзқараспен қарауымыз қажет деп түсінемін.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Куәлік 8-1907-02-ММ Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, 2005 ж.

  2. Ереже Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, 2005 ж.

  3. Проект организации и развития охотничего хозяйства Нарынколского лесохозяйственного предприятия Алматинской области 1992-1993 г.г.

  4. Сводный отчет Нарынколского ГУ лесного хозяйства за 2001-2005 г.г.

  5. А.А.Слуденский – Труды института зоологии АН Каз ССР, Алматы, 1956

  6. Л.В.Шапочников. Охрана природы в СССР. М., Знание, 1961

  7. Б.К.Штекман. Первые последователи Кастьня. М. Географгиз, 1949

  8. Спангберг В.П. – Записки натуралиста. МГУ, 1986

  9. Фейгин Л.П. Фазаны СССР. М-Л, издательство АН СССР, 1952

  10. Гугаринов А.Я., Козлов Е.В. (1945) – Жизнь птиц на зимовне в Кызылагачском заповеднике им. С.М.Кирова

  11. Карелин Л.В. (1879) – Избранное о животных. М., изд. Литература, 1972

  12. А.П.Потанов «Птицы СССР». Курообразные, журавлеобразные, Л., 1984, с. 119-195

  13. Коликаров Д.Ю. Методические указание по учетучисленности охотничье-промышленных животных в условиях Узбекистана, ІІ информационное сообщение, №126, Ташкент, 1975, 23 с.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет