Әдептілік –тәрбие бастауы Этика


Педагог пен оқушының жеке әлеуметтік - психологиялық өзара қарым - қатынасындағы педагогикалық әдептің алатын орны 1. Қатынас жасау, тілдесу өнері



бет3/5
Дата17.11.2022
өлшемі24.08 Kb.
#465057
1   2   3   4   5
Әдептілік-тәрбие бастауы

Педагог пен оқушының жеке әлеуметтік - психологиялық өзара қарым - қатынасындағы педагогикалық әдептің алатын орны
1. Қатынас жасау, тілдесу өнері:

▪ өз мінез - құлқын, сезімдерін басқара алу;
▪ бақылай, қадағалай алу;
▪ назарды басқа жаққа аудара білу;
▪ тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
▪ “жүзіне қарап оқи алу”;
▪ оқушылармен байланыс жасай алу.
2. Педагогикалық іс - әрекетте қарым - қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу, өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу, оған ықпал ету және т. б.);
Қарым - қатынас жасау арқылы шешетін мәселеңізді айқын және нақты тұжырымдап алыңыз;
3. Қарым - қатынас жасаудың стратегиясы мен әдіс, жолдарын ойластырып алыңыз, баланың санасы мен мінез - құлқына ықпал ететін әдістерді таңдап алыңыз;
4. Тәрбиеленушілермен қарым - қатыста тілдесуді “тік”, жоғарыдан төменге қарай емес (педагог баладан биік), керісінше, “көлденең” (педагог пен оқушы бірдей) дәрежесінде ұйымдастырған жөн;
5. Балалармен қарым - қатынас жасауда олардың көңіл - күйін түсінуге талпыныңыз, сыныптағы климаттың кішкентай болса да өзгерістеріне назар аударып тұрыңыз;
6. Тәрбиеленушілермен қарым - қатынастағы бастаманы өз қолыңызға алыңыз, есіңізде болсын, өзіндік бастама оқушылармен ынтымақтастықты жасауға Сізге көмектеседі;
7. Тілдесу кезінде өзіңізді еркін ұстаңыз, ешқандай бөгеліп қалушылық, бейберекет қозғалыс, бос күлкі болмау керек;
8. Балалармен сөйлесуде белгілі бір қалыпты ұстанудан алыс болыңыз:
өзіңізді өзіңіз ұстай білуде, оқушылардың мінез - құлқына деген таптаурындық қарсы шығуларда, алдын ала жасалынған жоспар бойынша тілдесуде және т. б.;
9. Кейбір оқушыларға деген келеңсіз ойларыңызды, қарым - қатынасыңызды көрсетпеуге тырысыңыз;
10. Оқушылармен қарым - қатынаста мақтауды, мадақтауды, қолдау көрсетуді, мақұлдауды қолданыңыз;
11. Оқушыларды ести және тыңдай алу керек;
12. Жиі - жиі күліп жүріңіз, күлкі балалармен тілдесуге, қарым - қатынас жасауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет