Әдептілік –тәрбие бастауы Этика



бет5/5
Дата17.11.2022
өлшемі24.08 Kb.
#465057
1   2   3   4   5
Әдептілік-тәрбие бастауы

Мимика – беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл - күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.
Педагогикалық техника педагог іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды:
Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек;
Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек;
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне - өзі сенімді болуы керек.
Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы:
▪ Түзу дене күй – сенімділік, зеректік, кішіпейілділік;
▪ Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу – қызығушылықтың жоқтығы;
▪ Қырымен тұру – теріс, негативті қарым - қатынас;
▪ Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею – дұрыс, оң қарым - қатынас;
Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.


Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең

Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.

Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.

Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.

Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет