Әдептілік –тәрбие бастауы Этика


Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс



бет4/5
Дата17.11.2022
өлшемі24.08 Kb.
#465057
1   2   3   4   5
Әдептілік-тәрбие бастауы

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
▪ Балаларға әрқашан сенім көрсету;
▪ Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесу;
▪ Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру;
▪ Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға болу;
▪ Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға болу;
▪ Балалардың, әріптестердің ішінде өз сезімін ашық білдіру;
▪ Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылу.
▪ Педагогикалық жағдайлар:
1. Бірінші бағамда оқитын Айдын сабақтан кейін мұғалімнің үстеліне таянып: “Білесіз бе, мен Сізден кеңес алайын деп едім....” деп сөзін бастап еді, мұғалім: “Сен мұғалімнің алдында қалай тұрсың?” – деп ашуланады, содан кейін ғана: “Менен не сұрайын деп едің?” – “Жоқ, ешнәрсе” – деп Айдын түнере жауап береді де, сыныптан шығып кетеді.
2. Екінші бағамда оқитын Айгүлге келген хат мұғалімнің қолына тиеді. “Төлегеннің түрі!” – деп, ұстаз хаттағы қателерді түзей бастайды. “Төлеген” сыныптан атып шығады да, мектепке келмей қояды.
Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені.
Педагогикалық техника дегеніміз:
▪ дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);
▪ жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;
▪ өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл - күйін - басқара алу икемділігі;
▪ өзін - өзі сырттай көре алу икемділігі (әлеуметтік перцепция).
Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет