Әдістеме сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық ЖӘне технологиялық нормаларын анықтау мазм ұ н ы


Сумен жабдықтау және су бұру сорғы станцияларында техникалық қызмет көрсету



бет3/52
Дата14.06.2016
өлшемі7.1 Mb.
#135784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Сумен жабдықтау және су бұру сорғы станцияларында техникалық қызмет көрсету

Сорғы станциялар құрылыстары мен жабдықтарын жосжұплы алдын ала жөндеу жүйесі сорғы станциясының мерзімнен бұрын тозуының, аварияның алдын алу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында құрылысты қадағалау және күтіп ұстау жөніндегі және жөндеудің барлық түрлеріне қатысты бұрын жасалған жосжұп бойынша жұмыстарды шамалайды. Авариялық сипатты ақаулар, сондай-ақ кішігірім кемшіліктер дереу жойылады. Сорғы және ауаүрлегіш станцияларын жосжұплы алдын ала қарау және жосжұплы алдын ала жөндеу жұмыстары, сорғы және ауаүрлегіш станцияларын ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстардың негізгі түрлерінің тізбесі, қарау, жөндеу мерзімдері және олардың кезеңділігі /7-14/ ұсынымдарына сәйкес қабылданады.

Материалдық ресурстарын талап ететін сорғы тсанцияларын жөндеу жұмыстарына тән түрлері мыналар:


  • зауыт-өндірушілердің талаптарына сәйкес қоғалтқыш тетіктері үшін майлау операцияларын жүргізу;

  • қызмет мерзіміне сәйкес тозған немесе авариялық жай-күйдегі тетіктерді ауыстыру;

  • тығын-сақиналарды, аратөсемдерді, бұрандамалар мен сомындарды, қосу жалғастырғыштарды, мойынтіректерді, кілтектерді, түйрегіштерді және т.б. ауыстыру;

  • құбырлардың учаскелерін, жапқыш-реттеуші арматураны, сақтандырғыш және кері клапандарды ауыстыру және олардың жеке элементтерін ауыстыру.

Сорғы станциялар мен басқа объектілерде қолдануды талап ететін жүккөтергіш жұмыстарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың тізбесін және оған материалдық ресурстар шығыны нормаларын таңдау «Жүккөтергіш крандарды орналастыру және қауіпсіз пайдалану ережесіне» /47/ сәйкес белгілеу ұсынылады.

Отандық өндірісінің әртүрлі типті және маркалы сорғыларды жөндеу үшін материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығын нормалары /21, 34, 35, 50-52/ қабылданған деректер бойынша анықталады. Импорт өндірісінің сорғыларына техникалық қызмет көрсету техникалық регламентке және зауыт-өндірушінің техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.




    1. Электрқозғалтқыштарға, электржабдықтарға, электртаратқыш құрылғыларға және трансформаторлы қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету

Сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының электртехникалық жабдықтарын жосжұплы алдын ала қарау мен жосжұплы алдын ала жөндеудің құрамы мен жүргізу көлемін өндірістік энергетикасында /7-14, 45, 49/ пайдалану тәжірибесінің негізінде анықталады.



Ағымдық жөндеу кезінде қосымша материалдық ресурстарды талап ететін жұмыстарға тән түрлері:

  • электрқозғалтқыштар: ауыстырусыз статорор мен ротор орамдарының зақымдарын жою, орамды лакпен қайта жабу, фланец аратөсемін ауыстыру, тербеліс мойынтірегін жуу және қайта майлау, щетка механизмін жөндеу, щеткаларды ауыстыру және басқа;

  • электртаратқыштардың ауа және кабельді желілері: тіреулерді жөндеу, зақымданған оқшаулағыштарды ауыстыру, желілердің жеке учаскелерін қайта тарту, разрядтаушыларды тексеріп түгендеу және жөндеу, шұңқырлар мен қосу жалғастырғыштарға кабельді мастика құю;

  • жарықтандыру желілері: сынған оқшаулағыштар мен роликтерді ауыстыру, желілердің жеке учаскелерін қайта тарту, жөндеу немесе ауыстыру, штепсельді, розетканы, ажыратқышты, сақтандырғыш ауыстыру, тарату және алдын алу қалқандар мен қорабтарды жөндеу және басқа;

  • күш трансформаторы: трансформатордың май өлшеуіш шынысын, бакттары мен қақпағын жөндеу және ауыстыру, трансформаторға май құю, қайта қосу құрылғыларын жөндеу немесе ауыстыру, термосифонды сүзгілерде сорбентті ауыстыру және басқа.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланудың осы құрамды бөлігінің құрылыстары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын негізгі материалдық ресурстар мыналар:

  • электрқозғалтқыштарды жөндеу жұмыстары үшін қолданылатын материалдар: әртүрлі профильді қара және түсті металдар, резиноасбестті аратөсемді оқшаулау тығыздау материалдары, метиздер, майлау материалдары, лак бояу материалдары және басқа;

  • электртаратқыштардың ауа және кабель желілерін жөндеу кезінде қолданылатын материалдар: сым және кабель өнімі, электроқшаулау материалдары және басқа;

  • жарықтандыру желілерін жөндеу үшін қолданылатын материалдар: сым және кабель өнімі, электртехникалық таратқыш және сақтандырғыш арматура, жарықтандыру құралдары, электроқшаулау материалдары және басқа;

  • күш трансформаторын жөндеу үшін қолданылатын материалдар: түсті металдар мен қоспалар, метиздер, аратөсемді және лак бояу материалдары мен басқа.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде электртехникалық жөндеу жұмысы үшін электртехникалық материалдардың, қосалқы бөлшектердің шығын нормалары энергетика өндірісінде қабылданған нормалар бойынша алынады /48-50, 51, 52/.


    1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде пайдаланылатын басқа материалдық ресурстарды нормалау


Санитарлық қорғау аймақтары (СҚА). Қолданыстағы нормативтік құжаттамаларға сәйкес /4, 54, 55/ пайдаланушы кәсіпорындар абаттандыруды және қорғау мен санитарлық режимін (екпе ағаштарды суары, қоршау құрастырмаларын жөндеу, сигналдау) сақтауды болжамдайтын санитарлық қорғау аймақтарының аумағын пайдалануды жүзеге асырады. Режим жағдайы бар санитарлық қорғау аймақтары су тарту және жерүсті көздерінде, олардың орналасқан жерінде, жерасты су тартулардың маңында, сутазартқыш құрылыстардың алаңында орналастырылады. Қоршау құрастырмаларын (қабырғаларды, тікенді сым, темірбетонды тіреулерді және басқаларды) жөндеу жұмыстары үшін жалпы құрылыс материалдарының шығын нормалары жалпы құрылыс жұмыстар жүргізу үшін әдістемеге сәйкес анықталады. Аумақты және (екпе ағаштарды суару үшін судың технологиялық нормалары /4/ ұсынымдарға сай белгіленеді.

Сумен жабдықтау жүйелеріндегі жылуэнергетика объектілері. Сарқынды суды тазартудың технологиялық схемаларында кейбір жауын-шашынды өндеу процсетерін жүргізу жылу энергиясын пайдалануға қатысты болады. Мысалы, метантектерде жауын-шашындарды ашыту (t = 33-35 0С болған жағдайда - мезофильді процесс; t = 53-55 0С болғанда - термофильді процесс). Жоғары температураның қажеттілігі (әсіресе жылдың суық кезеңінде) бірқатар жағдайда су бұрудың тазарту құрылыстарында өзінің жеке қазандықтарының есебінен қамтамасыз етіледі және жылуэнергетика объектілеріне техникалық қызмет көрсетуге байланысты болады. Мұндай жағдайларда жұмыстың негізгі түрлерінің тізбесін, қолданылатын материалдық ресурстардың тізбесін, материалдық ресурстар шығынының техникалық нормаларын осы жағдайда жабдыққа байланысты (сорғылар, электрқозғалтқыштар, құбырлар және басқалар) экономиканың жылуэнергетикалық саласында /51, 52/ және басқа салаларда қолданыстағы ұсынымдар бойынша анықтау ұсынылады. Сарқынды суды тазарту технологиясында пайдалану үшін жылу энергиясының технологиялық нормалары ҚНжЕ /5/ ұсынымдары бойынша белгіленеді. Құрылыстың (қазандықтардың ғимараттарын) ағымдық жөндеу үшін материалдардың тізбесі және құрылыс материалдарының нормаларын таңдау жалпы құрылыс жұмыстарын орындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Авто және арнайы көлік. Құрылыстарды, механизмдер мен жабдықтарды жосжұплы алдын ала жөндеу жүйесі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану бойынша автомобиль мен арнайы көлік жұпкіне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлері жөніндегі жұмыстарды болжамдайды (автомобильдер мен арнайы көлік, тракторлар, бульдозерлер, крандар, грейдерлер, компрессорлар және т.б.). Механизмдерге арналған жөндеу материалдары мен қосалқы бөлшектердің шығын нормалары экономиканың әртүрлі салаларында пайдаланылатын ұқсас механизмдер мен жабдықтар үшін белгіленген нормативтер /38-44/ бойынша анықталады. Авто және арнайы көліктер үшін жанар-жағармайлар мен пайдалану материалдарының тізбесі мен шығын нормалары Ережеге /37/ сәйкес белгіленеді. Авто және арнайы көліктердің кейібр типтері мен маркаларын пайдалану кезінде, сондай-ақ имопрт өндірісінің қазіргі азамнғы техникасын пайдалану кезінде басқа нормативтік құжаттарды, техникалық регламенттерді, оның өндірушілерінің нұсқаулықтары мен пайдаланушы кәсіпорындардың әдістемесін қолдануға болады. Қажет болғанда басқа, соның ішінде кәсіпорындарда әзірленген және тиісті есептермен расталған нормативтік құжаттардың пайдаланылуы мүмкін.

Зертханалық және арнайы ыдыс, құралдар мен жабдықтар. Пайдаланушы кәсіпрпындардың су сапасын бақылау зертаханаларын жабдықтау сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін пайдалану ережелеріне /9, 13, 14/ және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының талаптарына сәйкес анықталады. Сумен жабдықтау және су тарту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету процесінде медициналық, химиялық және басқа салаларда қабылданған материалдық ресурстарының осы тізбесі мен нормативтері үшін белгіленген шығын нормалары бойынша зертханалақы ыдыстардың шығынын толтыру, құралдар мен зертханалық жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру жүзеге асырылады.

Техникалық қызмет көрсетуге арналған құрылыс және арнайы қол және механикалық құрал-саймандары. Ережелерде /9, 13, 14/ белгіленген кәсіпорындар санатына байланысты мұқтаждылық есеп тәртібі, тозу мерзімін ескеріп, шығын және оны толтыру нормалары ҚНжЕ /19/ сәйкес немесе осы кәсіпорынның есеп әдістемесіне сәйкес кәсіпорынның нақты мұқтаждылық негізінде айқындау ұсынылады.


  1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде ресурс үнемдеудің негізгі проблемалары

Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдалану кезінде су үнемдеудің басты проблемасы негізгі қорлардың қатты тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша елімізде сутартқыштардың ұзындығы 24 мың км, оның ішінде көше бойы – 14,9 мың км құрайды, оның 47,7 % ауыстыруды қажет етеді. Сутартқыштың бас коллекторлары мен көше желілерінің ұзындығы 10,5 мың км құрайды, оның 2,3 мың км ауыстыруды қажет етеді. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша тозудың орташа деңгейі құрылыстар бойынша 58 %-дан (суқұбырлы сорғы станциялары) 74,2 %-ға дейін (сутартқыштың тазарту құрылыстары), желілердегі су шығыны 32 % құрайды. Судың жан-жақты есепке алынбауы су үнемдеудің негізгі проблемасының бірі болып табылады. Пайдалануға алынатын барлық судың 70 % шамасында ауыл шаруашылығында, 22 % - өнеркәсіпте, 8 % - коммуналдық-тұрмыстық мақсатта шығындалады. Егер өнеркәсіпте суды есепке алу 100 %-дық, коммуналдық-тұрмыстық секторында - 72-75 % жүргізілсе, онда ауыл шаруашылығында суды есепке алу өте төмен деңгейде жүргізіледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында су шығыны 50 %-ға дейін және одан артық ысырап болады.

ҚР Заңында жеке суды есепке алу аспабын орнатуға қызмет көрсетушінің міндетті екендігі көзделген, жалпы үйде суды есепке алу аспабын орнату алынып тасталған. Іс жүзінде суды есепке алудың жалпы үй аспабының көрсеткіші мен жеке сомалық көрсеткіштердің айырмашылығы 50 %-ға дейін құрайды. Бұл - судың ысырап болғаны.

Осы уақытқа дейін елімізде ауыз суды дайындауға және оны тұтынушыларға жеткізуге жұмсалған нақты шығынды сипаттамайтын сумен жабдықтау және су бұру қызметінің төмен тарифтері қолданыста, бұл суға ұқыпты қатынасты және оны үнемдеуге бөгет болып отыр. Көптеген мемлекеттерде сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін төлемнің сомалық мөлшері отбасының бір айдағы жинақ табысының пайызында 3-4 % құрайды. Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін төлемнің бұл мөлшері практика жүзінде 10 есе аз. Сумен жабдықтау және су бұру қызметіне қолжетімділік деңгейінің қолданылмайтын әлеуеті бар. Суарналарының табиғи монополияландырылған жай-күйі мен әрдайым аяғына дейін қаржыландырылмау жағдайында әкімшілік, сондай-ақ нарық әдістерімен реттелетін теңдестірілген бағаның сұранысы мен ұсыныстары сияқты экономикалық негізделген тарифтердің рөлі басым болып табылады.



Тапсырысшы ретінде қаланың сұранысы, мемлекеттік тапсырыста сипатталатын қызметтің сапасы мен сенімділіге қойылатын талаптар нақты төлемқабілеттілікке сәйкес болуы тиіс.Сумен жабдықтау және су тарту жүйелеріне, ауыз суды дайындау және сарқынды суды тазарту сапасына қойылатын талаптар қаланың қаржы мүмкіндігін есептеу арқылы анықталады. Суарналардың ресурстық тиімділігі мен негізгі қорлардың жайдайы негізге алынып, желілер мен жабдықтарды жаңғырту және ауыстыру жөніндегі міндеттер, оларды қаржыландыруға сәйкес деңгейі айқындалады. Тұтыну нормативтері ескеріліп, қызметті тұтыну бағасы белгіленеді. Сумен жабдықтау және су тарту секторында тарифтік саясатты анықтау кезінде мынадай негізгі міндеттер шешіледі:

  • қызмет көрсету шарттары, негізгі қорларды ауыстыру, оларды жаңғырту және салу бойынша тапсырмалар ескеріліп, қызмет көрсетуге арналған объективті қажетті шығындарды белгілеу;

  • тиімсіз шығындарды қысқартуды ескерумен қатар, операциялық шығындарды және инвестициялық құрамдық тарифтердің ықтимал өсуін, өндірістің ресурстік тиімділігінің жоғарылауын, төлемқабілеттілігі бойынша максимальды жол берілетін және қызмет сапасы бойынша ақталған тарифті есептеу және қайта құрылымдау;

  • инвестициялық құрамдық тарифті пайдаланудың бағыттарын бағалау және оңтайландыру, жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындарды және инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде пайдалану шығындарын өзгерту, ресурс үнемдеу, қызметті тиімсіз тұтынуды қысқарту бойынша шараларды жосжұплау;

  • реттеуші органдардың талдауы және тұтынушылардың төлем мөлшерін негізсіз жоғарылатуға жол бермеу (тарифтер сияқты, тұтыну нормативтерін жоғарылату арқылы);

  • тарифтерді келісу кезінде қаланың (бюджеттің және халықтың) нақты төлемқабілеттілігін, Суарналардың дебиторлық берешектерінің өсіміне жол бермеу үшін сумен жабдықтау және су тарту қызметін төлеу мүмкіндігін, субсидияланатын отбасылары санының шектен тыс өсуін, сондай-ақ оларға субсидия төлеу үшін бюджетке түсетін жүктемені бағалау;

  • Суарналар шығындарының негізділігіне сараптама жүргізу негізінде өзіндік құны мен кірісті реттеуші оргнадармен бақылау және талдау.

Тұтынушылардың топтары бойынша және тұтыну көлеміне байланысты дифференцияланған тарифтерді енгізуге мүмкіндік беретін «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы № 255-IV Заңы қабылданған. Ол жоғарыда аталған проблемаларды шешуге, сондай-ақ меншікті су тұтынудың жоғары нормаларын төмендетуге, өндірісте сумен қайтара қамту мен суды қайта пайдалану пайызын арттыруға, технологиялық құрылыстарда сумен шаюдан судың ысырап болу көлемін қысқартуға бағытталған. Сумен жабдықтау және су тарту қызметінің нақты тарифтерін енгізу пайдаланушы кәсіпорындарға үлкен кіріс алуға және көп қаражатты тозған негізгі қорларды жаңарту үшін жұмсауға мүмкіндік береді, бұл, нәтижесінде, судың ысырап болуын қысқартуға және су сапасын арттыруға жеткізеді.

Сумен жабдықтау және су тарту секторында қымбаттау факторлардың объективті әсері арқылы әзірлемелерді белсендендіру және судың өзіндік құнын төмендетуге көмек беретін іс-шараларды жүзеге асыру ерекше елелулі маңызды болады. Оларға, бірінші кезектен, тұтынушылардың тиімсіз шығындары мен судың ысырап болуын қысқарту, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдалану кезінде материалдық және энергия ресурстарын үнемдеу, еңбек ресурстарын босату мақсатында жұмысты механизациялау мен автоматтандыру деңгейін арттыру жатады. Су шаруашылығы ұйымдарының негізгі қорлар құрылымындағы активті бөлігінің үлесі елеусіз – 96 % ұзақ пайдалану мерзімі бар ұзақмерзімді құрылыстар қоры. Салада амортизацияның орташа нормасы басқа салалармен салыстырғанда төмен және 3,4-4,0 % құрайды, алайда өнімнің өзіндік құнында амортизацияның меншікті салмағы жоғары. Бұл ретте, салада шығындардың өсу қарқынын төмендетудің басты резервтерін негізгі қорларды пайдаланудың жақсартуынан және оларды кеңейтудегі мұқтаждылықты төмендетуден іздеу қажет. Орташа тарифтердің өсім қарқынына қатысты орташа өзіндік құнның опережаюшие қарқыны Суарналардың тиімділігін төмендетеді. Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің барлық шығындарын өтеуі тиіс реттелетін тарифтер болғанда, кәсіпорындар, оларға қызмет көрсетушілер пайдалану шығындарын жан-жақты қысқартуға және өз қызметтерінің өзіндік құныны төмендетуге мүдделі. Сонымен қатар, Үкімет тозған сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, қайта жаңарту және жаңа жүйелер салу жөнінде, осы іс-шаралардың іске асырылуын және нақты мақсаттарға қол жеткізілуін бақылауды күшейту жөнінде іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту үшін шаралар қарастыруда. Іс-шаралар Ауыз су жөніндегі 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламаға енгізілген.



Қосымша (ақжұпаттық)
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық және технологиялық нормалары
Осы қосымшада келтірілген материалдық ресурс шығындарының нормалары олардың толық тізбесін қамтымаған, онда Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланатын көптеген кәсіпорындармен жиі қолданылатындары ғана сипатталған. Материалдық ресурстардың шығын нормалары Алматы қаласының «Холдинг Алматы Су» МКК «Бастау» ЕМКК, «Тоспа Су» ЕМКК, «Су Желiсi» ЕМКК берген материалдар негізінде келтірілген.

Берілген нормалар ақжұпаттық ретінде қаралуы тиіс, нақты кәсіпорындар үшін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жергілікті шарттарға байланысты нақтылануы және толықтырылуы тиіс.


1-кесте. Су сапасын бақылау үшін материалдық ресурстардың шығын нормалары

р/с

Атауы

Типі, маркасы, МСТ

Өлшем бірлігі

Бірлікке арналған шығын нормасы

1

Сумен жабдықтау жүйесіндегі суға химиялық-бактериологиялық талдау жүргізуге арналған химиялық реактивтер, 1 анықтамаға. (Барлық реактивтер талдау үшін "хт" химическая чистка немесе "түт" квалификациясынан төмен болмауы тиіс).

Нитраттар МСТ 18826-73

1

Азотқышқылды калий

хт, түт, МСТ 4217-77

г

0,722

2

Салицилқышқылды натрий

хт, түт, МСТ 17628-72

г

0,500

3

Натрий гидроксиді

хт, түт, МСТ 4328-77

г

5,600

4

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 14262-78

г

3,660

5

Трихлорметан (хлороформ)

хт, түт, МСТ 20015-88

г

1,490

Жалпы темір МСТ 4011-72

1

25 % сулы аммиак

хт, түт, МСТ 3760-79

г

1,82

2

Хлорлы аммоний

хт, түт, МСТ 3773-72

г

0,214

3

Темір аммоний квасцтері

хт, түт, МСТ 4205-77

г

120

4

Сутегі тотығы

хт, түт, МСТ 10929-76

г

1,1

5

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 14262-78

г

7,32

6

Тұз қышқылы

хт, түт, МСТ 3118-77

г

0,476

7

Сульфосалицил қышқылы

хт, түт, МСТ 4478-78

г

0,4

8

Күкірт қышқылы үстіндегі аммоний

хт, түт, МСТ 20478-75

г

0,02

9

Роданисті калий

хт, түт, МСТ 4139-75

г

2

10

Тұз қышқылы

хт, түт, МСТ 3118-77

г

3

Хлор қалдығы МСТ 18190-72 (метилоранж) 

1

Метилоранж

хт, түт, МСТ 4919.1-77;

ТУ 6-09-5171-84



г

0,000166

2

Тұз қышқылы

хт, түт, МСТ 3118-77

г

0,095

Құрғақ қалдық МСТ 18164-72

1

Көмірқышқылды натрий

хт, түт, МСТ 83-79

г

0,5

Фтор МСТ 4386-89

1

Азот қышқылы (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 6-09-2540-87



амп.

1

2

6-сулы азотқышқылды лантан

хт, түт, МСТ 4919.1-77;

ТУ 6-09-4676



г

0,002166

3

Ализаринкомплексон

хт, түт, МСТ 4919.1-77;

ТУ 6-09-4547



г

0,1927

4

МСҮ фтор ионы

Мемлекетаралық стандарт үлгілері (МСҮ) ретінде танылған мемлекеттік стандарт үлгілерін ҚР қолдануға болады

амп.

1,0

5

Тұз қышқылы (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-33813273-97



амп.

1

6

Концентрлі сірке қышқылы

хт, түт, МСТ 61-75

г

0,32

7

Сіркеқышқылды натрий 3-сулы

хт, түт, МСТ 199-78

г

0,32




Жалпы қаттылығы МСТ 4151-72

1

25 % сулы аммиак

хт, түт, МСТ 3760-79

г

0,906

2

Хлорлы аммоний

хт, түт, МСТ 3773-72

г

0,2

3

Күкірт қышқылы магний (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-07500602-97



амп.

1

4

Трилон Б

хт, түт, МСТ 10652-73

г

0,093

5

Трилон Б

хт, түт, МСТ 10652-73

г

0,280

6

Трилон Б (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-07500602-97



амп.

1,000

7

Қою көк түсті хром

хт, түт, МСТ 36-78

г

0,0028

8

Этил спирті ректификат

хт, түт, МСТ 18300, 5962

мл

0,500




Марганец МСТ 4974-72

1

Азот қышқылы

хт, түт, МСТ 4461-77

г

14

2

Күкірт қышқылы үстіндегі аммоний

хт, түт, МСТ 20478

г

0,4

3

Марганецқышқылды калий (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-49415344-99



амп.

1

4

Азотқышқылды күміс

хт, түт, МСТ 1277-75

г

0,102

5

Күкірт қышқылы

хт, түт, осч, МСТ 14262-78

г

6,11




Мыс МСТ 4388-72

1

25 % сулы аммиак

хт, түт, МСТ 3760-79

г

1,812

2

Натрий диэтилдитиокарбаматы

хт, түт, МСТ 8864-71

г

0,01

3

Шарапқышқылды калий-натрий

хт, түт, МСТ 5845-79

г

2

4

Ерігіш крахмал

хт, түт, МСТ 10163-76

г

0,25

5

Күкіртқышқылды мыс 5-сулы

хт, түт, МСТ 4165-78

г

0,393

6

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 14262-78

г

0,31

7

Тұз қышқылы

хт, түт, МСТ 3118-77

г

0,095




Анықтама рН МСТ 26449.1-85 (электрометриялық әдіс) 

1

Хлорлы калий

хт, түт, МСТ 4234-77

г

0,100

2

рН-метрия үшін стандарт-титрлер

МСТ 8.135-2004;

ТУ 2642-595-00205087-2006



амп.

1




Нитриттар МСТ 4192-82

1

Азот қышқылды натрий

хт, түт, МСТ 4197-74

г

1,497

2

Грисс реактиві

хт, түт, МСТ 4197-74;

ТУ 6-09-3569-86



г

0,400

3

Трихлорметан

хт, түт, МСТ 20015-88

г

1,490

4

Сірке қышқылы

хт, түт, МСТ 61-75

г

0,525




Молибден МСТ 18308-72

1

Молибден қышқылды аммоний

хт, түт, МСТ 3765-78

г

0,184

2

Марганецқышқылды калий (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-07500602-97



амп.

1

3

Роданисті калий

хт, түт, МСТ 4139-75

г

2,000

4

Шарап қышқылды калий-натрий

хт, түт, МСТ 5845-79

г

2

5

2-хлорлы 2-сулы қалайы

хт, түт, МСТ 36-78

г

0,8

6

Металлды қалайы

хт, түт, МСТ 860-75

г

0,1

7

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 4204-77

г

18,3

8

Тұз қышқылы

хт, түт, МСТ 3118-77

г

0,95

9

Изоамилді спирт

хт, түт, МСТ 5830-79

г

8,8

10

Тетрахлорметан

хт, түт, МСТ 20288-74

г

17,49




Қышқылдану МСТ 26449.2-85

1

Марганецқышқылды калий (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-49415344-99



амп.

1

2

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 4204-77

г

8,4

3

Қымыздық қышқыл (фиксанал)

МСТ 4919.1-77;

ТУ 2642-001-07500602-97



амп.

1




ҚР СББЗ СТ МСТ Р 51211-2003 (синтетикалық бетүсті-белсенді заттар) 

1

Фосфорқышқылды калий 1-замещ.

хт, түт, МСТ 4198-75

г

0,12

2

Көк метилен

хт, түт немесе имп. МСТ 491 9. 1-77;

ТУ 6-09-40-5171-84



г

0,007

3

МСҮ натрий додецилсульфаты

Мемлекетаралық стандарт үлгілері (МСҮ) ретінде танылған мемлекеттік стандарт үлгілерін ҚР қолдануға болады

амп.

1

4

Натрий гидроксиді

хт, түт, МСТ 4328-77

г

0,06

5

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 4204-77

г

0,119

6

Трихлорметан

хт, түт, МСТ 20015-85

г

74,50




Хлоридтер МСТ 4245-72 (азотқышқылды күміспен анықтау)

1

Хромқышқылды калий

хт, түт, МСТ 4459-75

г

0,1

2

Хлорлы натрий

хт, түт, МСТ 4233-77

г

0,025

3

Азотқышқылды күміс

хт, түт, МСТ 1277-75

г

0,0288

4

Азотқышқылды күміс

хт, түт, МСТ 1277-75

г

0,072




Хлоридтер МСТ 4245-72 (азотқышқылды сынаппен анықтау) 

1

Азот қышқылы

хт, түт, МСТ 4461-77

г

0,14

2

Азот қышқылы

хт, түт, МСТ 4461-77

г

0,011

3

Көк бромфенол

хт, түт, немесе имп. ТУ 6-09-5421-90

г

0,05

4

Дифенилкарбазон

хт, түт, ТУ 6-09-5215-85

г

0,500

5

Азотқышқылды тот сынабы

хт, түт, МСТ 4520-78

г

0,605

6

Азотқышқылды тот сынап

хт, түт, МСТ 4520-78

г

0,0363

7

Этил спирті ректификат

хт, түт, МСТ 18300-87

мл

1




Түстілігі МСТ 3351-74

1

Екіхромқышқылды калий

хт, түт, МСТ 4220-75

г

0,0875

2

Күкіртқышқылды кобальт

хт, түт, МСТ 4462-78

г

2

3

Мембранды сүзгілер d = 37, 35 мм

ТУ 6-55-221-1029-89,

ТУ 6-55-221-1029-2003



дана

1

4

Күкірт қышқылы

хт, түт, МСТ 4204-77

г

3,6600




Лайлылығы МСТ 3351-74

1

Гексаметилентетрамин

хт, түт, МСТ 1381-73

г

2,5000

2

Күкіртқышқылды гидразин

хт, түт, МСТ 5841-74

г

0,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет