әдістемелік материалдар 2013 жылғы №2 басылым


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет2/11
Дата24.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#12369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Педагогика ғылымының дамуының хронологиялық таблицасын жасаңыз.

2.Педагогика ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз.

3.Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның даласында дамығанын айтыңыз.

4.Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?

Әдебиеттер:

1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.

6.Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002 ж.
Тақырып 2. Шетелдік педагогика тарихындағы педагогикалық идеалар мен мектеп, тәрбие. Қазақ педагогика тарихындағы педагогикалық идеалар мен мектеп.

Мақсаты : Әр түрлі қоғамдық формациядағы білім берудің жүйесі мен педагогикалық идеялардың дамуымен таныстыру.

Жоспар:

1.Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациядағы білім берудің жүйесі және педагогикалық идеялардық дамуы мен тәрбиенің ерекшеліктері.

2.Педагогика ғылымының негізін салушы – Я.А.Коменский ХХ ғасырға дейінгі 3.Қазақстандағы мектеп пен педагогиканың қалыптасы тарихы.

4.Егеменді Қазақстан Республикасының мектебі мен педагогикасы.

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.

Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.

Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».

Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.

Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері



Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.

Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.

Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді –көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет»… Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.

Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын» -деп ұрандады ол.

Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.

«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ», -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.

Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561).

Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.

Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.


Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. «Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама.

XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын бүкіл əлемге жария етті.

XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің «Ғылыми педагогика əдістемесі» кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты.

Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша -мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.

70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды. 80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады.

Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.

Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін жасады.

Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда көрініс берді.

Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.

Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.

Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады.Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.



Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациядағы педагогикалық идеялардың дамуы мен тәрбиенің ерекшеліктерін анықтаңыз.

2. Я.А.Коменский ХХ ғасырдағы Қазақстандағы мектеп пен педагогиканың қалыптасу тарихы туралы хронологиялық таблица жасаңыз.

3.М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы мен қазіргі кездегі кез келген автордың «Педагогика» оқулығына зерттеу жасап, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.



Әдебиеттер:

1.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

2.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

3.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

4.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

5.Ж. Әбиев «Педагогика тарихы» Алматы 2004.


Тақырып 3. Қазақстандағы кеңес кезеңдегі (1917-1991жж.) педагогика ғылыми мен білім жүйесі. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы педагогика ғылымы мен білім жүйесі.

Мақсаты: ҚР қазіргі заманғы білім беру жүйесімен таныстыру, білім беру философиясының мәні ашу.

Жоспар:

1.Қазіргі заманғы білім беру. Жалпы білім беру мазмұны.

2.Білім беру құндылық ретінде.

3.Білім беру философиясы: статусы, мәселелері, болашығы.

4.Білім беру- құндылық, жүйе, процесс, нәтиже.

5.ҚР халыққа білім беру жүйесі.

6.Білім беру мазмұны, ғылыми негізі.

7.Оқу жоспары, бағдарлама, оқулық.

Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.

Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.


Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.

- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).

- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .

- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).

- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).

Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады. Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:

- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,

- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;

- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.

Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па?

Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» - «ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.

Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.

Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:

1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.

2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі

3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.

Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:



- білім беру құндылық ретінде;

- білім беру жүйе ретінде;

- білім беру процесс ретінде;

- білім беру нәтиже ретінде

Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.

1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық;

2) Білім беру - қоғамдық құндылық;

3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.

Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.

Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет. Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық, сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру жүйесінің күрделілігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:

1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;

2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;

3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады.

Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады:

- мектепке дейінгг тәрбие мен оқыту,

- орта білім беру,

- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

- жоғары кәсіптік білім беру.

- жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері.

Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні - мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.

Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.

Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда.

Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.

Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.

Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша

дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.

Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий) жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:

- тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету;

- оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы;

- əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы;

- материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сəйкес келуі;

- жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру;

- осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға сəйкес болуы.

ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған. “Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.

Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.

Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.

Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:

1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;

2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;

3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;

4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;

5) баламалы оқулықтардың қосылуы;

6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.

Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.

Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.

Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп - Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.

Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.

Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі, мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына, типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.

Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.

Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі –бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.

Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде.

Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.

Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары

Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.

Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:

1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені;

2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды;

3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын;

4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін;

5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін;

6) қажетті əдебиеттер ауқымын;

7) бақылау сұрақтарын,

8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.

Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.

Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.

Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.

Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.

Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады.Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.

Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.

Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.

Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды.

Оқулықтың басты көрінісі –мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:

- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);

- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);

- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)

Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет