Әдістемелік нұсқалардың Нысан атақ парағы фсо пгу 18. 3/40



жүктеу 163.8 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі163.8 Kb.
Әдістемелік нұсқалардың Нысан

атақ парағы ФСО ПГУ 7.18.3/40


Казахстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Машинажасау және стандарттау кафедрасы



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

студенттің оқытушымен өзінің жұмысы

пән «Машинажасаудағы стандарттау»

5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандықтың студенттеріне арналған



Павлодар



Әдістемелік нұсқауларды Нысан

бекіту парағы ФСО ПГУ 7.18.3/41





БЕКІТІЛДІ

ОЖ проректоры

___________Пфейфер Н.Э.

«___»___________2012ж.



Құрастырушы:: т.ғ.к, профессор Баймагамбетов Т.Ш.

Машинажасау және стандарттау кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

студенттің оқытушымен өзінің жұмысына

«Машинажасаудағы стандарттау» пән бойынша

5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне арналған


Кафедраның мәжілісі кепілдеген « ___» _________2012 ж.

Хаттама №

Кафедра меңгеруші_____________Ықсан Ж. М.. «____» _______2012 ж.
ММЖжК факультетінің оқу - әдістеме кеңесі мақұлдаған

«____» __________2012 ж. Хаттама № ____


ОӘК төрағасы ______________Ахметов Ж.Е. «_____»_________2012 ж.
.

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОПЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. «___» _________2012 ж.


Университеттің оқу - әдістеме кеңесі мақұлдады

«____»____________2012 ж. Хаттама №_____

№ 1 Студенттің өзінің жұмысы

Штангенаспаптармен өлшеу


Жұмыс мақсаты

  1. Студенттерді штангенаспаптардың құрылымымен таныстыру.

  2. Штангенаспаптармен қолдану әдістерінен тәжірибе алып игеру

Жалпы мәліметтер


Штангенаспаптар автомобильдер және басқа түрлі машиналардың бөлшектерін өлшеуге арналған. Олар үш түрге бөлінеді: штангенциркуль, штангенглубиномер және штангенрейсмасс.

Штангенциркуль бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінің өлшемдерін өлшеуге арналған штангенциркульдің төрт түрі бар: ШЦ-1 (колумбик), ШЦТ-1 (өлшейтін табандары қатты қорытпамен жабдықталған), ШЦ-2, ШЦ-3.

Штангенциркульдің негізгі бөліктері: өлшейтін табандары, жақтауша, нониус, тереңдікті өлшейтін линейка және өлшем дәлдігін реттейтін микрометрлі бұранда. ШЦ-2 штангенциркульде маркерленген жалпы өлшем в=10 мм осы штангенциркуль мен өлшенген өлшемнің шамасына қосу керек. Штангенглубиномер бұйымдардың тереңдігімен биіктігін кертпектердің арақашықтықтарын өлшеуге арналған. Олардың штангасы, нониусты жақтаушасы бар.

Штангенглубиномердің табақшасы жетілдіріліп өңделген.

Штангенрейсмас бір орында қондырылған бұйымның биіктігін және оны таңбалауға арналған. Штангенрейсмастың штангасы салмақты табанға қондырылған нониусты жақтаушаның көлбеу тірегі бар, онда өлшейтін және таңбалайтын аяқшалар бекітіледі.

Аспаптардың негізгі шкаласының бөліктерінің бағасы а=1 мм. Штангенаспаптар мен өлшегенде нониустын ноль штрихының орналасқан орнында бүтін миллиметр өлшемдердің шамалары анықталады.

Миллиметрдің толық емес бөлігі нониуспен анықталады. Нониус – тең бөлінген, бір қалыпты межелік. Нониустың бір бөлігінің бағасы «с» мына формуламен есептеледі:
с=а/n
а – негізгі шкаланың бір бөлігінің бағасы;

n – нониустың бөліктер саны.

Нониус жобаланғанда оның бір бөлігінің аралығы (интервал) төменгі формуламен есептеледі:

b=(jn-1) a/n

j – нониустың модулі ол нониустың негізгі межелікке (шкала) қатысты созылуын сипаттайды.

Нониустың ұзындығы l=n·b=(jn-1)a.

Нониустың нұсқағышы болып негізгі межеліктің сызықшасына тура келген нониустың сызықшасы есептеледі. Сонда миллиметрдің оннан бөлік сандары нониустың сызықшасының нөмірін оның бір бөлігінің бағасына көбейтіледі.


  1. Мысалы, нониустың бір бөлігінің бағасы с=0,1 мм штангенциркульдің өлшейтін еріндері ығысып тұрса, онда нониустың ноль сызықшасы негізгі межеліктің ноль сызықшасымен тура келеді, сонда нониустың соңғы сызықшасы 19-шы сызықшаға тура келеді. Штангенциркульдің өлшейтін еріндері l=0,1 мм ге айырылса, онда негізгі межеліктің сызықшасымен нониустың бірінші сызықшасы тура келеді және солай әрі қарай.

  2. Нониустың бір бөлігінің бағасы с=0,05 мм. Онда нониустың бірінші сызықшасы l=0,05 мм ге тең, екінші сызықшасы l=0,1 мм және солай әр қарай.

Мысалы, негізгі межелікте 141 мм болса, ал нониустың 12-ші сызықшасы негізгі межеліктің сызықшасына тура келсе онда жалпы өлшенген өлшемнің шамасы

141+12·0,05=141,6 мм

Штангенаспаптардың өлшеу және нониустарының санау шектері 1 кестеде көрсетілген


Кесте 1


Аспап түрі

Өлшеу шегі, мм

Нониуспен санау, мм

Штангенциркулдер

ШЦ-1, ШЦТ-1, ШЦ-II, ШЦ-III



0-125,

0-160, 0-250



0,1

0,05 және 0,1



0-400, 250-630, 320-1000

500-1600, 800-2000



0,1

Штангенглубиномерлер



0-160, 0-250, 0-400

0,05

0-400

0,1

Шангенрейсмасстар



0-250, 40-400

0,05

60-630, 100-1000, 600-1600

0,1

Лаборатория жұмысының атқару реті.



  • штангенциркульдің, штангенрейсмасстың және штангенглубиномердің құрылысымен танысу;

  • аспаптарды нөлге тексеру;

  • штангенциркульмен бөлікті өлшеу және оның нобайын сызу;

  • есеп жазу.

Тексеру сұрақтар



  1. Штангенаспаптардың қандай жалпы түзілімдері бар?

  2. Нониуспен миллиметірдің бөлшектерін қалай саналады?

  3. Штангенрейсмасс ол не деген аспап, онын басқа штангенаспаптардан қандай айырмашылығы бар және ол қайда қолданады?

№ 2 Студенттің өзінің жұмысы

Микрометр аспаптармен өлшеу

Жұмыс мақсаты:



  1. Студенттерді микрометр аспаптардың құрылымымен таныстыру.

  2. Микрометр аспаптарымен қолдану әдістерінен тәжірибе алып игеру.

Жалпы мәліметтер

Тегіс микрометрлар бұйымдардың сыртқы өлшемдерін өлшеуге арналған. Микрометрдің жалпы түзілімдері: қапсырма, өкше, микрометрлі бастиек. Санау құрылғысында бұрама қосақ қолданылады. Микробұрамының айналым жылжу өлшеу өкшенің ілгерілемелі қозғалысына өзгертіледі. Микрометрлардың өлшейтін өлшем шегі қапсырмасының өлшемімен байланысты және олар стандарт бойынша мынаулар: 0-25, 25-50, ... 275-300, 300-400, 400-500, 500-600 мм.

300 мм ден жоғары өлшемдерді өлшейтін микрометрлар аустырмалы және қайта орнатылатын өкшелермен қамтылады, олар 100 мм лі ауқым береді. Қайта орнатылатын өкше тиісті орынға орнықтырғышпен бекітіледі, ал ауыстырмалы өкше- сомынмен.

Микрометрлі бастиектің микрометрлік бұрамысы бар, ол микрометр сабағының тесігінен өтеді де тілінген микросомынға бұрап кіргізіледі, ал ол реттейтін сомынмен тарта қысылады, сонда бұрама қосақтың саңылауы жоғалады. Микробұрамада қондырғы қалпақшамен атанақ бекітіледі. Қалпақшаның тұйық тесігіне орнатылған саусақ сыңғырлақтың тісті бетіне серіппемен қыспақталады, серіппе қалпақшаға бұрамамен бекітіледі. Сыңғырлақты айналдырғанда ол микробұрамаға саусақпен айналдырушы момент беріледі, сонда өлшейтін күш 5-9 Н. Өлшейтін күштің шамасы өте коп болса сыңғырлақ сыңғырлайды. Бұрама төлкеге бұралады және тиісті орында микробұраманы орнықтырады. Микрометрдің төменгі өлшеу шегі 100 мм ден жағары болса онда микрометрлік бастиектің құрылғысы басқа. Микробұрма сомынмен бекітіледі, онда тілінген төлке қысылады. Атанақ микробұраманың конустік бетіне орнатушы қалпақшамен тартылады.

Саусақ сыңғырлақтың тісті бетінің бүйіржағына кысылады. Микрометрлі бастиектің бұранда қадамы р=0,5 мм және ұзындығы 25 мм. Микробұрама бір р қадамға жылжыса онда атанақ бір айналым жасайды. Микробұраманың сабағында бөліктерілген межелік бар, оның бір бөлігі микробұраманың қадамына тең. Есептеуге жеңіл болуға межеліктің жүпті және жүпсіз сызықшалары бойлай сызықтың екі жағында келтірілген.

Атанақтың конустік кесіндісінде n=50 санды дөңгелек межелік бар. Дөңгелек межеліктің бір бөлігінің бағасы с=р/n=0,5/50=0,01 мм, негізгі межеліктің бөлік бағасы а=р=0,5 мм. Микрометрлі бастлектің көрсету ауқымы 25 мм. Микрометр өлшеу алдында нөл күйге реттеледі. Осы кезде өкше мен микробұрама бір біріне не болмаса мөлшер қондырғының беттеріне жанасады. Жанасау күшті сыңғырлақ береді. Микрометр дұрыс реттелсе онда атанақтың дөнгелек межелігінің нөл сызықшасы сабақтын бойлай сызығымен дәл келеді. Микробұраманы нөлге келтіру реті:


  1. микробұраманы тоқтатқышпен қысады;

  2. қолпақшаны жарты айналымға бұрайды;

  3. атанақтын нөл сызықшасы сабақтың бойлай сызығымен дәл келгенше, атанақты микробұрмаға қатысты бұрады;

  4. қалпақшамен атанақты қысып қояды;

  5. микробұраманы босатады және нөл тексеріледі.

Өлшегенде бұйымды өкшемен микробұраманың арасында жылжытпай орналастырады, содан кейін микробұраманы ол тірелгенше айналдырады.

Атанақтың шетіне жақын сызықша негізгі межеліктің бөліктерінің санын көрсетеді, яғни өлшемнің шамасын. Осы шамаға дөнгелек межеліктің көрсеткішін қосу керек. Ол көрсеткш былай есептеледі – атанақтың дөңгелек межелігінің бағасы С=0,01 мм оның бойлай сызықпен дәл келген бөліктің санына көбейтеді. Мысалы, микрометр 14,8 мм ді көрсетеді. Оны былай есептеуге болады. Мұжда атанақтың конусты шеті 14,5 және 15 мм бөліктің екі арасында орналасады. Яғни онда өлшемнің саны 14,5 мм ден көп, сондықтан енді дөнгелек межеліктен есептейміз. Мысалы, дөнгелек межелектің көрсеткіші 30 бөлік. Онда өлшем мынау болады 14,5+30·0,01=14,8 мм.

Бірінші дәлдік тобының микробұрамасының жіберілім қателегі +4 және -4 мкм дейін 0-100 мм ауқымда, 100-200 мм дейінгі ауқымда +5 тен -5 мкм ге дейін, 400-500 мм дейінгі ауқымда +6 мен -6 мкм ге дейін, 500-600 мм дейінгі ауқымда өлщейтін микрометрлер нөл дәлдік тобында жасалады олардын қателегі +2 мен -2 мкм дейін.

Микрометрлі терендік өлшегіш. Оның микрометрлі бастиегі бар, ол табаңға баспалып орнатылған. Микробұрамының шетжақ тесегіне аустырмалы, серіппелі, шеттері тілінген сырық қосылады. Микробұрама тоқтатқышпен бекітіледі. Тереңдік өлшегіштердің өлшеу ауқымдары: 0-25 мм, 25-50 мм, солай әрі 125-150 мм ге дейін. Микрометрмен салыстырғанда цифрлік мәндер кер» бағытта қөрсетілген, ол неғұрлым теріңдік көп болса сонша көп микробұрама суырылады. Тереңдік өлшегіштер екі дәлдік топта жасалады 1 және 2. Олардың жіберілім қателіктері 100 мм дейінге ауқымда +3 тен -3 мкм және +5 тен -5 мкм дің араларында. Ауқым 100 мм ден жоғары болса +4 тен -4 мкм ге дейін және +6 мен -6 мкм дейін. Нөлге реттегенде тереңдік өлшеутің табаны арнаулы мөлшердің шетжағына қысып жанастырылады, мөлшер тексергіш тақтаға орнатылады. Сыңгырлақты айналдырып микробұраманы қысып бетке жанастырады. Нөлге реттеу реті бұрынғы жоғары жазылғандай микробұраманы реттеудей.

Микрометрлік аспаптар бөлменің температурасы +20 ºС тең кезде тексеріледі. Тексерер алдында аспаптар авиабензинмен жуылу керек және бөлмеде 3 сағатқа жуық үстайды. Мынау элементтер тексеріледі: сыртқы көрінісі, бөлшектердің байланыстары, аспаптардың өлшейтін беттерінің кедір-бұдырлықтары және сондай мөлшерлердің, өлшемдерді есептейтен сызықшалар, өлшегіш күш, атаңақтың конустік шет жағының сабақтын межелігінің нөл сызықшасына қатысты орналасуы, микробұраманың өлшеутін беттерінің тоқтатқышпенбекіткенде қиғашталуы, өлшейтін беттердің параллельдігі және жазықтықтығы, өлшейтін сфералы беттердің қисықтығы және ауытқымасы, мөлшердің жұмыс өлшемдері және аспаптардың көрсету қателіктері. Микрометр мен тереңдікті өлшегіштердің көрсету қателіктері 2 және 5 разрядті мөлшерлермен анықталады. Микрометрлі бастиектердің көрсеткіштерін мынау межеліктің нуктелерінде тексеріледі: 5, 12, 10, 24, 15, 36 және 25 мм. Микрометрлар тексерілгенде тіреуішке бекітіледі, терендік өлшеуіш екі жағынан мөлшерге орнатылады.
Лаборатория жұмысты атқару реті


  1. Микрометрдің құрылғысымен танысу. Ол үшін қалпақшаны тоқтатқышпен бекітіп оны бұрап алу керек. Микрометрлік бастиектің құрылғысымен танысу.

  2. Микрометрды жинап құрастыру. Микробұрадамен жұмыс істеген де абайлау керек, микробұранда ысырлуы мүмкін, сондықтан қөп күш салуға болмайды.

  3. Микробұранданы нөлге реттеу керек.

  4. Микрометрді 5, 12, 10, 24, 25 мм мөлшерлермен тексеру керек.

  5. Сатыланған біліктің диаметрлік өлшемдерін өлшеп оның нобайын сызу.

  6. Есеп жазу.

Тексеру сұрақтар



  1. Микрометрдің қандай жалпы түзілімдері бар

  2. Микрометрлердің өкшелерінің қандай түрлері болады.

  3. Микрометр нөлге қалай реттеледі

  4. Микрометрдің қөрсеткіші қалай есептеледі

№ 3 Студенттің өзінің жұмысы

Айналу беттердің пішіндерінің және орналасу ауытқуларын өлшеу.


Жұмыс мақсаты:

  1. Стүденттерді айналу беттердің пішіндерінің және орналасу ауытқуларының түрлерімен таныстыру.

  2. Айналма беттердің пішіндерінің және олардың орналасу қателіктерін анықтау және өлшеу тәжірибе алып игеру.

Жалпы мәліметтер

Біліктердің, тұрқы тетіктердің тесіктері цилиндрдің гильзасы және басқа автомобильдердің және қозғалтқыштардың айналу цилиндрлі беттері бар. Теориялық түрде әр бір осындай бет цилиндр болулары керек. Бірақ оларды жасайтын технологиялық процесстердің журісіне әр бір себептер (факторлар) әсер жасайды сондықтан өнделген беттер теориялы түрде яғни цилиндрліктен ауыткылайды.

Цилиндрліктен аутқу – ол нақты беттің нүктелерінің және оған жанасқан цилиндрден ең үлкен қашықтығы. Бұның қурамында дөнгелектіктен ауытқу және бойлы пішінің қателігі болады.

Дөнгелектіктен ауытқу – ол нақты пішінің нүктелерінің жанасқан дөнгелектен ең көп қашықтық . Бойлы пішіннен ауытқу (цилиндрсіздік) – ол нақты пішіннің нуктелерінің және оған жаласқан пішіннең ең көп қашықтығы.

Дөңгелектіксіздің ерекше түрлері - сопақтық және қырлылық .

Цилиндрсіздіктің ерекше түрлері – конустәріздік, бөшкетәріздік, ершік тәріздік және иілгенділік.

Сопақтық, конустәріздік тердің ауытқулары дөнгелектіктен және бойлы пішіннен екі есе шамалы ауытқу.

Сопақтықты екі перпендикулярлы диаметрлардың ең көп айырмашылығы.

Сопақтықты өлшегенде бұйымды универсалды өлшегіш аспаптардың (микрометр, иінтіректі және индикаторлы қапсырма) өлшеу беттерінің аралығында айналдырады. Не болмаса вертикальді тіреудің үстеліне өлшеуіш бастиегінің астына қойлып ең жоғары және ең төменгі көрсеткіштерін анықтайды. Одан кейін білікті 90 º бүрады да қайтадан көрсеткіштерді анықтайды.

Тесіктердің сопақтығын ішөлшегішпен өлшенеді.

Қырылықты өлшегенде білікті призмаға қондырады, біліктің үстінде өлшеуіш аспаптың үшін таятады.

Қырылықты өлшегенде білікті призманың үстінде айналдырады және оны төмендегі формуламен есептейді

А – индикатордың ең жоғары көрсеткіші;

К – коэффициент оның шамасы 2 кестеден анықталады

2 кесте – Сопақтықтың коэффициенттері


Бұйымның қырларының саны


Призманың бұрышына байланысты К коэффициенттің шамасы




90













2,0










0




2,0

7




0

1,3




9

3,0

0

1,0

Конустәріздікті бұйымның бойндағы екі шетінің диаметрлерін өлшейді. Бөшкетәріздік пен ершік тәріздікті өлшегенде біліктің екі шеті мен ортасындағы диаметрлерді өлшейді. Осы аталған ауытқулардың шамасы ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштердің айырмашылығының жартысына тең.

Цилиндрлік беттер пішін ауытқуларға байланысты он дәлдік дәрежеге бөлінеді. Өлшейтін аспаптар сол дәрежелерге байланысты таңдалып алынады мысалы, біліктін номиналды өлшемі 100 мм, бетінің дәлдігі IV дәреже, онда пішін ауытқулары 3 мкм ден аспайды. Сондықтан бұндай білік оптиметрмен өлшенуі тиісті. Тетіктердің сапалылығы олардың беттерінің бір біріне қатысты орналасу дәлдігімен де бағаланады.

Бір біріне байланысты беттердің орналасу дәлдіктерінің ауытқу негізгімтүрлері:



  • сатылы біліктердің сыртқы цилиндрлік беттерінде - сатыларының өссіздіктері, радиаль соғылысы;

  • ішкі беттерде (тесіктерде) – сатыларының өссіздіктері, өстерінің параллельсіздіктерімен перпендикулярсіздіктері;

  • шетжақ жазықтық беттердің цилиндрлік беттерге қатысты параллельсіздіктерімен перпендикулярсіздіктері және шетжақ сөғылыс.

Радиаль соғылысы беттердің цилиндрліктен ауытқуларымен, өссіздікпен байланысты.
Лаборатория жұмысты атқару реті

  1. Сатылы біліктердің беттерінің пішіндерінің және орналасу ауытқуларының түрлерімен танысу.

  2. Сатылы біліктің беттерінің пішіндерінің және орналасу ауытқуларын өлшеу.

  3. Есеп жазу.

Тексеру сұрақтар



  1. Цилиндрлік беттердің пішіндерінің және бір біріне қатысты арналасуларының қандай ауытқуларын білесіздер?

  2. Сопақтықпен қырлылықтың айырмашылығы қандай?

  3. Қалай дөнгелексіздікті сопақтықты өлшеп есептеуге болады?

  4. Біліктің қырлылығын қалай өлшейді?

  5. Шетжақ соғылысы деген не?

  6. Параллельсіздікпен перпендикулярсіздікті қалай өлшейді?

№ 4 Студенттің өзінің жұмысы

Бүранданың диаметрлерін өлшеу
Жұмыс мақсаты


  1. Студенттерді бүранданың негізгі диаметрлік өлшемдерімен және стандартармен таныстыру.

  2. Бұранданың диаметрлерін есептеу және оларды өлшеп тәжірибе алу.

Жалпы мәліметтер

Бұранда жазық карам айналу бетімен бұрама қозғалғанда өңделіп шығады.

Бұрандалардың цилиндрлік, конустік түрлері бар. Қанда бетті орналасуына байланысты: сыртқы бетте – бұрандама, ішкі бетте – салын. Бұрама сызықтың бағытына байланысты – оң , сол. Бүранданың кірісу санына байланысты – бір кірісті және көп кірісті. Бұранданың пішініне байланысты , метрикалық, дюймдік, құбырлық, тіреуішті, трапециялы.

Бұранданың негізгі тексерілетін параметрлары:

d – бұрандаманың сыртқы диаметрі;

d1 – бұрандаманың ішкі диаметрі;

d2 – бұрандаманың орта диаметрі;

α – бұрандаманың пішінінің бұрышы;

p – бұрандаманың қадамы.


Бұранданың сыртқы диаметрі d универсалды аспаптармен өлешенеді - микрометр, штангенциркуль және басқа. Бұранданың қадамы қимаүлгімен және құралдық микроскоппен өлшенеді.

Бұранданың орта диаметрі арналу микрометрмен өлшенеді. Ол микрометрдің өкшесінде және микробұраманың шетжағында тесіктер бар. Сол тесіктерге ауысымды призмалы және конусті ендірмелер орнатылады. Трапециялы бұранданы өлшеуге сегіз қосақ ендірме, дюймдік бұранданы өлшеуге алты қосақ ендірме қолданылады. Ендірмелердің ұзындығын компенсациялау үшін, атанақ жылжымалы болып жасалады.

Микрометр нөлге реттегенде, сыңғырлақты айналдырып, конусті ендермені призмалық ендірмемен жанастырады. Одан кейін микробұранданы тоқтатқышпен бекітеді.

Атанақтың шетінің дұрыс күйі сабақтың межелігінің бастапқы сызықшасына қатысты қойылады, оған сомынды айналдырып атанақтың алдынғы жағын жылжытады. Өлшегенде ендірмелердің беттерін бұрандаманың пішін беттеріне жақындатып жанастырады. Өлшеген бұранданың қателегі 0,1÷0,2 мм.


Тәжірибе

1. Тапсырма: бұрандама М12-7g. Осы бұрандаманың диаметрлік өлшемдерін анықтау және өлшеу.

Бұрандаманың негізгі өлшемдерін стандарттан табамыз:

Бұранданың қадамы р=1,5 мм.

Тапсырмадағы сыртқы бұранданың шақтама өрістері: d-7g, d2 –7g, d1 –стандарт шақтама өрісін тағайындамайды.

Сонда:


d=12 мм; d2=d – 0,6495 р=12-0,97225=11,02775=11,028 мм

d2 =12-1,0825р=12-1,62375=10,37625=10,376 мм.

Бұрамдаманың диаметрлік өлшемдері және стандарттағы олардын ауытқулары 3 кестеде.

3 кесте



Бұранданың диаметрлері ,мм

Сыртқы

Орта

Ішкі

d =12

d =11,028

d =10,376

Негізгі ауытқулар, мкм.

Жоғарғы –es

-32

-32

-32

Шақтама өрісі Td, мкм

Td (7g)=375

Td2 (7g)=224



Екінші ауытқулар, мкм.

Төменгі –ei=es-Td

-407

-256

-

Өлшемдер шегі

dіmax, мм

dіmin, мм

11,968


11,593

10,996


10,772

10,344


d1min


d1min=d3=d-1,2268p=10,0598
Лаборатория жұмысты атқару реті

  1. Бұранданың өлшемдерімен танысу.

  2. М12 бұрандаманың диаметрлі өлшемдерін өлшеу және оларды 3 кестемен салыстырып бұрамдаманың жарамдылығын анықтау.

Тексеру сұрақтар



  1. Бұранданың қандай негізгі параметрларын білесіз?

  2. Бұранданың қадамы қалай анықталады?

  3. Бұранданың орта диаметрін микрометр мен қалай өлшейді?

Әдебиеттер



  1. Анухин В.И. Допуски и посадки. Учебное пособие для ВУЗов. Питер, 2005 – 207с.

  2. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмент качества. Учебное пособи. Алматы, 2003 – 242 с.

  3. Никифоров А.Д. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. Учебное пособие. М., 2000 – 318 с.

  4. Якушев А.И., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Учебник для ВТУЗов М.: Машиностроение, 1987 – 352 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет