6. Тест тапсырмалары
1. Үстеулердiң iшiнде орын таңдамайтыны…
A) мекен үстеу
B) мақсат үстеу
C) мезгiл үстеу
D) сын үстеу
E) мәлшер үстеу
2.Үстеудiң сөйлемдегi қызметi…
A) бастауыш
B) анықтауыш
C) пысықтауыш
D) толықтауыш
E) баяндауыш
3.Үстеулердiң мағыналық тобы қанша?
A) 19
B) 12
C) 6
D) 8
E) 2
4.Барыс септiктiң көнеленуiнен туған үстеудi көрсетiңiз:
A) бiрге
B) абайсызда
C) төтеден
D) ретiмен
E) әрең
5. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер нешеге бөлiнедi?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
6.Негiзгi үстеудi көрсетiңiз:
A) ерте
B) әзiрге
C) әншейiн
D) адамша E) ертеңгiсiн
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, үстеуді табады
үстеулер туралы тест сұрақтарына тест тапсрмасын орындайды
7. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсініп алыңыз.
Абай Құнанбаев
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы — бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
8. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтінде айтылған тәртіптерді жадыңызда ұстаңыз
-мәтіннен есімдіктің түрлерін тауып, теріп жазыңыз
Шұрайлы да, көрікті Жетісудың көркем де келісті бір бөлігі Есік аумағы. Әдетте, «Есік» дегенде біздің көз алдымызға төбесі көк тіреген таулар, Алатаудың көз моншағындай мөлдіреп жатқан Есік көлі мен Жасылкөл, сұлулығы көз суыратын Түрген шатқалы, жартасты жарып, таудан тулай аққан сарқырамалар келері сөзсіз. Әрине, сонымен қатар Есіктің ғана емес, байтақ Қазақ елінің атын әлемге әйгілеген, Отандық қана емес, әлемдік тарихқа жаңалық әкелген сақ ханзадасы – «Алтын адам» да ойға оралады. Жалпы, Жетісу өлкесі, соның ішінде Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын ала бастаған туризм саласының болашақ үлкен бір бұтақтарының бірі. Бұл маң тек табиғи туризмді ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени туризмді де дамытуға аса қолайлы аймақ.
Көрікті мекенде көненің көзіндей болып бізге жеткен әйгілі сақ қорғандары, тарихын тасқа қашап жазған бабаларымыздың сөзіндей болып аманат қалған тас бетіндегі суреттер, түп-тұқиянымыздың келелі кеңесі мен кемеңгер шешімдері өткен қала-жұрттары мен еңселі ордаларының орындары сынды қадіріне жете білсек қаншама ұрпаққа мақтаныш болар тарихи нысандар да көптеп саналады.
Сол мұраларымызды жан-жақты зерттеп, зерделеп, көпшілікке таныстыру, оларды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету, рухани байлығымыздың қадіріне жете білу үшін Елбасының қолдауымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылды. Ежелгі сақтардың астанасы орналасқан жерден құрылған бұл мұражайдың атқаратын істері өте ауқымды. Орайы келгенде, бір жағы – тарихқа тағзым, екінші жағынан – құлақтанбаған халыққа белгілі болсын деген ниетпен ата мұрамыздың ғылыми, мәдени һәм танымдық зерттелу кезеңдері мен оны мәдени туризм мақсатында пайдалану жолындағы атқарылған жұмыстарды саты-сатысымен айта кеткен жөн болатын шығар.
Досым Зікірия «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғалым-хатшысы
Достарыңызбен бөлісу: |