Әдістемелік құралдың міндеттері



бет40/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
171289153944 (1)

1.Көңіл-күй одағайы
А) Тәйт.
В) Құрау-құрау.
С) Айт.
Д) Шай-шай.
Е) Алақай.

2. Одағай сөз
А) Паһ-паһ.
В) Талапты.
С) Ұлдың.
Д) Мырс.
Е) Жеңіс.

3. Одағайды тап
А) Дүрс-дүрс
В) Ойбай
С) Мырс
Д) Жорта
Е) Ғой

4. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісін тап
А) Дефис
В) Үтір, леп белгісі
С) Нүкте
Д) Сызықша
Е) Нүктелі-үтір

5. Одағай қатысқан сөйлем.
А) Қап, автобус кетіп қалды-ау.
В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!
С) Аспанды бұлт басқан.
Д) Далада жаңбыр жауып тұр.
Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.

6. Көңіл – күй одағайы
А) Моһ-моһ, жануар!
В) Паһ, неткен дауыс!
С) Ауқау-ауқау!
Д) Құрау-құрау, тұлпарым! 
Е) Кә-кә, келе ғой.

7. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні тап.
А) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады.
В) Арман, сен үйіңе бара ғой.
С) Амал қанша,ақырын күту керек.
Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.
Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.


8. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді тап.
А) Тәйт.
В) Ойбай пәлі.
С) Пәлі ойбай.
Д) Әттең.
Е) Ойбай ай.
Дескриптор Білім алушы
- тест тапсырмаларына жауап береді


18 . Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.

ТУҒАН ЖЕР

Қ.Аманжолов


Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,


Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер,


Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!
Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!


Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -
Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім;

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;


Қызығыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,


Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен – төрінде рахаттың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет