Әдістемелік құралдың міндеттері


Дескриптор Білім алушы - мақал мәтелді толықтырады СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы



бет39/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
171289153944 (1)

Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелді толықтырады


СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы (12.4.1899, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) а. — 31.1.1964, Мәскеу, Алматыда жерленген) — ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геол.-минерал. ғыл. докт. (1942), проф. (1950). Қазақстан ҒА-н ұйымдастырушылардың бірі және тұңғыш президенті (1946). КСРО ҒА-ның акад. (1946; 1943 жылдан коор. мүшесі), Қазақстан ҒА-ның академигі, (1946), Тәжікстан ҒА-ның құрметті мүшесі (1951). Қ. Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, Қазақстан ғылымының атасы, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы.
Қ.Сәтбаевтың негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орт. Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда (1952 — 58) көп еңбек сіңірді. Ғылымға формац. металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. 1926 — 29 ж. кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор (ақиқат қоры бұрынғысынан 2,5 есе көп екенін анықтады). Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасаған Сәтбаев бұл кеннің ауданның кең көлемдегі геол.-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін, минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай, т.б. аймақтарды ерекше назар аударып зерттеді. 1927 — 28 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялады.
А. Нұрлыбаев, К. Салықов
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
1 Мәтін бойынша сұрақтар әзірле.
2 Қаныш Сәтпаев туралы бұрыннан білетін ақпараттарыңмен салыстыр.
3 Мәтіннен өзіңе бұрын таныс емес қанда ақпарат алдың?


17. Тест тапсырмалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет