3-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мазмұны, сабақтардың және әлеуметтік серіктестіктің түрлері
Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
Педагогикалық қолдау 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бағдарламаларды таңдауына сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
Ата-аналарға бағыт беру, кездесулер, сабақтар бағдарламасының мазмұнымен таныстыру 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.
Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.), оның ішінде цифрлық ресурстарды қолдана отырып, онлайн және офлайн режимде өткізілуі мүмкін.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады: «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар.
Ата-аналарды қолдау және өзара іс-қимыл жасау үшін Орталық цифрлық платформасы пайдалану ұсынылады, онда бөлімдер бойынша тақырыптық ақпарат: курс бағдарламалары, бейне дәрістер, бейне ұсынымдар, бейне жағдайлар, сұхбаттар, тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады.
4-тарау. Орталықтың қызметін үйлестіру
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына ұсынылады:
ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша қызметті үйлестіру;
орта білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармаларының, оқу-әдістемелік орталықтар, орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру;
бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.
Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ұсынылады:
1) орта білім беру ұйымдарына Орталықтың қызметін ұйымдастыруға ықпал ету;
2) білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
3) облыстық білім басқармаларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсыну;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.
Достарыңызбен бөлісу: |