Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулар



Дата25.02.2016
өлшемі74.22 Kb.
#19825
Әдістемелік ұсыныстар Ф ҰН ПМУ 7.18.3/40

мен нұсқаулардың алғашқы парағы




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
Пәнді оқытуға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Халықаралық туризм тарихы пәні бойынша
5B090200-Туризм мамандығының студенттері үшін

Павлодар


Пәнді оқытуға арналған Ф ҰН ПМУ 7.18.3/41

әдістемелік ұсыныстар

мен нұсқауларды

бекіту парағы

бекіту



БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректор

__________ Н.Э.Пфейфер

«___»___________20 ж.


Құрастырушы: аға-оқытушы М.М. Алькеев __________

Пәнді оқытуға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Халықаралық туризм тарихы пәні бойынша

5B090200-Туризм мамандығының студенттері үшін
География және туризм кафедрасы

« » 20 ж., хаттама № кафедра мәжілісінде ұсынылды


Кафедра меңгерушісі ______________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

« » 20 ж., хаттама №

ОӘК төрағасы __________________ Р.Ж. Нұрғожин

ХТжЖФ деканы___________ Қ.Қ.Ахметов «__»_______________20 ж.
ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАНДЫ

ЖжӘҚБ бастығы __________ А.А. Варакута «____» ___________ 20 ж.



Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «_____»______________20__ж. Хаттама №____


Теориялық курстың мазмұны
Тақырып № 1. Кіріспе. Халықаралық туризмнің мақсаты мен мәні. «Халықаралық туризм тарихы» оқу курсы туризм менеджерін дайындау оқу жоспарында маңызды арнайы пән. Оның зерттеп білу объектісі дүние жүзінде және Қазақстанда ұйымдастырылған саяхаттардың даму тарихы, оның негізінде глобальды кеңдік әлеуметтік-экономикалық оқиға ретінде қазіпгі замандағы халықаралық туризмнің құрылуы және дамуы.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Халықаралық туризмнің мақсаты мен міндеттері неде?

  2. Халықаралық туризм тарихының зерттеу нысаны не?

  3. Халықаралық туризм тарихының туризм мамандарын дайындаудағы орны?

  4. Қазақстандағы туризм тарихының ерекшелігі неде

  5. Қазақстанның халықаралық туризм географиясындағы орны?

Әдебиет: 1 - С. 5-10, 2 - С. 4-5

Тақырып № 2. Дүние жүзінде туризмнің даму тарихы. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Туризмнің пайда болуы. «Саяхат» және «туризм» ұғымдарын байланыстыру. Туризм дамуының кезеңдері. Ерте замандағы туризм, Ежелгі Грецияда, Римде, Персияда дамуы. Діни, емдік, спорттық туризмнің пайда болуы. Орта ғасырларда және қайта өркендеу дәуірі уақытында туризмнің дамуы. Қасиетті жерге қажылық. Саяси мінездемелі миграция және студенттердің саяхаттары. Саяхатшылардың қатынас құралдары.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Труизм пайда болуының алғышарттары?

  2. Туризм дамуында қандай кезеңдер ажыратылады?

  3. Ежелгі Грекиядағы туризмнің дамуы?

  4. Ежелгі Римдегі туризмнің дамуы?

  5. Қандай қасиетті жерлерге қажылық жасалынды?

Әдебиет: 1 - С. 15-22, 2 - С. 17-19

Тақырып № 3. Ұлы географиялық ашылулардың дәуірі. Ұлы географиялық ашылулар. 15-18 ғасырларда саяхаттар және ашылулар. Қонақ үйлік кәсіптік дамуы. 17-18 ғасырлардағы туризм. «Грант-тур».

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Ұлы географиялық ашылымдардың маңыздылығы неде?

  2. ҰГА неден басталды?

  3. Қандай жаңа жерлер ашылды?

  4. ҰГА туризмге әсері неден байқалды?

  5. ҮГА жетістіктері?

Әдебиет: 3 - С. 35-39, 4 - С. 45-56, [5] - С. 37-47

Тақырып № 4. 19-20 ғасырлардағы туризм. (екінші дүние жүзілік соғысқа дейін). 19 ғасырдың бірінші жартысында туризмнің элитардық мінездемесі. Ұйымдастырылған турлардың пайда болуы. 19 ғасырда және 20 ғасырдың бірінші жартысында туризм дамуына әсер еткен факторлар: өнеркәсіптің және урбанизацияның дамуы; бос уақыт санының өсуі, қоғамның мәдени деңгейінің көтерілуі; туризмге көңіл бөлу бойынша мемлекеттердің саясаты.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Жаңа замандағы туризмнің даму барысы?

  2. Оған әсер еткен факторлар?

  3. Олардың салдары қандай болды?

  4. Жалпы қандай тенденциялар байқалды?

  5. Қазіргі кездегі туризмге қалай әсер етті?

Әдебиет: 6 - С. 13-14, 4 - С. 35-37

Тақырып № 5. Томас Куктың қызметі. Томас Куктың қызметі. Курорттардың дамуы және курорттық урбанизацияның пайда болуы. Бірінші қоғамдық және мелекеттік туристік ұйымдардың шығуы. Соңыстың алдындағы халықаралық туризмнің географиясы.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Томас Куктың туризм дамуындағы рөлі қандай?

  2. Томас Кук қандай жерлерді ашты?

  3. Урбандалу үрдісінің маңыздылығы неде?

  4. Урбандалудың туризмге әсері?

  5. Соңыстың алдындағы туризм қандай бағытта дамыды?

Әдебиет: 4 - С. 127-132

Тақырып № 6. Қазіргі замандағы туризм. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жалпы туризмнің өркендеуінің басы. 20 ғасырдың екінші жартысында туризмнің интенсивті дамуы. Жаңа туристік аймақтардың шығуы. Шетелдік туризмнің дамуында Үшінші әлемдегі мемлекеттердің біртіндеп өсу ролі. Халықаралық туристік ұйымдарды құру. 20 ғасырдың соңында және 21 ғасырдың басында туризм дамуында басылулар мен көтерілулер.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Әлемдік соғыстан кейін туризм қандай бағытта дами бастады?

  2. Соғыс туризмге қалай әсер етті?

  3. ХХ ғасырдағы туризм дамуының сипаты қандай?

  4. ХХІ ғ. басындағы туризм дамуындағы тенденциялар?

Әдебиет: 6 - С. 64-72

Тақырып № 7. Бұрынғы КСРО-да туризмнің дамуы. Ресейде және бұрынғы КСРО-да туризмнің даму кезеңдері. Мектеп экскурсиялары туризмнің жаршылары. 18 ғасырдың басында Ресейде туризмнің дүниеге келуі. В. Генштің «жоспары». Петербург және Мәскеу бойынша жыл кітапшасының пайда болуы. 19 ғасырда Ресейде бірінші туристік ұйымдарды, туристік фирмаларды құру. Орыс туринг клубы (1895 жыл), оны туристердің Ресей қоғамына айналдыру. Орыс тау қоғамының пайда болуы (1901 жыл). Экскурсиялы қоғамдарды және комссияларды құру. Совет уақытында жән қазіргі кезеңде туризм дамуының кезеңдері.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. КСРО кезіндегі туризмнің даму барысы?

  2. КСРО дағы негізгі туристік орталықтар?

  3. КСРО дамыған негізгі туризм түрлері?

  4. КСРО кезіндегі туризм дамуындағы кезеңдер

  5. Экскурсиялар қандай испатта дами бастады?

Әдебиет: 7 - С. 65-70

8 тақырып. Қазақстанда туризмнің даму тарихы

Верный қаласында Орыс тау қоғамы. Соғыс уақытына дейін туризмнің дамуы. Туристік саяхаттарды ұйымдастыру бойынша Г.И. Белоглазовтың, Ф.Л. Савиннің, В.М. Земиннің қызметтері. Қазақстанда ОПТЕ ұйымының ұяларын құру (1931 ж.). соғыстан кейінгі уақытта туризмнің дамуы.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:


  1. Қазақстандағы туризмнің даму сипаты?

  2. Қазақстандағы туризмнің қандай түрлері өз дамуын алды?

  3. Қандай ғалымдар отандық туризмнің дамуына үлес қосты?

  4. Соғыстан кейін туризм қалай дамыды?

  5. Қандай маңызды өзгерістер болды?

Әдебиет: 6 - С. 78-90, [5] - С. 108-109

9 тақырып. Тәуелсіз Қазақстандағы туризмнің дамуы.

Тәуелсіз Қазақстандағы туризм: экономикалық реформалар жағдайында турситік шаруашлыықтың жаңа даму тенденциясы. Туристік кадрлерді дайындауды ұйымдастыру.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:


  1. Еліміздің тәуелсіздік алуы туризмге қалай әсер етті?

  2. Қазақстанда қандай экономикалық реформалар болды?

  3. Олар туризмге қалай әсер етті?

  4. Туристік шаруашылықтың дамуында қандай бағыттар пайда болды?

  5. Туристік кадрларды дайындау қалай ұйымдастырылады?

Әдебиет: [8] - С. 45-60

10 тақырып. Қазақстанда туризмді ғылыми зерттеулердің дамуы

Ғылыми зерттеулердің дамуы. Туризмнің алдағы дамуының проблемалары және перспективалары.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:


  1. Қазақстанда туризм саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар?

  2. Қазақстанда туризм саласында зерттеулер жүргізетін ұйымдар?

  3. Туризмді зерттеуде қандай мәселелер туындайды?

  4. Қазақстандың туризм географиясының қазіргі жағдайы?

  5. Қазақстандың туризм географиясының даму болашағы?

Әдебиет: [8] - С. 71-80

11 тақырып. Туризм географиясының тарихы.

Дүниежүзілік туризм географиясының қалыптасуы және дамуы. Туризмді географиялық зертетулердің барысы. Туризм географиясының қалыптасуы. Туризм географиясының соғысқа дейінгі даму кезеңі. Екінші соғыс уақыттағы зерттеулер. Туризм географиясының өркендеуі.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:


  1. Әлемдік туризм географиясының қалыптасуында қандай оқиғалар болды?

  2. Әлемдік туризм географиясының дамуында қандай заңдылықтар байқалады?

  3. Туризм географиясының ерекшелігі неде?

  4. Соғыс кезінде қандай зерттеулер жүргізілді?

  5. Туризм географиясының өркендеуі немен байланысты?

Әдебиет: [8] - С. 45-50

12 тақырып. Жаңа кездегі туризмнің дамуы.



Туристік ұйымдар. Жаңа кездегі халықаралық туризмнің дамуы. ДТҰ туристік аймақтарында туризмнің дамуы.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Жаңа кездегі туризмнің дамуында қандай өзгерістер пайда болды?

  2. Әлемдік туристік ұйымдардың үлесі қандай?

  3. ДТҰ үлесі неден байқалады?

  4. Қазақстанда қандай туристік ұйымдар бар?

  5. Олар немен айналысады?

Әдебиет: [6] - С. 80-90

Әдебиет

Негізгі:

  1. Алиева Ж.Н: Труизмология негіздері. – А.: «Қазақ университеті», 2004

  2. Соколова М.В. История туризма. – М.: Академия, 2004

  3. Биржаков М.Б. Введение в туризм.- СПб., 2001

  4. Зорин И.В., Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма. – М., 2001

  5. Квартальнов В.А. Туризм. – М., 2000

  6. Ердавлетов С.Р. География туризма. – А., 2000

  7. Сергеев Т.К. Экологический туризм. – М., 2004

Қосымша:

  1. Авадяева Е.Н., Сданович Л.И. Тысяча великих мореплавателей. – М., 2000


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет