Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі453.05 Kb.
#128812
1   2   3

13-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

С.Торайғыров есімі, шығармашылығы. «Айқап» журанлындағы қызметі кезінде қаламгер қазақ қоғамы алдында тұрған келелі мәселелерге үн қосып, өткір тілді, ойлы мақалалар жазды. Шығармалары жиырмасыншы жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады.

С.Торайғыров дәстүрлі қазақ мектептерінде (молда, медресе) ғана оқыған. Өмір бойы жоғары оқуды армандап өткен. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси білімді өз бетімен алған қаламгер. Ол араб-парсы әдебиетін жақсы білген. Ауыз әдебиеті мен шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген алғашқы шығармаларынан-ақ С.Торайғыровтың дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.

Қаламгер ағартушы-демократтық идеяларды басшылыққа алған. Қазақ халқының ілгері дамуына бөгет болып отырған құбылыстарды сынайды. Оқу, білім, мәдениетке шақырады. 1917 жылға дейінгі шығармаларының басты бағыты осы. 1917 жылғы Октябрь Революциясынан кейін С.Торайғыров қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған, елдігі үшін күрескен «Алаш» қозғалысын қолдап өлеңдер жазады. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары терең ойларға толы. «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары қазақ әдебиетіндегі күрделі жанрдағы көркем шығармалардың алды. Ақынынң «Айтыс» аталған шығармасы қазақ қоғамдық санасының ірі қайраткерлеріне арналған.

С.Торайғыров негізінен сыршыл лирик ақын. Абай поэзиясымен дәстүрлі байланысы айқын. С.Торайғыров поэзиясындағы насихат, үгіт, арнау өлеңдері де сырлы сөз, терең мазмұнмен араласып келеді. Идеяны юмор, сатираға бөлей жеткізетін, бейнелейтін шығармалары да бар.

Жазушы шығармаларында қазақ тілінің бар байлығын, мақал-мәтел, шешен сөз тіркестерін шебер қолданады. Әдеби тілге ене бастаған жаңа сөздерді де батыл пайдаланады. Ақын тіліндегі татар, діни кітап, парсы-араб тілнен енген сөздерді зерттеу қажет. С.Торайғыров - қазақ өлеңі құрылысына да көптеген жаңалықтар енгізген, дәстүрлі қазақ өлеңін жаңарта қолданған талантты ақын.



14-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938). Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Бейімбет Майлин. Творчестволық өмірбаяны. Бейімбеттің алғашқы өлеңдері. Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б).

Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі («Шұғаның белгісі», 1926). Повестің тақырыбы мен идеясы., тіл көркемдігі. Шұғаның, Әбдірахманның образы. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының үлкен ойды қысқа әңгіме арқылы сурететуге шеберлігі («Талақ», «Күлпаш», «Күлтай болыс» (1925 ), «Сары ала тон» (1928), «Көк теректің баурында» (1929), «Қара шелек», «Айранбай», т.б.).

Жазушының повестері («Он бес үй», «Қырманда» (1933), әңгімелерінде («Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы» , т.б) көрініс тапқан өмір құбылыстары.

Жазушының «Раушан-коммунист» (1920) повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы («Жалбыр»), «Біздің жігіттері» (1936), («Майдан»), («Талтаңбайдың тәртібі»), («Аманкелді»).

Бейімбеттің бір-екі актылы пьесалары («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс»)

«Майдан» (1931) Бейімбет творчествосында ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының күрделі де көлемді шығармасы. Тақырыбы мен идеялық мазмұны. Пьесаның оқиғасы, тартыс сипаты. Досан, Орынбай, Махмұдовтардың образы. Пьесадағы сөз бен іс. Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған «Аманкелді» (1936), және «Жалбыр» пьесаларында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрінісі, қазақ халқының өз бостандығы үшін күресі.

«Талтаңбайдың тәртібі» (1934) –қазақ драматургиясындағы тұңғыш сатиралық шығармаларының бірі.

Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануда бағалануы.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда» ,т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік» ,т.б.). Ақын поэмаларындағы, өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы.

«Біздің тұрмыс», «Жемістер», «Жер қазғандар» т.б. повестері. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», 1917), («Қызыл сұңқарлар», 1920).

Сәкен –қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттну ғылымында бағалануы.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938). Өмірі мен творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақынның поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі. Ақынның образ жасау, мінез даралау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары («Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет»» атты пьесалары). Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған бір актілі пьесалары («Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де, шап» т.б.).

Ілияс өлеңдерінде жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге мәдениет пен жаңа өмірге шақырады. «Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілдеде», «Күзде» т.б.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ».

«Исатай-Махамбет» – жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Гаврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалаған.

Әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақыдарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы.



15-тақырып. Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов (1897-1961). М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы.

Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», « Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер» т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.

Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», « Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», т.б. Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.

«Абай» пьесасы, «Абай жырлары» кинофильмнің сценарийі, «Абай» операсының либреттосы. Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940).

Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-Қараш» оқиғасы (1927). Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры. Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.

«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму заңдылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі: Зере, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары. Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық, лирикалық, эпикалық) Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.

М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары, қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы. Аудармалары: Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Оттелосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», К.Треневтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұсы» т.б. Жазушы творчестовсының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдің дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.



16-тақырып. Сәбит Мұқанов

С.Мұқанов (1900-1973). Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары. «Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік Армия», «Поэзия маршалы», т.б. Олардағы ақындық ізденістері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.

Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау»(1938), «Ботакөз». Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.

«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

«Сырдария» романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.

«Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.

Драмалық шығармалары: «Күрес күндерінде»(1938), «Сәкен Сейфуллин»( 1964), «Қашқар қызы»(1972), «Шоқан Уәлиханов» (1953). «Аққан жұлдыз»(1967,1970).Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.

Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

17-тақырып. Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов ( 1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау, «Үздіксіз өсу», «Бір адам ілгері, екі адым кейін» т.б.).

Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы»(1935), «Ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйелі – Қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтика мен реализмнің ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосында ана тақырыбының алатын орны.

Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы «Қыз жібек», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Аманкелді»,т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек»(1934) атты музыкалы драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.

«Кездеспей кеткен бір бейне» («1967») повесі. «Ұлпан» (1974) романы. Ұлы отан соғысы тақырыбына арнап жазған «Қазақ батыры» (1945) повесі. Автордың оны «Қазақ солдаты» (1950) романына айналдыруы. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімінің суреттелуі.

Жауынгер өмірінің суреттері. Басты образдар. Қайырғали Сарталиев, Петр Ушаков, Владимир Толстов, Самед Абдуллаев т.б. Романның көркемдік ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі.

«Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары.

Қазақстанда алғаш өндіріс орындары ашылып, қазақ кедейлерінің өндіріс жұмысшыларына айналуы. Халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс, қазақ жұмысшыларының тұрмысы. Қарағанды шахталарындағы Успен, Ақбұйрат мыс заводындағы жұмысшылардың өмірі, капиталистердің өзара тартысы. «Оянған өлкенің» саяси-әлеуметтік табиғаты. «Жат қолынданың» әлеуметтік-психологиялық сипаты. Сол кездегі қазақ аулының өмірі, әлеуметтік қарым-қатыстары, тұрмыс-салтының суреттелуі, ерекшеліктері. Басты образдары: Бұланбай, Байжан, Байшегір, Жабай, Сейіт, Назыкеш, Быковтар, Шило, т.б. Роман-дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың әдеби тілінің, көркем ойының соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суретері мен адамның ой толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.



18-тақырып. Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин (1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушының 1927-1929 жылдарда жазған әңгімелері алғашқы қысқа әңгімелері. «Сәрсен мен Мұқаш» (1927), «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер шойын», «Шағатайдың шатағы», т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. «Ер Шойын» (1929) жинағындағы жаңа өмірдің көрінуі, ауылдағы күрес.

Жазушының үлкен эпикалық жанр саласындағы шығармалары, «Шығанақ» романы (1945). Роман тақырыбының туу тарихы. Шығанақ, Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері.

«Миллионер» романы (1948), ондағы жаңа мен ескінің арасындағы тартыс. Жомарт, Жанат, Жақып, Сатан, Есжан, Ахмет образдарының тартыс үстінде суреттелуі, олардың типтік дәрежеге көтерілуі. Жақып бойындағы психологиялық тартыс. Ахметтің жаңашылдық қасиеті. Романның жазылу тарихы. Жазушының шығармашылық ой өзегі, оның игерілу жолдары.

«Қарағанды» романы (1952). Роман тақырыбының туу тарихы. Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шындығынан өнер шындығын жасау жолдары. Романның басты кейіпкерлері, олардың өмірлік негіздері (прототиптері). Ескі мен жаңа, әке мен бала арасындағы тартыс. «Өмір мен өлім» (1939) және «Қарағанды» романдарының сюжеттік желісіндегі , оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықтар.

«Дауылдан кейін» романы ( 1959). Романда суреттелетін оқиғалар тобы. Басты тұлғалар Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының жетістігі. Аманға ере шыққан жаңа, жас қауым: Ізбасар, Сыздық, Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып және Шегел, т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты. Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрылысы. Жазушы шеберлігінің жаңа қырлары.

«Көз көрген» (1963). Романда суреттелетін оқиғалар. Шығарманың 1900-1925 жылдар арасындағы қазақ қоғамы бастан кешкен дәуір шындығына құрылған сюжеттік желілері. Ғ.Мұстафиннің жазушылық өнер туралы толғамдары («Ой әуендері). Жазушы творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.

19-тақырып. Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов (1911-1955). Шығармашылық өмірбаяны. Ақын өміріндегі Орал кезеңінің (Оралда тұрған жылдары) – шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына, ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.

Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері «Өмір сыры» (1938). Соғыстан кейінгі өлеңдері. 1955-56 жылдары ақынның үш томдық «Шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармаларының төрт томдық жинағы (1977-80).

Қасым Аманжолов поэзиясындғы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға сол қыз», «Қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз»,т.б.

Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-44), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).

Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Әбдіжәміл Нұрпейісов. Көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиетке Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жазылған «Курляндия» романы арқылы келуі. Кейін романды қалмгер қайта өңдеп, «Күткен күн» деген атпен жариялауы.

Мемлекет, халықтар арасындағы соғыс сұмдығы, өмір-өлім туралы тынбай ойланған қаламгер өзі куә болған уақиғалармен бірге от кешкен адамдар туралы, толғана, толқи жазады. Баяндаудан гөрі суреттеуге ден қояды. Есей, Денисов, Қожақ образдарын жазу барысында қаламгердің шынайы тірліктен толғамы бар көркем бейнеге ұмтылуы да байқалады. Ә.Нұрпейісовтің алпысыншы, жетпісінші жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихында «Қан мен тер» трилогиясының алатын орны ерекше. Роман бірден қоғамдық санада елеулі серпіліс тудырып, әдеби сынның, зерттеу мен талқылаудың обьектісіне айналды, шет тілдерге аударылды. Кино, дармалық сценарилерге көшірілді. Романдағы Тәңірберген, Ақбала, Еламан, Мөңке, Қасен, Сүйеу, Судырақмет, қара қатын әркеттерінің жүйесіздеу жүретін бей-берекет тұстары.

Ә.Нұрпейісовтің Аралдағы ел, адамдар туралы «Сең» романы қоғамдық сана назарын аударуы. Қаламгер трилогиясында байқалған көркемдік ізденістері соңғы романдарында жалғасып келеді.

Ә.Нұрпейісов шығармашылығының ірі бір саласы аударма, әдеби-сын, публицистика.

21-тақырып. Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев (1931-1976). Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ақынның лирикасы. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лиркасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік. Көркемдік бейнелеу құралдары. Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы жылдары шындықтарының суреттері, жесір мен жетім бейнелері. Поэмалары: «Өмірдастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», т.б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел тірлігі мен адамдар рухының биік келбетінің ақын шығармашылығындағы бейнеленуі. Жастай еңбекке араласқан бала мен майдандағы баласын күткен кемпір-шал, жарын күткен әйелдер бейнесі. Олардың нұрлы мұраттары мен биік адамгершіліктерінің, ақын жан дүниесіндегі сақталған үндерінің өрнектері мен көркемдік жаңа ізденістер жан-жақты ашылуға тиісті.

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы табиғат көріністері, жыл мезгілдерінің бейнеленуі, және олардың құрылымдық поэтикалық ерекшелігі. Өлең, дастандар өзегіндегі психологиялық параллельдер. Қарапайым ауыл, адамдар бейнесі.

Ақын поэзиясындағы ірі обьектінің бірі – оның поэмалары. Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар достарым», «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шуағым менің», «Өмір өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан» , т.б. өлең, поэма, кітаптары мен прозалық шығармалары топтастырылған. «Қош махаббат» жинағы, шығармаларының таңдамалы толық жинақтары жарық көрді.



Мұқағали Мақатаевтың ақындық даралығы және қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Абай энциклопедиясы. –А., 1995

  2. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. –А., 1973

  3. Әуезов М. Әдебеит тарихы. –А, 1991

  4. Әуезов М.Абайтанудан жарияланбаған материалдар–А, 1968

  5. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті–А, 1988

  6. Байтұрсынов А. Ақжол–А,1991

  7. Жолдасбеков М.Асыл арналар. –А6 1985

  8. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А,1967

  9. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті–А, 1991

  10. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –А, 1974

  11. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті–А, 1993

  12. Қырабайқызы А. Ежелгі әдебиет–А,1996

  13. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті–А, 1998

  14. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет–А, 1992

  15. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры–А, 2000

  16. Сүйіншәлиев Х. XIII -XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А, 1989

  17. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет–А, 2001

Қосымша:

  1. Абайдың өмірі мен творчествосы. А,1964

  2. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. –А, 1986

  3. Абай тағылымы. –А, 1987

  4. Алдаспан. –А, 1971

  5. Бабатайұлы Дулат. –А,1991

  6. Біржан сал Қожағұлұлы. –А,1992

  7. Бұқар Жырау қалқаманұлы. –А,1992

  8. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті. Ежелгі дәуір. –А,2002

  9. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-Том, 2 -том. –А, 1965

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 -томдық. –А,1967

  11. Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы. –А,1996

  12. Қирабаев С.Әдебиеттегі ақтаңдақтар. –А,1995

  13. Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. –А,1993

  14. Марғұлан Ә.Ежелгі жыр-аңыздар. –А,1985

  15. Мырзахметов М. Мұхатар Әуезов және абайтану проблемалары. –А,1982

  16. Нұрғалиев Р. Арқау. –А,1970

  17. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. . –А,1983

  18. Сәтбаева Ш.Шоқан Уәлиханов-филолог. –А,1985

  19. Сейфуллин С. Шығармалары том. –А,1964


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет