Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі453.05 Kb.
#128812
1   2   3

5-тақырып. XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Дулат Бабатайұлы. Махамбет Өтемісұлы. Шортанбай Қанайұлы. Мұрат Мөңкеұлы. Сал-серілер

XIX ғасырлардағы қазақ халқы өзінің елдік өмірінде 1822 жылғы хандық құрылысты ыдыратқан атышулы реформаны бастан кешу арқылы бодандық тәуелсіздіктен отарлық бағыныштылыққа түсті. Қазақстанның солтүстігін жайлаған жұрт әуелі Қасым Абылайұлының, соңынан Кенесары Қасымұлының бастауымен Ресей патшалығына қарсы қарулы қарсылықты бастан кешті. Мұның арты үлкен қанды айқастарға ұласты. 1836-1838 жылдарда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, одан кейінгі жанқожа Нұрмұхамедұлы басқаруындағы Арал бойы еңбекшілернің әлеуметтік және экономикалық қысымшылықтарға қарсы ұзақ жылдарға созылған Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына қарсы азаттық жолындағы айқастары, Жетісу еңбекшілерінің Қоқан хандығының озбырлығына қарсы қанды күресі сол дәуірдегі қазақә дебиетінің басты тақырыбы болды. Отарлық езгіге қарсы күрес, ел болу, тәуелсіз жұрт болуды арман еткен халықтың көзі қарақты қауымның атынан жыр жырлаған ауызша дәстүрдегі, сондай-ақ жазба дәстүрдегі қазақ ақындарының рухты шығармалары осы дәуірде өмірге келді. Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар бастаған халқымыздың жоғары санадағы жазба әдебиеті туып, қалыптасу кезеңдерін бастан кешті. Қысқасы, XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті – қазақ жұртының ұлт ретіндегі есею, іздену жолынан хабардар ететін қайсарлық дәуірінің әдебиеті. Осы дәуірде өмірге келген ұлттық әдебиетті игеру арқылы журналист мамандғын алушы жас маман өз халқының дүниежүзілік өркениетпен қалай қауышатындығына жауап таппақ.

Дулат Бабатайұлы (1804-1846). Өмірбаян деректері. Зерттелу, басылым жайы. Шығармашылық мұрасы. Махамбет – ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы. Махамбет өлеңдеріндегі азаматтық үн. Ақынның көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы және көтеріліс жеңілгеннен кейінгі шығармалары. «Ұлы арман»,«Ереуіл атқа ер салмай»,«Толарсақтан саз кешіп»,«Еңселігім екі елі»,«Жәңгірге айтқаны»,«Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс», т.б. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесі. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдері. Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сөз қолданыс қырлары. Өлеңүлгісі. Ақын толғауларының жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар поэзиясымен мазмұндық түр, өлең үлгісі, сөз қолданыс жөінен туыстығы.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасы. Шортанбайдың «Зар заман», «Бала зары», т.б. толғауларындағы замана күйі. Ақынның әлеуметтік, азамттық үні. Үгіт-насихат, үлгі-өнеге, тәрбие мәнді толғаулары. Шортанбай толғауларындағы дін жайы. Ақынның әдеби мұрасына күні бүгінге шейін беріліп келген түрлі баға. Оның себептері. Шортанбай шығармаларының зерттелу, басылым жайы. Текстологиялық түйткілдері. Ақын мұрасының өлең үлгісі, көркемдік қырлары.

Мұрат Мөңкеұлы (18?-1906). Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары. Батырлықты, ерлікті көтеруі. Ізгілікке үндеуі. Айттыстары. Мұрат мұрасының зерттелуі. Шығармаларының көркемдік қуат-күші. Мұраттың «Жалпыға айтқаны» толғауы. «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларындағы елден, жерден айрылу сарыны. «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсеткен», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары туралы зерттеулер. Мұрат-Махамбет шығармаларын сақтаушы, жеткізуші.

Сал-серілер. Әнші-лирик ақындар поэзиясы. Айтулы өнерпаздары. Шығармашылық мұра, өмірбаян деректерін зерттеу. Сал-серілер поэзиясының ерекшелік, өзгешеліктері. Әрі ақын, әрі сазгер, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілер, әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны.



6-тақырып. Шоқан Уәлиханов. Ыбырай Алтынсарин. Абай Құнанбаев. Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы. Мағауия Абайұлы.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865). өмірі. Шоқантану ілімінің туып, қалыптасуы. Шоқан-халқының жанын таныған, жоғын іздеген ұлы тұлға. Шоқан және шығыстанушы ғалымдар. Шоқанның жолсапар күнделіктері мен ғылыми жазбалары.

Шоқанның қазақ өлеңінің түр жағынан топтастыруы. Қырғыздың «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары. Шоқанның қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Өз қоғамына, сол дәуірдегі өз қандастарының тіршілік қалпына қатысты мәселелрге байланысты ой-пікірлері. Шоқан шығармаларының басылым жайы.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Өмірбаяны. Ағартушылық, жазушылық, тәрбиешілік қызметі. Шығармашылық мұрасы. Аудармалары. өлеңдері. Әңгімелері. Публицистикасы. Қазақ тіршілігін, тұрмыс-салтын зерттеуі. Ғылыми зерттеулері. Оқу құралдары. Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу. Басылым жайы.

Абай Құнанбаев (1845-1904). Абайдың ақындық өмірбаяны. Абайтану кеше, бүгін және келешекте. Абай мұрасының зерттелу, басылым жайы. Абадың ғашықтық, көңіл-күй, сезім жырлары. Абайдың заманға, қоғамға, ел мінезіне мін, сын айтқан шығармалары. Абай шығармаларындағы дін жайы, дүниетаным мәселесі. Абайдың қарасөздері: 2, 7, 13, 25, 27, 38. Мән-мазмұны. Зерттелуі. Ғылым, оқу, өнер жайлы шығармалары. өнер, өлең, ән туралы туындылары. Абайдың аудармалары. Поэмалары. Абайдың өлең қүрылысы. Абай поэтикасының тілі. Көркемдік шеберлігі.

Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жармах батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.

Мағауия Абайұлы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. «Медғат-Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.

XIX ғасыр әдебиетінің зерттелу, басылым жайы. Қазақ сөз мұрасын зерттеу, ғылыми жүйелеудің алдағы міндеттері.



7-тақырып. XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1900-1950). XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1950-2000). XX ғасырлардың аса көрнекті ақын-жазушылары. Жамбыл Жабаев

XX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің басты ерекшеліктері: шынайылық сипаты, халықтығы, танымдық, тәрбиелік маңызы, өмірмен байланысты. Қазақ әдебиеті тарихының әлемдік әдебиеті процесіндегі орны, мазмұндық және көркемдік жетістіктері.

Өткен мәдени мұраны пайдалану жөніндегі түрлі қағидалар. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің дамуы және өркендеуі. Басқа ұлт әдебиеттерімен шығармашылық байланысы, қарым-қатынасы, әсер ықпалдары.

Әдеби дәстүр және тақырыптық-идеялық, көркемдік-идеялық ізденістер сипаты. Әдеби заңдылықтар туралы ойлар.

Әдеби әдістер: натурализм, сентиментализм, романтизм және реализм.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңдері. Әр кезеңнің жалпы сипаттамасы. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі. Әдеби бағыттар мен ағымдардың әдеби процеске әсері, жанрлардың дамуы мен түрлі стильдер. Ұлы Отан соғысы кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет. Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңі. Қазақ әдебиетінің кемелденіп ірі беделге ие болуы, әлемдік аренаға шығуы. Әдебиетке жаңа күштердің келуі, кадрлардың өсуі. Тоқырау және қайта құру шындықтарының бейнеленуі. Шығармашылық бостандыққа, поэтикаға ұмтылуы.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1900-1950). XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі. Ресейдің отарлау саясатының күшеюі. Ағартушылық, демократтық қозғалыстар. М.Көпеев, С.Торайғыров, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, Б.Күлеев, Ш.Жәңгіров, Қ.Қарашев, Ш.Бөкеев, т.б. ақын-жазушылар шығармашылығындағы тақырыптық-идеялық- көркемдік ізденістер. XX ғасырдың басындағы түрлі төңкерістер мен Совет үкіметінің орнауы оның көркем әдебиетке әсері, Қазақстан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ жазушыларынң революцияға және қоғамдық өмірге қатынасы.

Қазақстанның саяси-әлеуметтік-экономикалық мәдени даму тарихындағы өзерістер. СССР конституциясының қабылдануы. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру. Өндірісті индустрияландыру.мәдени өмір мен қоғамдық гуманитарлық дамудағы жаңалықтардың әдебиетегі көріністері. Қаз АПП-тың құрылуы, оның әдебиетті идеология құралына айналдырмақ болуы (1925). БК (б) П Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 жылғы 23 апрельдегі арнаулы қаулысы. Совет жазушылары Одағының құрылуы.

Совет жазушыларның бүкілодақтық съезі (1934). М.Горькийдің сөзі, Совет әдебиетінің даму жолдары мен социалистік реализм әдісінң принциптерін белгілеу. Социалистік реализмнің көркем әдебиеттің басты әдісне айналуы және партиялық, таптық принциптерді методологияға негізге айналдыру.

Революция, азамат соғысы және саси әлеуметтік тақырыптардың С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов және басқада жазушылар шығармаларында игерілуі еркшеліктері. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармашылығындағы ізденістер.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер, олардың әлеуметтік сипаты. Бұл жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Халық ауыз әдебиеті дәстүрлерімен байланыс. Жаңа ізденістер. 20 жылдардың алғашқы жартысында қазақ әдебиетіне Ш.Иманбаева, И.Байзақов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, Ғ.Малдыбаев, С.Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы. С.Дөнетаев, Ә.Тәңірбергенов, М.Сералин сияқты ақын-жазушылардың шығармашылығы.

Әдебиет майданына жаңа талантты ақын-жазушылардың қосылуы: ҚӘбдіқадыров, ӨТұрманжанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, Ғ.Орманов, Қ.Жұмалиев, Ғ.Млдыбаев, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аанжолов, Қ.Бекқожин т.б. келуі. Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қйып, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халық поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсері.

Ұлы Отан соғыстың басталуы (1941-1945). Майданға шақыратын патриоттық өлеңдер. Публицистика, әңгіме, очерктер. Соғыс кезіндегі қазақ халық ақындарының өлеңдері.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орны. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялқы, көркемдік мәні.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік қуаты мол, жалынды өлеңдердің тууы. Т. Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград», Д.Әбілев «Торабында көп жолдың», Ғ.Орманов «Ел арманы», Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б.

Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесінің көрінуі және оны сомдауға бағытталған ізденістер. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдерін орныға бастауы.

Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымының өркендеу жолдары. А.Құнанбаев творчествосын зерттеуші ғалымдардың еңбегінің ерекше маңызы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметовтердің еңбектері.

XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті (1950-2000).

XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстеикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталуы. Проза. Қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы. Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелуі. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері. Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және интелигенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен замандас тұрғысы.

Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соығстағы адам бойындағы ерлік пен ездік, геройлық пен трагедиялық, достық пен дұшпандық. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог, диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял арақатынасы. Жағдай мен характер. Тылдағы адам тағдыры.

Проза дамуының кейбір бағыттары (тенденция): әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза. Публицистикалық проза. Лирикалық проза. Хроникалық проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі. Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы.

Психологиялық талдау мен оның түрлері мен көркемдік қызметі. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың аналитикалық (кейіпкердің ой-сезім ағыны мен толғаныстары, ішкі монологы т.б.) және синтетикалық (іс пен түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың өзара байланысы, психологиялық парарллеизм.

Поэзия. Тақырып аясы, проблематикасы. Қазіргі қазақ лирикасының басты даму сатылары мен ерекшеліктері. Лирикадағы адам мен қоршаған орта проблемасы. Лирикадағы автор мен кейіпкер арақатынасы, конфликт және характер. Ой мен сезім. Суреттеу мен сипаттау. Мезгіл мен мекен. Лирикалық шығарманың мағыналық-структуралық элементтерінің салалса және сабақтаса байланысу жолдары. Қазіргі қазақ лирикасын жанрлық топтастырудың мәселелері. Тақырыптық тұрғыдан топтастыру. Суреттеу амалдарының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру.

Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік-бейнелеуіш құралдары. Даму перспективалары.

Поэма. Тақырыптық-проблематикалық ізденістері. Патриоттық және интернационалдық пафосы. Жанрлық-стильдік көпқырлылығы. Поэмадағы тарихи өткен дәуір шындығының суртетлу ерекешлігі. Бүгінгі өмір көріністерін бейнелудегі ақындық шеберлік үлгілері. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Лирикалық поэма және оның ерекшеліктері. Эпикалық поэма және оның ерекешліктері. Поэмадағы лиризм мен драматизм. Қазіргі қазақ поэмасының даму перспективалары мен оны зерттеудің маңызды мәселелері.

Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық ізденістері. Лирикалық драма үлгілері. Эпикалық драма үлгілері. Тарихи драмалық үлгілері. Комедия, оның жанрлық ерекшеліктері. Трагедия туралы қазіргі әдеби-теориялық ойлар. Драмадағы тартыс сиапты. Драмадағы сөз бен іс. Драма және театр. Драмадағы кейіпкер мен актер шеберлігі.

Әдебиеттану мен сынының даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының алты томдығының, монографиялық зерттеу еңбектердің жарық көруі. Қазіргі заман қазақ әдебиеттау ғылымы мен әдеби көркем сынының дамуы, салалары. Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі жайы мен міндеттері. Әдеби көркем сынның ахуалы. Әдеби көркем сын және қазіргі әдеби процесс. Әдеби көркем сынның міндеттері туралы теориялық және қоғамдық-саяси ойлар. Әдеби шығарманы талдау мен әдеби процесті байыптаудағы жаңа ізденістер мен табыстар. Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны саласындағы еңбектер. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы қоғамдық ой, парасат саралығының көрінісі. Адам мен қоғам, жалқы мен жалпы арақатынасы. Ұлттық және интернационалдық сипаттардың ерекшеліктері мен бірлігі. Дәстүр мен жаңашылдық. Әдебиеттің дамуындағы жалғастық сырлары, тоқырау мен ілгерілеу (прогресс). Тарих пен этнография және қазіргі әдеби процесс. Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуындағы фольклордың атқаратын қызметі, маңызы мен мәнісі. Қазіргі қазақ әдебиетінің әлем халықтары әдебиетімен байланысы (Ш.Айтматов, Т.Қасымбеков, Т.Қайыпбергенов) дамуының басты пробелмалары.

XX ғасырлардың аса көрнекті ақын-жазушылары. Жамбыл Жабаев (1846-1945). Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары. Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға», «Бөлек қызбен, Айкүміспен қағысулары»), қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары («Кедей күйің», «Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық», т.б.).

Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағанбетпен, Шашубаймен айтыстары. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. «Замана ағымы» поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті» т.б.). Ақынынң «Москваға», «Ленингардтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні. «Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Ақынынң халықа узындағы аңызға байланысты мотивтерді алып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы. Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.

«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту. Поэамның образдық жүйесі. Ж.Жабаев творчествосын зертетудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері.

Халық поэзиясының даму ерекшеліктері, жанрлық құрамы мен поэтикалық жүйесі.

8-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

Қазақтың аса көрнекті жазушысы, ақын, философ. Шәкәрім шығармалары XX ғасыр басында баспа арқылы таралып, оқырмандарын жақсы таныс болды. (XIX ғасыр соңында жазылған біраз өлеңдерінен басқа шығармалары XX ғасыр басында ғана жарық көрген). Шәкәрім –Абайдың немере інісі, дәстүрін жалғаушысы, ізбасары. Ол Абай мектебі мен үлкен өмір жолынан өткен. Ірі кітапханалардағы бағалы кітаптар мен сирек қолжазбаларды оықаған. Ірі оқымыстылар мен қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасқан ғұлама. Философ, тарихшы, жазушы, композитор артына ұшан-теңіз рухани мол мұра қалдырған. Тарихшы –философтың «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» 1911 жылы Орынборда жарық көрді. Бұл кітаптар кезінде қоғамдық санада үлкен қозғалыс туғызды. «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» семейде жарияланды. Шәкәрімнің көптеген шығармалары бізге қолжазба арқылы жетті: «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Үш анық», «Ләйлі-Мәжнүн», т.б.

Шәкәрім шығармашылығының негізгі тақырыптары мен идеялық бағыттары Абай дәстүрінен табылады. Абай қозғаған әлеуметтік, философиялық тақырыптарды Шәкәрім өзінше жалғастырады, тереңдетеді. Оның шығармаларының олар сан-алуан. Онда көңіл-күй, табиғат лирикаларынан басқа азаматтық, философиялық шығармалардың да өзге түрі кездеседі. Қаламгер көңіл аударатын атқырыптар да сан-қилы. Ақын поэзиясының ірі саласы – поэма, дастандары. Прозалық шығармалары да аз емес. Шығыстық дәстүрде жазылған мөлтек әңгімелермен қатар «Әділ мен Мария» романы бар.

Шәкәрім аудармалары – оның шығармашылығының ірі саласы. Көркемдігі, еркіндігімен көзге түседі. Ақын негізінен нәзиралық тәсілдерді басшылыққа алады. А.Пушкиннің «Дубровский» повесін, «Боран» атты әңгімесін өлеңмен аударған, Физулидің «Ләйлі-Мәжүнінің» жаңа вариантын жасаған.



9-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ахмет Байтұрсынов –ірі қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы. Творчестволық мұрасының ұзақ жылдар бойы жөнсіз жоққа шығарылып келгені, қаламегрдің саяси-идеялық көзқарасына ғана қатысты емес, қазақ елінің бостандығы үшін күрес, іс-әрекетіне де байланысты.

А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми-әдеби қызметі туралы тарихи шындық. Москвада, 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасыан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» Қ томында (305-306-беттер) жарияланған. Оның творчествосы туралы М.Әуезов ойларынның тарихи және ғылыми маңызы («Ақ жол», 1923, 4 ақпан) бар. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Аудармашылық, журналистік творчествосы. «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911), кітаптары мен мақалары («Қазақтың бас ақыны»). Жиырмасыншы жылдардағы отандық тюркология, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы мен теориясы саласында жасалған еңбектер. А.Байтұрсынов – талантты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларынң көрнекті аудармашысы.

Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) – кітабында әдебиеттаундың ғылыми негізі мен методологиялық принциптері қарасытырлағн, басты категориялары мен ұғымдары айқындалған, олардың атаулары термин ретінде негізделген. Фольклор, көркем әдебиеттің тілі, өлеңтану, сондай-ақ көркем әдебиеттің тегі мен түрі саласында ұсынағн, пайдаланған терминдері, оларға берген сипаттамалары мен түсініктері, маңызы мен мәнін жоймай келеді.



10-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)

Көрнекті қазақ жазушысы, ірі қоғам қайраткері М.Дулатовтың шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда өтіп жатқан түрлі мақсатты саяси күрес, шайқастармен тығыз байланысты.

Қоғамдық қызметінмұғалімдіктен бастаған М.Дулатов 1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция жаузға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне көтерілді.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатов арасындағы достық қазақстан ммелекетінің егемендігін қалпына келтіру жолындағы идеялардан бастап, нақты іс-әрекет, күрес кезеңінде шыңдалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде М.Дулатов, А.Байтұрсынов көп қозғаған тақырыптар. Олар шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі.

М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдықс анада алатын оны қаншалықты зор болса, қаламгер шығармашылғындағы алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой-сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелйтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.

М.Дулатов алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» атлған өлеңдер жинағындағы батыл ой Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың, надандық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс-әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді, автор қудаланды.

1910 жылы М.Дулатовтың екінші кітабы «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ қызы басындағы қайғылы жайды баяндайтын шығарма оқырманын тапты. Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді.

М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінң егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет үкіметін де үрейлендірді. Қуғын көру, түрмеге қамалу, қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын жазу және аудармамен айналысты (қуғыннан оралғаннан кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан аударған шығармалары бар.

М.Дулатов драматургия саласында да шамасына қарай еңбектенген. 1922 жылы «Балқия» атты 4 бөлімді пьеса жазған. Сол жылы Орынборда көркемөнерпаздар күшімен қойылып, үлкен табысқа жеткен.

11-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, прозашы, қазақ романының негізін салушылардың бірі, аудармашы, драматург, ғалым. Оның психология саласындағы еңбектері де аз емес, ірі монографиясы бар. Қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жөнсіз бұрмаланды. Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы жөнінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті комиссиясының қорытындысы (январь, 1989), Жүсіпбек Аймауытовтың қоғамдық- саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жөннідегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі. Тақырыбы мен идеясы, жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романдардың материалы және оның тарихи шындыққа қатнасы, жазушының өмір шындығын бейнлеу жолдары.

«Елес», «Әнші» (1925) т.б.әңгімелерінің тақырыб мен проблематикасы. «Қанапия мен Шәрбану», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» пьесаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы.

Аудармашылық қызметі. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын аударуы.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



12-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев – қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі. Мағжан Жұмабаев –лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлеңдері: «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, атқан таңның жыры», «Айрылғанда», «Сен-сұлу», «Жұлдыз-жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы. Ақын лирикасындағы ел мен жер, дала мен қала, өмір мен өлім тақырыптары ақындық ізденістері. Көркемдік дәстүрге қатынасы, жаңашылдығы, өлеңді күйге (музыкаға) бөлеу мен дыбыстан сурет жасаудағы суреткерлік даралығы, лирикаға тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез дарыту шеберлігі.

Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желісі, образдылығы, ақынның ауыз әдебиеті дәстүрлерін творчестволықпен пайдаланудағы жетістіктері. Әдебиеттану мен әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері «Ақан сері», «Ақан сері сөздері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б. Ақынынң әдеби шығарманы, ақындық өнерді тану, талдау шеберлігі. Жзау, баяндау мәнеріндегі ғылыми нақтылық пен суреттілік.

Көркем аударма саласындағы еңбектері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы ұстанған творчестволық принципі, аудармашылық тапқырлығы мен шеберлігі.

Мағжан Жұмабаев творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет