Нақты шамалар: өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді.
Егер уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болған,яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін мінездейтін сандар тізбегін – қатысты шамалы өсіңкілік қатар деп атайды.
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін мінездеуді атайды.
Өсіңкілік қатарларды құрған жағдайда келесі шарттардың орындалуы қажет:
өсіңкілік қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы;
өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін аумақтық өзгерулерін бір-бірімен салыстырмалы болуы;
өсіңкілік қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көсетілетін көрсеткіштердің уақытына қарай белгілі бірліктерінің бірдей болуы;
өсіңкілік қатарлар дәрежесі бірдей методологиямен есептелуі қажет.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады.
10-дәріс. ӨСІҢКІЛІК (ДИНАМИКАЛЫҚ) ҚАТАРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Өсіңкілік қатардың уақытқа қарай өзгеруінің үдемелігін талдауда қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: нақты (абсолюттік) өсім (кему), өсу қарқыны (өсу коэфициенті), арту қарқыны, бір пайыздық артудың нақты (абсолюттік) мәні. Бұл көрсеткіштерді есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделінген.
Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады.
Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады.
Екіншіден, әрбір қатардың мәні белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстыратын болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері базалық тәсілмен есептелінген болып саналады. Өсіңкілік қатардың негізгі көрсеткіштерін есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |