Егемен Қазақстан. – 2013. №110. – 19 сәуір Қымбат құндылықтар жастар игілігіне айналуда



Дата30.06.2016
өлшемі8.66 Kb.
#168199
Егемен Қазақстан. – 2013. - №110. – 19 сәуір
Қымбат құндылықтар жастар игілігіне айналуда
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Наурыз мейрамын ерекше атап өтті. Бұл күні өткен жылдың қорытындысы шығарылып, отандық ғылымның дамуына, ғылымды инновациялау-коммерцияландыруға зор үлес қосқан ғалымдар, үздік факультеттер марапатталды.

Наурызды атап өту арқы­лы университет ұлттық құн­ды­лық­тықтарды насихаттап, ата-бабадан жеткен мол рухани мұраны жаң­ғыртып отырады. Бұл орайда, Қазақ агротехникалық уни­вер­ситеті өзіндік үрдісті, салт-дәс­түріміздің кейбір жоғалып бара жатқан түрлерін жаңғыртуды қалыптастырды. Өткен жылы көнеден жеткен «Ақсүйек», «Амал» мерекелерін атап өтсе, биылғы жылы «Сәукеле кигізу», «Ат тергеу», «Ашамайға мінгізу» сынды игі дәстүрлерге басымдық берілді.


Наурыз мейрамы аясында «Асығыңыз алшысынан түс­сін» атты спорттық сайыс ұйымдас­тырылды.

Мереке барысында оған қаты­сушылар «Қазақ күресі», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындардан өткен сайыстарды да тамашалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет