ӘҢгіменің бес үлгісі нил Мерсер, 2008 Үш түрлі әңгіме



жүктеу 106.99 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі106.99 Kb.



ӘҢГІМЕНІҢ БЕС ҮЛГІСІ

© Нил Мерсер, 2008



Үш түрлі әңгіме

  1. Дау-дамай кезінде...

Келіспеушіліктер көп болады және әркім өз шешімін қабылдайды.

Ресурстарды біріктіруге немесе сындарлы сын ұсынуға бірнеше әрекет жасайды.

«Иә! – Жоқ!» түріндегі өзара әрекеттер көп болады.

Бәсекелестік атмосферасы өзара әрекеттестік атмосферасынан күштірек болады.



  1. Кумулятивтік кезінде:

Басқалардың айтқанын барлығы жайбарақат қабылдайды және келіседі.

Балалар әңгімені сыни түрде емес, біліммен бөлісу үшін пайдаланады.

Балалар бір бірінің идеяларын қайталайды және мұқият ойлайды, бірақ лайықты түрде бағаламайды.

(3) Зерттеушілік кезінде:


  • Барлығы белсенді тыңдайды

  • Адамдар сұрақтар қояды

  • Адамдар тиісті ақпараттармен бөліседі

  • Идеяларға дау айта алады

  • Даудың себептері

  • Қатысу алдыңғы тәжірибеге негізделеді

  • Барлығының қатысуы ынталандырылады

  • Идеялар мен пікірлерге құрметпен қарайды

  • Сенім атмосферасы көрінеді.

  • Бөлінген мақсат сезімі білінеді

  • Топ бірлескен шешімдер үшін келісім іздейді

© Нил Мерсер, 2008




Топтағы әңгіменің 5 үлгісі

1-эпизод: Шейн мен Лестер




Лестер:

Мен мұны жасай аламын.

Шейн:

(Экранға қарап отыр) жоқ, жоғары емес, төмен.

Лестер:

Мұндай болу мүмкін емес.

Шейн:

Мүмкін.

Лестер:

Ол қайда екенін мен білемін.(Шейн кезекпен әрекет етеді, бірақ пілді таба алмайды).

Лестер:

Мен айттым ғой саған, онда емес деп. (Ол да табуға тырысады, бірақ таба алмайды).

Шейн:

хахахахаха (рахаттана күледі)

Лестер .

Жаңа не болды? Түсінбедім.

Шейн :

1,2,3,4,5,6 (санайды ).

Лестер :

Мен оның қайда екенін білемін.

Шейн :

Мен ең жақын нүктедемін.

Лестер :

( санайды) 1,2,3,4,5,6,7,8.

Шейн :

Мен ең жақын нүктедемін, 5.

Лестер :

Яғни, бұл 1,8 болуы тиіс.

Лестер :

2,8

Шейн:

Бұл келеді.
5 жасар 2 бала мозаикамен жұмыс істеп отыр (Смайл бағдарламасының бөлігі), онда олар Нью-Йорк картасының қандай координаталарында піл тығылғанын табу керек.


2-эпизод: Ханна, Дерил және Дебора

5/6 жастағы үш бала компьютерде жұмыс істей отырып, дыбыс өткізбеу үшін түрлі материалдарды тестілеу үшін Ғылым Таратушыны модельдеуді пайдаланады.

Ханна: (нұсқаулықты оқып отыр) «Тыныштық сақтаңыздар. Дыбыс өткізбеу үшін қандай материал жақсы? Есту үшін «құралды» басыңыз. Бұл биіктікте айырмашылық бар ма?»

Дерил: Жоқ, біз бұл матаны қаламаймыз. Анда қараңдаршы, бұл не. (Экранды көрсетеді).

Ханна: Жоқ, Дерил, бұл мата.

Ханна: Төмен. Стефанидің бізбен болған жақсы еді.

Дерил: Метал?

Ханна: Жақсы, байқып көр.

Дебора: Нені байқап көрейін? Мынаны ма?

Ханна: «Шыныны» көр.

Дерил: Иә.

Дебора: Біреу емес.

Ханна: Қазір!
Дерил: Өлше!

Ханна: Қазір өлше. Ұста. (Дыбыс деңгейін экраннан төмен бұрады).

Дерил: Нәтижелер, ескертпелер!

Ханна: Нәтижелер. Біз басқаны қарауымыз керек. Нәтижелер!

Дерил: Иә, сен басқаны қарауға тиістісің, сондықтан барлығын жазып ал.

Ханна: Мен жазып отырған жоқпын.




3-эпизод: Фритци, Вики және Глория

"Біздің Галактика" жөніндегі сабақтар топтамасы аясында үш қыз (5 жасар) мұғалімінің айтқан сөзінен шындығын талқылап отыр.

Фритци: (оқып отыр) “Күн Құс жолы деп аталған галактикадағы миллиондаған жұлдыздардың бірі». Өтірік пе әлде шын ба?

Вики: Мен сенбеймін, Мен ...

Глория: Иә, бұл шын, ол осылай аталады

Вики: Иә, мен..сенбеймін, бірақ шын шығар деп ойлаймын.

Фритци: Неге?

Вики: Енді, түнде аспанда жұлдыздар өте көп. Бірақ сендер….. қарасаңдар…

Фритци: планета?

Вики: ... иә, ең үлкен жұлдыз ол планета, ол жылтылдайды, мен мұны планета деп ойлаймын…

Глория: Иә, өткен түні мен өте үлкен планетаны көрдім, және шын мәнінде біреу емес, үш үлкен планетаны, үш үлкен жұлдызды көрдім.

Вики: Ә-ә.

Gloria: ... бұл өте керемет екен, ал ол тіпті жылтылдаған жоқ.

Фритци: Демек тек, тек жұлдыздар ғана жылтылдайды ғой, иә?



Gloria: (басын изейді)

Вики: Иә, қазір енді.


Фритци: Ә-ә, бұл сонда шын ғой.

Вики: Иә, «шындық» деп көрсету керек

Фритци: Шындық, шындық (қағазды көрсетеді)
Вики: Мен істей алмадым, мен шындық қалай жазылатынын есіме түсіре алмай отырмын.

© Нил Мерсер 2008

4-эпизод: Эленор, Джорджи және Кармел

"Біздің Галактика" жөніндегі сабақтар топтамасы аясында үш қыз (5 жас) мұғалімінің айтқандарының шындығын талқылауда.

Эленор: Жақсы (оқиды) «Жердің көлеңкесінде болғандықтан Ай формасын өзгертеді».

Кармел: Жоқ. Бұл шындық емес, себебі айды жабатын бұлттар бар ғой

Эленор: Жоқ, бұл олай емес, …иә

Джорджи: Иә

Эленор: Себебі күндіз, ай жоқ деп ойлағанда, оны бұлттар …

Кармел:: ... оны жауып тұрады.

Джорджи: Иә, сондықтан ол маған ұнайды, ал демалыс күні мен далаға шықсам, таңғы сағат бес екен, сонда ай болды, бұл дұрыс па, себебі әлі қараңғы болды ғой, иә.

Эленор: Иә

Джорджи: Біз шыққанда, бұл сағат бес пе, төрт пе, шамамен төрт болды ау деймін, осы уақыта ай болмаған сияқты, бірақ мен айдың жартысын көрдім, мен анамның досына: «Тони, қарашы, ай шығыпты» дедім, ол маған «Иә» деді. Себебі біз таңертең келгенде бұлттар болды ...

Мұғалім: Болды, талқылауды аяқтаймыз.

Эленор: Біз не ойлаймыз?

Джорджи: Менің ойымша бұл өтірік.

Кармел: Өтірік…

5-эпизод: Эммилин, Оливер және Мэдди

5 жастағы балалар тобына олар оқыған тропикалық орманның әртүрлі жануарларының фотосуреттері берілді. Оларды «шөп қоректі» және «жыртқыштар» деп сыныптауға тиіс.

Эммилин: Мәселен бізде балық бар.

Оливер: Қандай, пиранья ма?

Эммилин: Жоқ, кішкентай, қабыршақты

Мэдди: Екеу, екі ... (күмәнданады)

Оливер: Қос тынысты балық

Мэдди: Бәлкім ол өзен ішіндегі барымен қоректенетін шығар, себебі маймылды немесе тағы бірдеңені ұстап алу үшін судан шықпайды ғой, иә? (барлығы күледі)

Эммилин: Иә, мүмкін.

Оливер: (сөзге килігеді) Әрине онда су өсімдіктері бар, кейбіреулері осы өсімдіктерді және суға түсетін жапырақтарды жейді.

Мэдди: Иә, бәлкім бұл шөп қоректілер

Бэн: Біздің айтарымыз жоқ

Эммилин: Сен қалай ойлайсың бұл не болуы мүмкін

Оливер: жоқ, мен жыртқыш деп ойлаймын, көптеген балықтар…



Эммилин: Жоқ, себебі ма….

Оливер: (сөзге килігеді) Бұл біздің ең жақсы балығымыз.



Эммилин: (сөзге килігеді) Иә, бірақ біреуі мында, екіншісі анда (ол тақтадағы картадан балық тәріздес жыртқыш әрі шөп қоректіні көрсетеді)

( Бэн бірдеңе айтқанша талқылау жалғасады)

Бэн: Дауысқа салайық.

Эммилин: Иә, дауысқа салайық.

Бэн: (Оливерге)Сен не ойлайсың?

Оливер: Мен жыртқыш деп ойлаймын

Бэн:(Мэдди) Сен не ойлайсың?

Мэдди: Мен шөп қоректі деп ойлаймын

Бэн:(Эммилин) Сен?

Эммилин: Шөп қоректі



Оливер: (Бэнге)

Бэн: (күледі, жасқана қарайды, жауап бермейді )

Оливер: бол, бұл оған тұрмайды, бұл екі…..

Бэн: Жыртқыш

Оливер: Жыртқыш, екі



Бэн: Жақсы, онда (ол тиынды лақтыруға дайындалады)
Оливер: жоқ, тиынды лақтыру керек емес.

Бэн: (сөзге килігеді, лақтырады ) Қойшы.

Оливер: ... деп ойлаймын!

Бэн: бүркітше немесе санақша?

Оливер: жеңіл, жоқ, тыныш!

Эммилин: Бүркітше. Сен ұттың.

Оливер: (кәртішкеден қос тынысты балықты таңдап алады) «Қос тыныстылардың екі өкпесі және ұсақ желбезектері болады және олар батпақта үңгір жасайды да ауамен тыныстайды. Олар шөп қоректі бола алмайды, себебі құмда жейтін олардың тамағы жоқ? Онда жейтін ештеңе жоқ».







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет