85
Әйел әдебі
әйелден туған)
ұлдарынан, туған бауырларынан, аға-інілерінің
ұлдарынан, әпке-сіңлілерінің ұлдарынан, (діндес)
әйелдерден,
қол астындағы қызметші күңдерден, әйелдерге әуесі жоқ
қызметші еркектер мен әйелдердің әурет жерлерінің әлі не еке-
нін білмейтін балалардан (осы айтылғандар тыс)
басқалардың
алдында ашық-шашық жүрмесін!»
(Нұр сүресі 31-аят).
2. Кіндіктен тізеге дейін, қарын мен арқа және көкірек тұсы
әйелдің үйленуге болмайтын туыстары үшін де әурет жер бо-
лып саналады. Дінімізде әйелдің тұрмысқа шығуына болмай-
тын еркектерге «махрам» делінеді. Әйел кісі махрамының ал-
дында бүткіл денесін жауып жүруі шарт емес. Алайда, шариғат
бойынша, қарнын, көкірегін, арқасын,
кіндік пен тізелерінің
арасын күйеуінен басқаларға (тіпті әкесі, ұлы, аға-інісі болса
да) көрсетуіне тыйым салынған.
Әйелдің махрамдарын мынадай үш топта қарастыруға бола-
ды:
1) Қандық туыстары. Олар:
а. Әкесі,
ә. Атасы,
б. Туған аға-інілері,
в.
Әкесінің аға-інілері,
г. Анасының аға-інілері,
ғ. Аға-інілерінің ұлдары,
д.
Әпке-сіңлілерінің ұлдары,
е. Өзінің ұлдары,
ж. Немере ұлдары.
2) Сүт туыстары:
Қандай да бір себеппен өзге әйелдің сүтін емген қыз бала сол
әйелдің туған қызы дәрежесінде болып есептеледі. Сондай-ақ,
ол әйел де қыздың сүт анасы болып саналады. Сондықтан, сүт
анасының еркек жақындары оған қан туысқандары сияқты мах-
рам болады.
Олар:
86
Әйел әдебі
а. Сүт анасының күйеуі,
ә. Сүт анасының ұлдары,
б. Сүт
анасының аға-інілері,
в. Сүт бауырлары, яғни сүт анасы емізген бөтен кісілердің
ұлдары.
3) Күйеуі жағынан болған туыстары:
а. Күйеуінің әкесі,
ә. Күйеуінің атасы,
б. Күйеуінің өзге әйелінен болған ұлдары.
3. Кіндік пен тізе арасы өзге әйелдер үшін әурет болып табы-
лады. Сондықтан, бұл жерлерді өзге әйелдерге көрсетуге бол-
майды. Сондай-ақ, дәл осы жерлер еркек пен еркек арасында да
әурет болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: