Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
40hadis

Екінші бөлім
Әйел әдебі


80
Әйел әдебі
МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ
Араб халқы Исламнан бұрын әйел затын қорлап, кемсітіп 
надандықпен қарайтын. Қыз баланың дүниеге келуін сұмдық са-
найтын. Тіпті оларды тірідей жерге көміп тастаудан еш тайын-
байтын. Әйел адамды әке-шешесінен қалған мирастан мақрұм 
етіп, оларға өз үлестерін бермейтін. Бұлармен қоса оларға басқа 
да неше түрлі зұлымдықтар жасайтын. Мұндай бейберекетсіз-
дік тек арабтарға ғана тән емес-ті. Олардан басқа халықтардың 
да көпшілігі әйел затына осындай, не осыған ұқсас қиянат 
көрсететін.
Ал, Ислам діні әйел затының құқығын өзіне қайтарды. Оны 
сан жылдар бойғы зұлымдық шырмауынан біржолата арылт-
ты. Оның беделін көтеріп, отбасындағы және қоғамдағы орнын 
айқындады. Абыройын қорғайтын құқықтар мен міндеттерді 
жүктеді. Атқаратын қызметі мен ар-намысын қорғаудың өзіндік 
жолын көрсетті. 
Әйелдің құқықтары
1. Ислам әуелі адамгершіліктің туын көтере отырып, ер 
мен әйел арасындағы теңдікті жариялады. Шын мәнінде, әйел 
еркектің бір бөлігі болып саналды. Құранда: 
«Әй, адамдар! 
Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның 
жұбайын (Хауа ана) жаратып, ол екеуінен көптеген еркектер 
мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар!», - дейді 
Аллаһ Тағала 
(Ниса сүресі 1-аят).
Аллаһ Тағала жақсы істер үшін сауапты тек ер кісілерге ғана 
емес, әйелдерге де жазады. Бұл жайында Құранда 204 жерде кел-
ген. 
«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте 
оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен 
де жақсырақ сыйлық береміз»
(Нахыл сүресі 97-аят).
2. Ислам қыз баланы тірідей көму үрдісінің тамырына балта 
шауып, оған қатаң түрде тыйым салды. Тек өз ризашылығымен 
ғана әрі өз таңдауымен ғана тұрмыс құру құқығын сыйлады. 
Әйелдің сөзі мен тұрмыс құруға деген көзқарасы ескерілетіндей 


81
Әйел әдебі
дәрежеге ие болды. Қыз баланың арлы да ардақты болып өсіп-
жетілуі үшін Ислам оның тәлімі мен тәрбиесіне аса көңіл бөлді. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Екі қызы бар адам, қыздарына көркем 
әдеп үйретіп, ең жақсы құлықпен тәрбиелеп, жақсылық істей-
тін болса, олар (қыздары) оны оттан қорғайтын перде болады»
- дейді 
(Бұхари, Мүслим)
. Күйеуге шыққан болса, күйеуіне әйелімен 
жақсы қарым-қатынаста болу міндеттелді. Міне, бұл – Исламның 
әйел затына деген құрметі. Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет