11
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
айырбастамайтын мүмин кісілердің жөні бөлек әрине, олар бұл
дүниеге алданбайды. Мұндай бақытты жандар жайлы Хазіреті
Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді:
«Жақсы мал-мүлік жақсы адам-
дар үшін өте лайықты».
Салиқалы әйел деп арлы, діндар әрі тәрбиелі әйелді айтамыз.
Мұндай әйел өмір бойы күйеуінің қас-қабағына қарайды. Оның
шаңырағында ұрыс-керіс болмайды, керісінше ынтымақ-бірлік
орнайды. Ал күн сайын үйінде ұрыс-керіс болатын ер адамның
қаншалықты көп байлығы болса да, ол үшін
ең жақсысы
салиқалы әйелдің болуы хадисте ашық баяндалған.
Хазіреті Пайғамбар бір хадисінде былай деген:
«Үш нәрсе
адамды бақытты қылады: салиқалы әйел, тамаша үй және
жақсы көлік. Тағы бір үш нәрсе адамның бақытсыздығын білді-
реді: жаман әйел, жаман үй, жаман көлік».
Достарыңызбен бөлісу: