14
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
на жібермеу қажет. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Балаларыңа
қамқорлық көрсетіп, жақсылап тәрбиелеңдер», деп бұйырған.
Тәрбие негіздерінің алғашқысын өзіне деген сүйіспеншіліктен
бастаған. Сондықтан мұсылман жанұяның басты міндеті, ең
алдымен, Хазіреті Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті үйрету.
Оған деген сүйіспеншілік оянбаса, өзгелерге сүйіспеншіліктің
пайдасы шамалы болмақ. Бұл тұрғыда Хазіреті Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай деген:
«Сендерді шексіз ризықтандырған Аллаһ
Тағаланы жақсы көріңдер. Мені Аллаһ Тағаланы жақсы
көргендерің үшін жақсы көріңдер, туған-туыстарыңды мені
жақсы көргендерің үшін жақсы көріңдер». Ол өзіне және әһлі
бәйтіне отбасына деген сүйіспеншіліктен
кейін балаларды
Құран оқуға деген ынта-жігерін арттыруды атаған. Міне, осы
аталғандарды баланың жүрегіне орнықтырып, оңды нәтиже
беру үшін ең алдымен анаға көп міндет жүктеледі, яғни ананың
хадиске лайықты болуы шарт. Орай келгенде Аллаһтың сүйікті
құлының басынан өткен мына өнегелі оқиғаны айта кетелік.
Пайдалы болады деген үміттемін. Аллаһтың сүйіспеншілігіне
бөленген таныс кісінің қалын сұрап барғанымызда бізге былай
деген еді.
Бала кезімде ата-анам мені мектепке оқысын деп жіберетін.
Бір күні анамның аяқ-киімімнің
табанын тазалап жатқанын
көрдім де таңырқап:
«Ана, не үшін табанын тазалап жатырсыз?» - дедім.
Анам:
- Құлыным, сен білім алу үшін мектепке бара жатқаныңда
періштелер қанатын сенің табаныңа жаяды. Олардың қанаттары
кірленбесін деп жатқаным ғой, - деді.
Хазіреті Пайғамбар:
«Кімде-кім Құранды оқып, ондағы
айтылған әмірлерді мұқият іске асырса, қиямет күні Аллаһ
Тағала оның әке-шешесінің басына тәжі кигізеді. Тәждің жарығы
сондай күннің жарығынан әлдеқайда жарық. Құранмен амал
еткеннің жөні бір бөлек» деген.
15
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Ей, мұсылман ханым! Дүниенің
өткінші қызығына емес,
ақыреттің таусылмас қызығына көңіл бөл! Сондай-ақ Құранды
үйреніп, онымен амал жасаған балалардың себебімен жұмақтың
патшасы деген сый-сияпатқа ие болатыныңды ұмытпа! Хазіреті
Пайғамбардың өз қолымен басыңа кигізген тәжін алып тастама!
Достарыңызбен бөлісу: