91
Әйел әдебі
көрсетіп жүруіне болмайтындығын айтқан. Яғни, әйел бала-
сы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кеңдікте, беті,
екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерле-
рін жабатындай кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны.
Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды,
жалпы, эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес. Сауд
Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі
барша мұсылмандарға тән киім үлгісі емес. Ондай киім үлгісі
олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған.
Сондықтан Құран аясынан шықпау шартымен әр қоғам киім
үлгісін өзінің менталитеті
мен әдет-ғұрыптарына, заманына
қарай әрі өмір сүрген жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай
алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі
болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек
үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу
жоқ» деп Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны
әдет-ғұрыппен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің
төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі
таңда да Құран
өлшемдеріне қарай әрі заман талабы мен ұлттық түсінігімізге
сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге болмасқа? Осылай істер
болсақ, орамал тағып, ұзын киім кию «ананың-мынаның ұлттық
киімі» деген таяз түсініктерден арылар едік. Кейде әркімнің
алып-қашты негізсіз сөздеріне еріп, ұлттық ерекшеліктер мен
әдет-ғұрып, салт-дәстүрді Аллаһтың әмірімен шатастырып
жүргендерге куә боласың. Мүмкін білместік дерсің,
әйтсе де
нәпсінің құрығынан шыға алмай, шындықты бүркемелейтіндер
де баршылық. Мәселен, кейбіреулер орамал біздің ата-бабамыз-
да болмаған, ол араб-түріктерден келген үрдіс деп бұлданады.
Шындығында, бұл сөздің ақиқатпен ешқандай қатысы жоқ.
Әйел киімінің исламға сай болуы үшін мынадай критерилер
сақталу қажет, тізбектеп айтар болсақ:
1. Киім әйелдің беті мен саусақтарынан басқа жерін жау-
ып тұру керек. Айталық мойын, омырау, иық, сырға тағылған
құлақ, кісі көзінен таса болуы қажет.
92
Әйел әдебі
2. Еркектер сұқтанатындай тым әдемі киім киюге болмай-
ды. Яғни, ашық түсті
киім киіп, әшекейлер тағынуға, сондай-
ақ, алтын-күміс жіптермен өрнектелген жылтыраған маталар-
дан тігілген киім киюге тыйым салынған. Бұл айтылғандарды
махрамға жататын туысқандарының алдында, үйде (бөтен
кісілердің көзіне түспейтін жерде) киюге болады.
3. Киім адам денесін көрсетпейтіндей тығыз матадан тігілген
болу керек, денені көрсетіп тұратындай үлбіреген жұқа маталар
болмайды.
4. Киім әйелдің дене бітімін
байқатпайтындай кең болуы
қажет: тырысып, жабысып, әр мүшесін көрсететін киім киюге
рұқсат етілмейді.
5. Киімге мүңкітіп әтір себу де дұрыс емес.
6. Әйелдердің киімі еркектердің киім үлгісінен бөлек болуы
керек. Яғни әйел киімі еркектердің киіміне ұқсамау керек.
7. Киім сізді өзгелерден оқшау етіп керсетпегені абзал. Ашық
та анық матадан «көзге ұратындай» ерекше сәнмен тігілмегені
жөн. Өйткені, ондай киімдер сізге еріксіз назар аудартады. Киім
таңдау, әрине әр әйелдің көзқарасы мен тұрмыс-тіршілігіне
байланысты екені белгілі.
8. Мұсылман әйелдерінің киімі Исламға иланбаған әйелдер-
дің киімімен ұқсас болмауы керек. Өзге діндердің жасанды діни
киімдерін киюге мүлде болмайды.
9. Киім әйелдің «байлығы мен даңқын» паш ететіндей болма-
уы қажет, яғни, қымбат тастар мен алтын немесе күміс сияқты
жіптермен безендіріліп, зерленбеуі керек.