41
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
сына түскен қиыншылығынан құтқару, сондай-ақ оның қарызын
өтеу мен аш болса тойдыру да осыған кіреді» деген.
Мұсылмандарға жәрдем беру олардың қажетін тауып беру,
итикафтан (ораза айының соңғы он күнінде мешітте жасалатын
құлшылық) әлде қайда артық. Өйткені,
Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.):
«Кімде-кім мұсылманның мұқтажы үшін күндіз-түні
жүгіріп жүрсе, итикафтан әлдеқайда артық» - деген.
Қызмет жасау әрбір мұсылманның қолынан келе бермей-
тін іс. Өйткені, мұндай іс өте қарбалас әрі өте қиын.
Сондай-
ақ қыруар күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан да Хазіреті
Пайғамбар (с.а.у.):
«Аллаһ Тағала бір топ құлдарын адамдарға
қызмет ету үшін жаратқан. Адамдарға қолынан келгенше
жәрдем береді. Аллаһ оларды азаптамайды» деген».
Қари әл-Мунзир осы хадис жайлы былай деген:
«Ұстазыма осы хадисті оқыдым. Ұстазым: «Өте тамаша хадис.
Мұсылмандарға жәрдем беріңдер деген мағынада қырық хадис
жина» - деді. Содан кейін сол жайлы қырық хадисті жинап жа-
зып шығардым».
Бұл мағынадағы хадистерден мынадай қорытынды жасауға
болады:
1. Ислам қоғамында бауырға жәрдемдесу басты міндет.
2. Мүминдерге жәрдем беру қиямет күні жәрдем ретінде ал-
дымыздан шығады.
3. Тығырықтағы адамға жәрдем беруге шақырады.
4. Мұсылманның қателігін жасыруға үндейді.
5. Мұсылман бауырына жәрдем берген адамға, Аллаһ та
жәрдем береді.
6. Барша мұсылмандар осы хадистен үйренгендерін бойына
сіңіріп, бір-біріне қол ұшын беруді әдетке айналдыруы қажет.