39
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
басын»
(Бұхари, Хибе 1; Мүслим, Зекет 90).
Хадиске түсініктеме:
Араб тілінде «Фирсин» деген сөз түйенің табанына айтыла-
ды. Бірақ хадисте бұл мағынада айтылып тұрған жоқ. Сонымен
қатар араб халқының әдет-ғұрпында қойдың жамбасын немесе
санын сыйға тарту жоқ болатын. Мұндағы мақсат сыйлықтың
аздығы
мен көптігі емес, бір нәрсені шын ықыласпен беру.
Өйткені, жомарттық қолдағы бар нәрсені бере білумен өлшенеді.
Яғни, меншігіндегі затты аз демей мүмкіншілігі барынша бе-
руге тырысу қажет. Шынайы ықыласпен берілген түйірдей
нәрсенің сауабын Аллаһ Тағала көбейтеді. Ал қыруар мал шын
ықыласпен берілмесе Аллаһ Тағала оның сауабын азайтады.
Садақа яки сый-сияпат парыз әрі нәпіл құлшылықтардың бірі-
не жатады. Мұндай ғибадаттың қабыл болуы үшін төмендегідей
екі шарттың болуы тиіс:
1. Құран мен Сүннетке қайшы келмеу керек.
2. Ықылас әрі шынайы ниетпен орындалуы қажет.
Егер осы аталмыш
шарттардың біреуі кем болса,
құлшылықтың ешқандай сауабы болмайды. Әлдекім өзіне
шынайы ниетпен берілген
сыйды аз деп қабылдамаса, Ислам
тұрғысынан жағымсыз іс болып саналады.
Кәміл мұсылман
өзгеге қол жаймайды, бірақ өзіне берілген нәрсені қабылдайды
және өз қажеттілігінен артылса оны сыйға береді. Осылайша
сый берген бауыры мен өзі сый алған бауырының қөңілі толып
өз араларындағы бауырмашылдық арта түседі. Сыйға берілген
затты азсынып қабылдамау көргенсіздікке жатады.
Мұндай
қылық тек қана шайтанға тән. Қорыта айтқанда мұсылман әйелі
өзін ғана ойламай көрші әйелдің де жағдайын ойлап онымен
жақсы мәміледе болып, шын ықыласымен аз да болса сый-сия-
пат жасауы айтылған хадиске амал жасағандық болмақ.