43
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
сараң адам — Аллаһтан, адамдардан, жұмақтан ұзақ, тозаққа
жақын болады. Шындығында жомарт адам білімсіз болса да,
сараң ғалымнан Аллаһтың құзырында әлдеқайда артық».
Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем
мінезін былай түсіндіреді: «Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) өмірінде
кәлима шәһадаттан басқа жерде «лә» (жоқ) деп айтпаған». Ка-
лима шәһәдат «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә
Мухаммадан абдуһу уә расулуһ». Осындағы «лә» сөзі араб ті-
лінде жоқ деген мағынаны білдіреді. Яғни,
мұқтаж адамдарға
ешқашан «жоқ» деп айтпай қолынан келгенше оларға қол ұшын
беріп көмектесуге тырысқан. Жоқ болған жағдайда біреуден
қарыз алып тауып беретіндігін айтқан.
Міне, сондықтан Аллаһтың сүйіспеншілігіне бөленгісі ке-
летін әрбір мұсылман сараңдық
деген жағымсыз сипаттан
арылып, жомарт болуға талпынуы қажет. Хазіреті Пайғамбар
хадистерінің бірінде былай деген:
- Сендерге жомарт кісінің ішіндегі ең жомарты кім екенін ай-
тайын ба? Сахабалар:
- Иә айтыңыз, Аллаһтың Елшісі - деді. Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.):
- Жомарттардың ең жомарты Аллаһ Тағала. Адамдардың ең
жомарты менмін. Менен кейінгі ең жомарт адам білім алып, сол
білімін өзгеге үйреткен адам. Мұндай адамдар бір үмбет сияқты
болып қайта тіріледі. Сондай-ақ Аллаһ
жолында өлгенше
күреседі. Білім мен мал-мүлік, материялдық әрі рухани дүниенің
қайнар көзі. Оларға қызығып та, қызғанып та қарауға рұқсат бе-
рілген. Білім мен мал-мүлік жөнінен жомарттық танытқан адам
ең қайырлы адам болып есептелінеді.