Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
40hadis

����������������������
Әйел тәрбиесі
Мағынасы:
Әбу Сайд Әл-Худриден риуаят етілген хадисте әйелдер Ха-
зіреті Пайғамбарға (с.а.у.): «Ей, Аллаһтың елшісі (сізді тыңдау 
үшін) бізге еркектер мұрсат бермейді. Бізге де бір күн көңіл 
бөліңіз» - деді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) оларға арнайы бір 
күн белгіледі. Әйелдер белгіленген күні келді. Оларға уағыз 
жүргізді. Кейбір нәрселерді әмір етті. Оларға айтқандарының 
бір бөлімі мына төмендегідей еді: «Кімде-кімнің өзінен бұрын үш 
баласы шетінесе оған балалары отқа түсірмейтін қалқан бола-


56
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
ды». Олардың ішінен бір әйел: «Екеу болса ше?» - деді. Екеу 
болса да солай» - деді
(Бұхари, Ілім 36).
Хадиске түсініктеме:
Әйел кісі балалардың ең тамаша тәрбиешісі. Сондықтан 
балаларды жақсылап тәрбиелеу үшін әуелі әйел кісінің өзі 
тәрбиелі, көрегенді болуы тиіс. Бала тәрбиесінде әсіресе оның 
сәби кезіндегі шағы өте маңызды рөл ойнайды. Ол өз бойында 
жоқ қасиеттерді баласының бойына беруіне де болады. Өйткені, 
өмірдегі қаншама дана, атақты адамдар сол аналардың қолында 
тәрбиеленді емес пе? Сондай-ақ, батыр әрі ер жүрек жігіттерді 
де әйел адам тәрбиелеп өсірді. Көрегенді ибалы әйел, күйеуінің 
де көңілін табады. Оған қолғабыс көрсетеді. Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) Хадиша жайында былай деген: «Аллаһтың атымен ант 
етемін! Аллаһ Тағала маған Хадишадан қайырлы әйел бермеген. 
Адамдар маған сенбегенде ол сенді, барлық адам мені жалғаншы 
дегенде ол мені растады. Адамдар маған қарсы шыққанда ол мені 
жақтады, маған жәрдемші болды». Әйелдерге оқу мен жазуды 
үйренуді бұйырған Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) бір хадисінде: 
«Қол астындағы күңді жақсылап тәрбиелеп, оны оқытқан адамға 
Аллаһ Тағала екі есе сауап береді» деген. Білмейтінін үйренген 
әйелдер жайлы Айша анамыз: «Ансарлардың әйелдері қандай 
жақсы әйелдер. Олар қанша қиналса да діндерін үйренді» де-
ген. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мәдинада тұратын әйелдердің 
дінге деген қызығушылығына әрі үйренеміз деген талаптарына 
байланысты оларға аптасына бір күн уақытын бөлген. Қазіргі 
кезде де Ислам жамағаттарының қайта өркендеуіне мұсылман 
әйелдер өз үлесін қосып келеді. Бір күні Хазіреті Омар мінбеге 
шығып мұсылмандарға үйленгенде мәһірді көп бермеу керек-
тігін айтты. Мұны естіген әйелдердің бірі: «Ей, Омар! Сенің 
бұлай деуге ешқандай ақың жоқ!» деп, Құрандағы аяттарды 
оқып көзқарасын білдірді. Сонда Хазіреті Омар: «Субханаллаһ! 
Әйел Омарды үнсіз қалдырды деп, райынан қайтты».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет