Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ���������������������



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
40hadis

48
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
���������������������
Мойынсұну және қанағат тұту
Мағынасы:
Хазіреті Әбу Бәкірдің қызы Асманың (р.а.) айтуынша: «Бір 
әйел кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Менің жолдасым 
бар. Күйеуімнің маған бермеген малынан қарнымды тойдыр-
сам, маған күнә болады ма?» - депті. Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Берілмеген (рұқсат етілмеген) нәрсемен қарнын тойдырған 
кісі бірінің үстіне бірін киген жарамсыз киім сияқты» деп жауап 
беріпті» 
(Бұхари, Никах 106; Мүслим, Либас 127).
Хадиске түсініктеме:
Хадистің арабшасындағы «муташаббиъу» сөзі аш уақытта 
тоқ сияқты етіп көрсету, пақыр болса да бай етіп көрсету де-
ген мағыналарды білдіреді. Сондықтан хадисте жоқ нәрсені 
бар етіп көрсеткен кісі жайында әңгіме қозғап тұр. Әйел кісі 
күйеуінің бермеген нәрсесін берді деп немесе біреуден алған 
затын әлде киімін өзінікі сияқты көрсетіп, мақтанар болса, Ис-
лами тұрғыдан жақсы мінез-құлыққа жатпайды. Мойынсұну
қанағат тұту мұсылман әйелдің басты міндеті. Дүниенің өткінші 
қызығына салынбай, Аллаһ Тағаланың ризалығына бөленіп 
«қанағат қарын тойғызар» демекші барға қанағат жасауы тиіс.


49
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
��������������������
Әйелдің екі ерекшелігі
Мағынасы:
Абдуллаһ бин Омардың (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.): «Ей, Әйелдер қауымы! Садақа беріңдер! Көбірек кешірім 
сұраңдар! Өйткені тозақтағылардың көпшілігі әйелдер екенін 
көрдім» деген. Сонда олардың арсынан бір әйел тұрып:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Біз тозақта көп болатындай не істеп-
піз? - деді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Сендер қарғысты көп 
айтасыңдар, күйеулеріңе қарсы келіп, күпір айтасыңдар. Ақылы 
мен дінінде кемшілігі бар адамдардың, ақылды кісілерді жеңгенін 
көрмедім» деді. Сонда әлгі әйел:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Ақылы мен дінінде кемшілігі бар 
дегеніңіз қалай? - деп сұрады. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): 
Ақылдың кемдігіне келер болсақ екі әйелдің куәлігі бір еркектің 
куәлігімен тең. Ақылдың кемдігі осы. Әйелдер бірнеше күн намаз 
оқымайды, Рамазан айында да бірнеше күн ораза тұтпайды, дін-
дегі кемшілігі дегенім осы» - деп жауап берді 
(Бұхари, Хайыз 6; Мүслим, 
Иман 132).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет