Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ��������������������



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
40hadis

52
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
��������������������
Зікір
Мағынасы:
Юсәйра (р.а.) Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге бы-
лай дeп айтты дейді: «(Ей, мұсылман әйелдері) сендерге 
«Субханаллаһ», «Лә иләһә иллаллаһ» «Суббухун, Қуддусун раббул 
мәләйкәти уаррух» секілді зікірлер өте қажет. Мұны айтқанда 
саусақтарыңды санаңдар. Өйткені, саусақтарыңнан сұрақ 
сұралады әрі сөйлетіледі. Ғапыл болудан сақтаныңдар, мейірім-
нен жұрдай боласыңдар» 
(Тирмизи, Дағуат 120).
Хадиске түсініктеме:
Аллаһ алдында көптеген ерекшеліктерге тән үмбетке жа-
тамыз. Осы ерекшеліктердің бірі ретінде өміріміз қысқа, 
ақыреттегі пайдамыз мол болатындығын айта аламыз. Хазіреті 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмбетімнің орташа жасы, алпыс пен 
жетпістің арасы. Сондықтан қысқа ғана ғұмырды әйтеуір, қалай 
болса солай өткізбеуіміз керек» деген. Құлшылық қылу жөнінен 
әйелдердің өмірі еркектерге қарағанда өте қысқа. Өйткені, олар 
кейбір жағдайларға байланысты құлшылықты орындай алмай-
ды. Олар мұндай жағдайда да Аллаһты еске алып, уақытты босқа 
өткізбеуі керек. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хади-
сінде: «Ғапылдық үш нәрседен тұрады:
1. Аллаһты зікір етпеу;
2. Таң намазынан кейінгі ишрақ уақытына дейінгі уақыт;
З. Қарызын уақытында бермей жинау» - деген.


53
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Әрбір адам дене мүшелері үшін садақа беруі керек. Дене 
мүшелерінің шүкірін осылай істегенде ғана өтей аламыз. Күн сай-
ын садақа беру бай адамның өзіне де ауыртпалық түсіреді. Олай 
болса денеміздің шүкірін қалай өтейміз. Сондықтан да Хазіре-
ті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әрбір субханаллаһ, әлхамдулиллаһ, 
Аллаһу акбар, лә иләһә иллаллаһ, жақсылыққа шақырып, 
жамандықтан тыю, әрбір игі сөз бен қайырымды іс садақа бо-
лып есептеледі» деп садақа берудің жолын білдірген. Олай болса 
Аллаһты зікір еткен сайын сауабқа кенеліп қана қоймай, садақа 
берген болып есептелеміз. Мұсылман кісі мен Аллаһты зікір 
етемін, садақа бермесем де болады дей алмайды. Мұндай игі 
сөздер садақа беруге шамасы жетпейтіндер үшін айтылған. Ал 
мүмкіншілігі бар адамдар садақа беріп қана қоймай, Аллаһты да 
зікір етеді. Аллаһ Тағала Ясин сүресінің 65 аятында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет