Әмірші ұзақ уақыт жорықта жүргенде, жұбайын сағынған Кіші ханым
оған арнап жұртта жоқ керемет ескерткіш салдырмақ болады. Алмас хан
білмейді. Жорықтан қайтып келе жатқанда оның көзіне алыстан бір
сырық шалынады.
Қақ төрде әлгі бір аспан мен бой таласқан көк сырық – мұнара. «Көк
масаты көйлек киген әлдебір арудың алыстан арып-ашып келе жатқан жарына
сағына қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-жұмыр, сымбатты мұнара
жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап, жарқырай түсті».
Достарыңызбен бөлісу: