«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


қоспады, бата да бермеді; бұрын бұны жасырақ кезінде мүсіркеп



Pdf көрінісі
бет142/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

қоспады, бата да бермеді; бұрын бұны жасырақ кезінде мүсіркеп,
маңдайынан сипайтын әдеті болушы еді; бұл жолы оның жүзінен аспандай
қараған астамшылық пен қазымырлықтан басқа ештеңе байқамады.
«Арман-ПВ» баспасы
«Кекілбаев дарыны – мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен
ұғымтал көкірек пен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді.»
Асқар Сүлейменов
Сырт қарағанда жалаңаш көрінетін барқан құмның өзін жұмбақ,
қорқынышты етіп көрсетеді. «Ат тұяғынан құм сауырын ойып түскен
дөңгелек шұңқыр лезде қайта толады. Алдындағы оқ бойы озық өңшең құла ат
мінген күзет сарбаздарынан тау-тау шағылдың беткейінде шашырап қалып
жатқан көп із көзді ашыпжұмғанша-ақ ғайып болады. Сусыма құм
баянсыздықтың тылсым құдіретін танытқысы келгендей, құп-қу жүзіне жолап
кеткен сәл таңбаны жалмап жұтып жатыр. Әмірші ұлы шөлге келгелі бері оппа
құмның осы бір обыр мінезінен назарын қанша алып қашса да, құтыла алмай-ақ
қойды».
 Әмірші төрт жыл бойы жорықта жүреді. Жүз мың аттың тұяғының
баспаған жері жоқ.
Адам ғұмырын ұйтқып-ұйтқып басыла қалатын қырдың желіндей құр
әншейін өткінші нәрсеге, тұсындағы соның әрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп
тіркеп бағатын адамның жадын да мына сусыма құмдай тұрлаусыз
бірдеңеге теңейді. «Сонда анау аспан мен мынау жердің арасында
баянсыздықтан басқа ештеңенің болмағаны да. Басқасының бәрі – өткінші, тек
баянсыздық қана мәңгілік пе?» деген ойлар да келеді.


Әмірші ұзақ уақыт жорықта жүргенде, жұбайын сағынған Кіші ханым
оған арнап жұртта жоқ керемет ескерткіш салдырмақ болады. Алмас хан
білмейді. Жорықтан қайтып келе жатқанда оның көзіне алыстан бір
сырық шалынады.
Қақ төрде әлгі бір аспан мен бой таласқан көк сырық – мұнара. «Көк
масаты көйлек киген әлдебір арудың алыстан арып-ашып келе жатқан жарына
сағына қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-жұмыр, сымбатты мұнара
жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап, жарқырай түсті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет