«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Қырғыз да қарап жатпады, қазақтарға соққы беріп, оңайлықпен беріспейді



Pdf көрінісі
бет27/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Қырғыз да қарап жатпады, қазақтарға соққы беріп, оңайлықпен беріспейді:
«Оңайлықпен қазаққа
Асуды қырғыз бермеді.
Әр жерлерден құралып,
Қырғыздың қолы кернеді.
Бесінге дейін атысып,
Қазақтың әлі келмеді.
Қарабалта, Соқылық
Аңғарынан шаң асты.
Қырғыз-қазақ екі жар,
Ескі жолға таласты.
Сол уақытта хан Кене
Амалынан адасты.
Қырғызды айдап шыға алмай,
Батырлар сонда бір састы,» - деп айтылады.
Қазақтар бес күн атысып, асуды ала алмағанда «Тау басында қырғызға Бір тигізші
найзамды» деп Наурызбай тіл қатқан батыр: Бұғыбай батыр
Бұғыбай өздерінің әлдерінің келмейтінін біліп, Наурызбайға ұсынған әрекеті: ханнан ба-
рып көмек сұрауды өтінеді.
Хан Кенеге келген Наурызбайдың айтқан сөзі:
«Дұшпаннан бітсін ар, - дейді.
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал, - дейді.
Көңілің шапса, Науанжан,
Ертерек сонда бар, - дейді.
Екі-үш жүздей кісімен
Ойынды барып сал, -дейді.»
Наурызбай әскерден отыз сарбазды таңдап алып, соғысқа кіргендегі бейнесі:
«Ор қояндай бұлтиған,
Көк дөнен ат астында.
Қамзолішік құнтиған,
Ақ орамал басында.
Көрүғлыға бергісіз,
Отыз көкжал қасында.
Сол уақытта Наурызбай,
Жиырма бес жасында.»
Қырғыз халқының шайқаста күйреуін көрсететін жолдар: Найзасы қанға боялған Наурыз-
бай // Есік-ежесін қиратып, // Қырғыздың шықты дал-далы.
Хан келгенін көріп, есірген Наурызбай қырғыздарды қырып салып, мал мен дүние-мүлкін
талайды. Батырларды ар-намыстың құрбаны болуға шақырып:
«Тайынбай жауға кіріңдер,
Айбынды туған ерлерім!» - деп үндейді.
Қырғыздың қолын бастаған Кәрібоз деген кісі қазақтан көрген қорлығын тізбеле-
ген жолдар:
«Ей, Наурызбай, ер төрем,
Қарайып жүрмін қаныма!
Аза қорлық көрсетіп,
Қатты баттың жаныма.
Не жазығым бар еді


Кенесары ханыңа?»
Кәрібоздың қатуланған сөзіне Наурызбай бұрын тату болғандарын, бірақ:
«Қонысты кәпір алған соң,
Кенекем көшкен жерінен.
Бауыры суып ол жақта,
Қарашы болған елінен,» - деп, қырғызды паналаған Кенені бағаламағандарын, елшіні өз-
дерінің жолымен өлтіргенін жеткізеді.
Қырғыздарға тұтқынға түскен барлауға кеткен Кененің інісі: Ержан. Мінген аты - Бәй-
гікөк.
Наурызбай хан інісін құтқармаққа аттанады. Жекпе-жекке шақырған қырғыздарға қа-
зақтардан ешкім жауап қатпайды.
Жекпе-жекке шықпаған қазақтарға қарсы шыққан қырғыз батырлары: Байұзақ датқа,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет