«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Бидері. Наурызбайдың қырғыздармен жекпе-жекте мінген тұлпары: Ақауыз ат



Pdf көрінісі
бет28/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Бидері.
Наурызбайдың қырғыздармен жекпе-жекте мінген тұлпары: Ақауыз ат
Батырларын көрген Наурызбай қайтуға жарлық береді. Қырғыз батырларын жеңген Нау-
рызбайдың жауына жалғыз шапқан ерлігі суреттелген жолдар:
«Үшеуін шаншып өлтірді,
Бесеуі тірі, өлмеді.
Бес мергенді тірі айдап,
Ханға алып келгені.
Сегіз мылтық өңгеріп,
Тарту қылып бергені.»
Қанына қарайған қырғыз аянып тұрмай, Наурызбай батырдың атын атып құлатып, ба-
тырға ұмтылады. Қырғыз, қазақ болып, Наурызбайға таласады.
Ақауыз атына қастандық жасалған Наурызбай қайт қонған ат: Кертайлақ ат
Бірақ астына мінген атына көңілі толмаған Наурызбай қасында Ержанның бол-
мағанына өкінеді:
«Ержан болса қасымда
Бөлекше туған тұлғасы,
Болар ма едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы?!»
Дулат пен қырғыздардың бірігіп, алауыздық танытып, қазақтардың барған сапар-
ларынан оралмағанын Нысанбай жырау жырлаған жолдар:
«Қазақтың көбі қырылды,
Қанды ма екен табасы?!
Сол барғаннан төрелер,
Елге қайтып келмеген.»
Нысанбай жыраудың Кенесары, Наурызбай батыр бейнелерімен қатар, елім деп еңіреп
туған ерлер, жырдың тарихи құндылығын арттыра түскен батырлар: Шұбыртпалы Ағы-
бай, Табын Жоламан, Қабан Бұқарбай, Қыпшақ Иман (А.Имановтың әкесі), Басыға-
ра, Дулат Байсейіт, Шапырашты Бұғыбай, Сұраншы, Саурық, Сүйіндік, Жанайдар,
Арғын Жеке батыр, Талмас, Жәуке, Қанжығалы Тастан, Қаржас Сармантай, Тама
Құрман, Керейт Меңлі.
Сатқындар: Рүстем мен Сыпатай.
Ұлы жүздегі ру аттары: Дулат, Шапырашты.
Нысанбайдың абырой-беделі асқан сыншы, ақын, жыршы болғанын байқататын, «Кене-
сары-Наурызбай» жырының аяқталуы:


«Бұл қиссаны шығарған
Нысанбай деген жыршы еді,
Хан Кененің тұсында
Жұрттан озған сыншы еді,
Айтқан сөзі үлгілі
Құлақтың бір құрышы еді,
Өлең-жырға Нысанбай
Мәшһүр шешен нар еді,
Бір естіген адамдар
Сөзіне тағы зар еді,
Көзімен көріп сөз қылған
Соғыста өзі бар еді.»
« Ұлттық құндылық: Тарихи кезең ерекше көркемдікпен суреттеледі. Батырлық, ерлік
дәріптеледі.
« Түсінік+өз ойым: Бұл шығарма өзінің тарихи шындыққа негізделуімен құнды болып та-
былады. Кенесары-Наурызбай және басқа да батырлардың ерлік істері болашақ ұрпақты
отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелейді.
« Ұқсас шығарма: Ілияс Есенберлин «Қаһар»
« Тақырыбы: «Қоғалы көлдер, қом сулар»
« Идеясы, түйіні: Ерлікті, батырлықты дәріптеу.
« Тармақ, бунақ, буын саны: 14 тармақ, 2 бунақ, 8 буын
« Ұйқас түрі: кезекті ұйқас
« Әдеби теориялық ұғымдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет